Өлең, жыр, ақындар

7 санын қосу және алу

1-сынып математика

Тақырып:  7 санын қосу және алу.

Мақсат:

І. 7 санын қосу және алу жолдарын түсіндіру. Қосу сандарының орнын ауыстыру әдісіне пайдалана отырып есеп шығарудың жеңіл жолдарынан пайдалануға дағдыландыру.

ІІ. Оқушыларды шапшандыққа, әдемі жазуға үйрету.

ІІІ. Оқушылардың үйретілген түрдегі мәселе және мысал есептерін шығару дағдыларын  қалыптастыру.

Сабақ әдісі: Проблемалық, түсіндіру, сайыс.

Сабақ түрі: Жаңа білім беру.

Сабақ көрнекілігі: Компьютер, ВЕНН диограммасы, топтастыру стратегиясы, сандар, суреттер.

Себетте (қоржында) саңырауқұлақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

ІІ. Психологик дайындық. Оқушыларды психологик ойындар арқылы көңіл - күйін көтеріп жаңа сабақты бастау.

Өтілген сабақты пысықтау: (Компьютерден) «Білім абзал»  ертегісінен үзінді тыңдалады.

Мұғалім:  Ертегі не туралы екен?

Оқушы: Ертегі білім алу туралы екен.

Мұғалім: Шалдың неше перзенді бар екен?

Оқушы: шалдың 6 перзенді бар екен.

 Мұғалім: 6 саны қандай сан?

 Оқушы: 6 бір орынды жүп сан.

«Сиқырлы доп» ойыны арқылы  6 санын ауызша ерестетеміз. 6+6=12,    12-6=6,  3+3=6

Сергіту сәті:

Бір, екі, үш,

Ойға жинап күш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаңа сабақты бастаймыз.

Құрметті оқушылар!

Бүгінгі сабағымызды сайыс тәрізде өткіземіз. (Оқушыларды үш топқа бөлу)

  1. Білімділер тобы: Ұраны  

«Математика керек әр бір адамға, ақылдыда пікірді де салады жолға».

  1. Зейректер тобы: Ұраны

«Математика ақыл жаттығуы, білімділер болады оның шебері»

  1. Тапқырлар тобы:Ұраны

«Мейір қойсаң білімге, ілім тамар зейінге»

Сергіту сәті:

Мектеп бізді екеуден

Отырғызды партаға

Парталастар жарысса

Сыныпты артқа тарта ма?!

Үнтаспадан «Қаражорға» күйін қойып, оқушыларды сол музикаға билету

Жаңа тақырып:  7 санын қосу және алу.

Бірінші қосылушы 7 саны 10ға толтырамыз. Оған 3 жетпейді. 3ті екінші рқосылушы 7 ден аламыз. Екінші қосылушы 7 орнында 4 саны қалды. 7+3=10 қосынды пайда болды. 10ға 4ті қоссақ 14 болады.

Себеттегі саңырауқұлақтар арқылы түсіндіремін. Улану туралы түсінік беріп өтемін.

7+7=(7+3)+4=14

14-7=(14-4)-3=7

8+7=(8+2)+5=15

15-7=(15-5)-2=8

9+7=(9+1)+6=16

16-7=(16-6)-1=9

Мұғалім: 7 санына  байланысты кім қандай өлең және мақал-мәтел біледі?

Оқушы:

Алтауы ала болса ауыздағын алдырар,

Жетеуі түгел болса жетпегенді жеткізер.

Оқушы:

Қалпақ киіп басыма,

Белбеуімді байладым.

Қызметіңе дайынмын,

Еңбек сүйер досыңмын.

Оқушы:

Жеті ағайынды біргелікте басшысы артық болар басқасы.

Жұмбақ жауабы: Апта күндері. Ия  балалар ҚР мемлекеттік гербіндегі пырақтың мүйізі де 7 буыннан тұрады.

«Жеті атасын білмеген жетесіз» деген мақалды білдіреді.  Шеңберді айналдыру ойыны. 

 

ВЕНН диограммасы

 

  • Мен білемін.
  • Білгенімнен өзгешелеу.
  • Мен үшін жаңа
  • Мені тан қалдырды.

Кесінділер ұзындығын салыстыру.

Көк кесінді – 9 см,                9см-7см=2см

Қызыл кесінді – 7 см,            7см-3см=4см

Жасыл кесінді – 3 см             9см-3см=6см

Мәселе құрастыру және шешу.

Ас қасық - 10 дана,

Шай қасық  - 7 дана.

Шешуі:  10-7=3           Жауап: 3 дана асқасық артық.

Ой толғату сұрақтары.

Бірінші топ жетекшісі:

  1. Үшбұрыштың төрт тарапы барма? – жоқ.
  2. Ешкінің құлағы екеуме? + ия.
  3. 2+2=5 пе? –жоқ
  4. 5+2=?

2-топ жетекшісі:

  1. Квадраттың барлық жақтары теңме? + ия.
  2. Аттың төрт туяғы барма? + ия.
  3. 2-4 теңсіздік дұрыс па? – жоқ
  4. 3+5 әріп белгісі ме? – жоқ.

3-топ жетекшісі:

  1. Төртбұрыштың жақтары үш пе? – жоқ.
  2. А+7 әріптік белгі ме? + ия.
  3. Аптада 7 күн бар ма? + ия.
  4. 5<3 теңсіздік дұрыспа? – жоқ.

Ребусті шешу:

3 құдық, 5 буын, 7 ата.

Жаңа сабақты пысықтау.

7 санында неше бірлік бар? 7 бірлік бар.

7 саны тақпа, жүппа? Тақ.

7 әріптен құралған сөз айт және буынға бөл, осы сөзді қатыстырып сөйлем құра.

  1. Жаттығу. жат+ты+ғу.  3 буын. Мен жаттығу орындадым.
  2. Көбелек. Кө+бе+лек. 7 әріп, 3 буын. Гүлге келіп қонды көбелек.
  3. Әншілер. Ән+ші+лер. 3 буын, 7 әріп. Бүгін теледидардан әншілер ән салды.

Қорытынды бөлім:

Сабақ соңында оқушылардың жалпы бағалары есепке алынып жеңімпаз топ анықталады.

Сіздің жасыңыз нешеде?

7 жастамыз.

Құрметті оқушылар, қазақ математиктерінен кімдерді білесіз.

Қазақ академигі математик Қаныш Сәтбаев.

  • Ия  оқушылар біздің мектепте осы академиктің аты мен аталады.
  • Біз осымен мақтан тұтсақда болады.
  • Білімдер мемлекетінің кілті табыс етіледі.

 

Убайдуллаева  Атира Абдусаттаровна

№ 63 Қ. Сәтбаев атындағы ЖОМ

бастауыш сынып мұғалімі


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз