Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
Өткізілетін күні: 03.11.15жыл. №19
Музыка жетекшісі:Жаньярова Гүлдана Ерікқызы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Музыка»
Тобы: Ортаңғы топ
Тақырыбы: «Менің Отаным»
Мақсат-міндеттері:
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекіліктер:отан,ел,Қазақстан туралы суреттер,слайдтар,түрлі түсті жалаушалар
Билингвалдық компонент:Отан-Родина
Іс-әрекет кезеңдері |
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
«Марш»(А.Затаевич)әуенін ойнатып,балаларға әуен екпінін сезіне жүруді ұсынады. Тізені жоғары көтере нық басып,арқаларын түзу ұстауларын қадағалау. Саламатпа,балалар!Саламатсызба!Көңіл күйлерің қалай?Міне былай,міне былай,өте тамаша! Бүгін ғажайып күн,жаңа күн!Көңілді амандасып алайық! Қалғымай қолыңды созағой!Тамаша әніңді айта ғой! Балалар бүгін мен жалғыз келмедім өзімнің досымды әкелдім,кәне досым шыға қой.(Музка әуенімен Залға жіп домалап келеді.)Балалар бұл сиқырлы жіп,ол бізге көп әңгіме айтқысы келеді.(Музыка әуенімен Жіпті бұрыштағы сандыққа домалату)-Ой,мына жіп бізге бірдеңе айтқысы келіп тұрған сияқты.Мына жерде сиқырлы сандық бар екен(ішінен диск алып шығу) -Кім табады,жіп бізге не айтқысы келеді?Ол сендерге ертегі айтқысы келіп тұр екен.Ендеше тыңдайық,балалар! |
Әуен екпінімен нық басып,ырғақты сезіне жүруге талпынады.
Тізелерін көтере,мақтанышпен жүріп,өлең жолдарын қосыла айтады. Амандасады
Міне былай,міне былай,өте тамаша! |
Іздену ұйымдастырушы |
1.Бұл оқиға Қарылға әженің үйінде болған еді.Бұрышта Үлкен ескі сандық тұрды.Әже кілтті алып бұрады,сандық сықыр сыықыр етіп ашылды.Сол кезде әжесінің қасына Жасұлан деген немересі келіп .-Мұнда не бар?-деп қызығушылықпен сұрайды ол.Ескі құсқы заттарғой балам.Орамал,дастархан,және үлкен ескі кілем.Жүр бәрін жіпке іліп кептіріп алайық,әйтпесе иістеніп кетеді.Бәрін іліп болғаннан кейін,Жасұлан кілемнің қасына келіп оның әдемі суреттеріне таңдана қарайды.Суретте жасыл жайлау,гүлдер,таулар әдемі жіптермен безендірген.-Қандай әдемі кілем деп Жасұлан ойланып қалады..Бір уақытта әжесі дауыстап;Жасұлан кілемді жақсылап тұрып қақшы дейді.Жасұлан кілемге жақындап қағып қалғанда,кілем сөйлеп кетеді,ой-ой мені ұрмашы,мен сиқырлы кілем-самолетпын.Жасұлан қатты таңқалады.Бір мезетте кілем ұша жөнеледі,жүр Жасұлан мен сені әдемі елмен таныстырайын,анда әдемі көшелер,биік-биік таулар,зәулім-зәулім үйлер бар,табиғаты өте тамаша!.Ол менің Отаным!-Алақай!-деп Жасұлан қуанады.Ал,балалар ойлап табыңдаршы Жасұлан мен Кілем-самолет қай жаққа саяхат жасайын деп жатыр?Балалар: балалардың жауабы 2.Балалар бізде Жасұлан сияқты саяхат жасай аламыз.Ол үшін сиқырлы сөздер айту керекпіз. Кәне көзді жұмайық,Саяхатқа шығайық Сиқырлы әлемге еніп,көзді енді ашайық. Қолды жайып жанжаққа,құстай самғайық. Оңға қарай бұрылып,солға қарай бұрылып,. Жайлап жерге отырып,енді демалайық. (сандық жақтан тарстарс етеді) -Бұл не дыбыс екен,қарап жіберейін. Балалар мен бірге ашып ішінен кілем алып шығу. Суреттегідей кілем алып шығып,балаларға көрсетіп,суретте не бейнеленгенін сұрау. Кәне бәріміз бірге отырайыық. (Музыка әуенімен суреттер көрсету) 3.Балалар саяхат жасауға дайынсыңдарма?..Көңілді саяхат бейнефильм көрсетіледі.Саяхатымызды басқаламыз Астанада жалғастырамыз.Ғимараттар,Өзен,Зәулім үйлер,Бұл бәйтерек,түңгі қала.Мынау біздің туымыз,тудың түсі қандай?..... Елтаңбамыз,Отан қорғаушылар,марштап жатыр,бізде қосылайық.Мына жерде балақайлар әнұран айтуға дайындалып жатыр,бізде қосылып айтайық..... -Ал балалар сендер жаңа биік таудан өттіңдер,баубақша,алма ағашын көрдіңдер.Астана қаласын серуендегенде Әдемі ғимараттар,зәулім үйлер,өзен,бәйтерек т.б Сендер туды көрдіңдер,түсі қандай?Дұрыс көк,аспанымыз ашық болсын деген ниетпен жасалынған.Елтаңбаның түсі қандай? Елтаңбада шаңырақ,түндік және қанатты тұлпар еліміз мықты,батыл,тату тәтті өмір сүру үшін бейнеленген екен.Еліміз тынышболсын,әрдайым биіктен көрінейік,батыл халық,ержүрек халық болайық деген сеніммен жасалынған екен. Ән ұран ..Көңілді, салтанатты ән,елімізді,отанымызды мадақтау әні.Ән ұранның сөзін жазғандар Н.Ә.Назарбаев елбасшымыз,тұңғыш президентіміз,Ж.Нәжімеденов.Әні Ш.Қалдаяқовтыкі 4.Қараңдаршы киіз үйде біреулер бар сияқты.(Домбыра тартылады)Бұл аспаптың аты қалай?Дұрыс домбыра. Балалар домбыра ерте заманнан келе жатқан қазақтың музыкалық аспабы.Домбырамен күй,ән,терме тартуға болады. 5.Жаслан:Бұл жерде не болып жатыр өзі?Бейнефильм туға таласу.(Балалар мына баланың бұл қылығы дұрыспа?...Иә,дұрыс емес) Отанымызда көп ұлт бар,сондықтан тату тәтті өмір сүру үшін дос болу керекпіз.Бірбірімізді ренжітпеу керекпіз. Ойын: «Мен дос,сен дос» 6.Балалар сендерге саяхат ұнадыма?Ендеше сау болыңдар! 7.Дауыс жаттығуы: Даусымыз әдемі,шықсын созыла.Әндетейік енді біз.Бірге қосыла!«Ән айтам,жақсы ән айтам»Дауыс ырғақтарына мән бере тыңдалады. Ән тыңдау,жаттау: «Отан»(Д.Байтілеуов әні,Ж.Кенжегалиеваныкі сөзі)-Бұл әннің көңіл күйі қандай?- 1.Отан сөзі мәңгі өшпес із қалдырды санама От құшағын естен кетпес балаймын мен анама Отанымды әрқашанда мақтан тұтып жүремін Өз отаным отбасында бейбіт өмір сүремін. 2.Аялайды айдын көлі толқынымен тербетіп Маңдайымнан самал желі сипап өтер әндетіп |
Марш екпінін сезіне жүреді.Суреттерге назар аударып,қызыға қарайды.
Өздері білетін қалалар немесе өзі туған ауыл,қала туралы әңгімелеу.
Балалар жатқа білетін тақпақ,өлеңдерін жарыса айтады,бір-біріне қошемет көрсетіп,қол шапалақтайды.
Тақпақты қайталап айтады. Жаттауға талпынады.
«Менің Отаным»атты слайдты немесе сурет көрмесін тамашалау.
Әнді ықыласпен тыңдап,әсерленеді.
Ән мазмұнын әңгімелеп беруге әрекеттенеді.
Туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін жеткізуге тырысады.
Әннің сипатын ажыратып,мазмұнын әңгімелейді. Тез жүгіріп,ойында жеңімпаз атануға талпынады. Балалар ойынға қатысады «Мен дос,сен дос» белсенді қызыға қатысады Туға таласу ертегісін тамашалайды.Анда кім дұрыс кім бұрыс қылық жасайтынын айтады. Жасланмен қоштасады. Дауыс жаттықтыру Ән үйрену Бір сөзбен ата ойынына белсене қатысады. |
Рефлексивті коррекциялаушы |
Балаларға шеңбер бойымен жайғасып отыруды ұсыну. Ойын:«Бір сөзбен ата» Мама,папа,ата-әже,аға апа-жанұя,отбасы Кесе,қасық,тәрелке,табақ-ыдыс Бешбармақ,палау,картоп-ас,тағам Диван,отырғыш,стол-жихаз Назгүл Тілекшиевна,Асемгүл Губайдуловна,Самал Амангелдиевна-тәрбиеші апайлар Дөңгелек,үшбұрыш,төртбұрыш-пішіндер Қыркүйек,қазан,қараша-айлар Күз,қыс,көктем,жаз-жыл мезгілдері Орал,Ақсай,Алматы,Астана-қалалар Домбыра,баян,сылдырмақ-музыка аспаптары Ән,Марш,Күй,Би-жанрлар До,Ре,Ми,Фа,Соль,Ля,Си-Нота Елтаңба,көк ту,ән ұран-Рәміздер Шыңғырлау ауылы,жанұяңыз,жайлау,төлдер,домбыра,бешбармақ,таулар,орман-оның барлығы бір сөзбен Отан дейміз.Барлығына сұрақ жауап берген үшін елтаңба медаль ұсыну.Бүгін бізге қонаққа кім келді?Қандай ертегі тамашаладыңдар?Жасланмен қай жаққа саяхат жасадыңдар?Не көрдіңдер?Туымыздың түсі қандай?Ал елтаңбаның түсі қандай?Елтаңбада не бейнеленген?Әнұран көңілді әнбе көңілсіз жәй әнбе?Киіз үйде ата не тартып отыр?Домбырада не орындалды?Күй сендерге ұнадыма?Ойындар ұнадыма?Қандай ән үйрендік?Балалармен қоштасу. |
Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
Көтеріңкі көңіл күймен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:шығарманы сезіне тыңдап,әнді табиғи дауыспен орындап білуді.
Қандай түсініктерді игерді:Отан,жер,ел туралы ұғымдары кеңейді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: әуен ырғағымен ойында билеуді,әнді әуенімен айтуды.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі