Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
№121 орта мектебінің
физика және информатика пәні мұғалімі
Пірманова Гүлмира Мінажқызы
Сабақтың тақырыбы: XXI ғасыр - ақпараттық компьютер ғасыры
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен байланысты екенін көрсету, сөзжұмбақтар шештіру, танымдық ойындар арқылы іскерлікке тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, тазалыққа, есте сақтауға, ойланып ой қорытындылай білуге баулу, оқушының ақыл-ойының қалыптасуына ықпал жасау.
Дамытушылық мәні: Оқушының жігер қайраты мен жадының қалыптасуына жүйелі түрде жұмыс жасауға өз ойын дәл айқын көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, шет тілі, сурет, орыс тілі.
Сабақтың көрнекілігі: Қарапайым кескіндер мен суреттер салынған плакаттар, сөзжұмбақтар, компьютер құрылғысы
Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру
Оқушыны түгендеу
II. Қызығушылықты ояту
«Ертегіден үзінді» тыңдау
1. Ақпаратты қабылдауға, түрлендіруге және беруге арналған өзара байланысты құрылғылар тобы. /ақпараттық жасау/
2. Компьютер жадына бағдарламалар мен деректерді кодтауға және беруге арналған құрылғылар /енгізу құрылғысы/
3. Деректерді бағдармаларды нәтижелерді сақтауға арналған құрылғы /жад құрылғысы/
4. Деректерді өңдейтін және өңдеу процестерін басқаратын құрылғы /процессор/
5. Өңдеу нәтижелерін адамға қолайлы түрде шығаруға арналған құрылғы /шығару құрылғысы/
6. Құрлғылардың арасында ақпарат беруге арналған өткізгіш сымдар тобы /ақпараттық кең арна/
7. Арналуы әр түрлі бағдарламалар жиыны /бағдармаламалық құралдар/
8. Компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын бағдарламалар тобы /жүйелік бағдарламалар/
9. Деректерді өңдеуге арналған бағдарламалар /қолданбалы бағдарламалар/
10. Басқа бағдарламаларды құруға және өңдеуге арналған бағдарламалар /бағдарламалау жүйелері/
III. Сөзжұмбақ «Терезе элементтері»
1. меню жолы
2. жүйелік меню белгішесі
3. тақырып жолы
4. жұмыс алаңы
5. құрал-саймандар тақтасы
6. басқару батырмалары
7. айналдыру жолағы
8. қалып-күй жолы
9. қапшыққа ауысу
10. щекерал
IV. «Тіл өнері»
1. Жақтаулар арқылы шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ /терезе, окно, windows/
2. Графикалық редактор аты /сурет, рисунок, paint/
3. Меню жолындағы жұмыс кезінде ұқпай қалған нәрсені сұрайтын команда /анықтама, справка, question/
V. «Компьютерде сурет сала білесің бе?»
Paint графикалық редакторының элементтері:
1. Терезе тақырыбы
2. Меню жолы
3. Құрал-саймандар тақтасы
4. Жұмыс аймағы
5. Палитра
6. Қалып-күй жолы
VI. Қорытынды. «Кім жылдам?»
1. Компьютер миы-процессор
2. жақтаулармен шектелген аймақ-терезе
3. операциялық жүйе- windows
4. ақпаратты ендіру құрылғысы-пернетақта
5. ақпаратты шығару құрылғысы-принтер
6. графикалық редактор-paint
VII. Үйге тапсырма
Еркін тақырыпта сурет салу
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі