ОҚО, Абай ауданы, Шымкент қаласы
Ынтымақ елді мекені
№54 жалпы орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі: Якубова Гульчехра
Сабақтың тақырыбы: 4-ке көбейту және бөлу кестесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: 4-көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру және пысықтау, есептер шығару.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін, ауызша есептеу қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: таза, әдемі, қатесіз жазуға тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,тапсырмасы бар жазба қағаз,көбейту кестесі,
ойын «Кім жылдам»
Барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Тірек білімді өзекті ету.
А) Үй тапсырмасын тексеру.
І. Жаңа сабақты түсіндіру.
Білімді бастапқы бекіту.
Өткен материалды бекіту.
Рефлексия.
Үйге тапсырма. Оқушыларды бағалау
І. Ұйымдастыру сәті.
Тыңдаңдар қыздар,
Тыңдаңдар ұлдар.
Қолдарыңды созыңдар,
Ешқайсымыз «бес» алудан қашпаймыз.
ІІ. Тірек білімді өзекті ету.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
IV Жаңа сабақ
Кіріспе
- Балалар, бізге қонақ келді деп есептейік, сендердің әрқайсысыңа арнап дастарханға қасық, шанышқы, пышақ қойыңдар деп өтінді. Үстел басында барлығы 4 адам отырады. Неше зат алу керек?
(Балалар өзіндік нұсқларын ұсынады)
- Мен әрқайсысына бір шанышқыдан қоямын, демек, шанышқы 4 болады, бір пышақтан, олар да 4 болады, 1-қасықтан – олардың да саны 4.Демек 4∙3=12
- Мен әрқайсысына 1 қасықтан, 1 шанышқыдан, 1 пышақтан қоямын, яғни барлығы 3 зат, ал қонақтар 4. 3 данадан 4 рет аламын.
3+3+3+3=12
1. Бірінші көбейткіш 4 болғанда көбейтінділердің мәнідері табылғанына қарап, түсіну керек. Неге алдыңғы өрнектің мәніне қарағанда келесі өрнектің мәні 4-ке артық?
2. 4-ке көбейту кестесі былай құрылады.
3. Төртке бөлу кестесін құрғанда неге 4-ке көбейту кестесін пайдалануға болады?
4-ке бөлу кестесі
16:4=4 себебі 4∙4=16
20:4=5 себебі 5∙4=20
24:4=6 себебі 6∙4=24
28:4=7 себебі 7∙4=28
32:4=8 себебі 8∙4=32
36:4=9 себебі 9∙4=36
6. Кестені толтыр:
Сергіту сәті.
Бір-иілеміз, шалқаямыз,
Екі – алақанды үш соғамыз.
Басымызды үш изеп,
Төрт дегенде қол созамыз.
Бес, алты дегенде,
Орнымызға отырамыз.
- Балалар төрт санына қатысты қандай ұғымдарды білеміз?
- Дүние 4 бұрышты: оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, біз бұны дүниетану сабағында өткен болатынбыз.
4-мезгіл: қыс, көктем, жаз, күз
4 түлікті атаймыз: ойсыл қара, қамбар ата, сексек ата, зеңгі баба
- Қазақ елі монументі 4 бөліктен тұрады: Тұңғыш президент, Қаһармандық, Жасампаздық, Болашақ
Деңгейлік тапсырма.
1-деңгей.
1. Көбейтуге берілген мысалдарды қосумен алмастыр да нәтижені есептеп шығар.
3∙2= 2∙3= 4∙3= 7∙2=
2. Теңдеуді шеш:
Х+8=15 18-а =9
3. Қабырғалары 3 см шаршының периметрін тап.
2- деңгей
1. Мысаладарды шығар
725+175= 1000-430= 514+486=
2. Теңдеуді шеш:
Х-320=445 825+х =950
3. 1 сыныпта 24 оқушы, ал екінші сыныпта одан 4 оқушы кем. Екі сыныпта барлығы неше оқушы бар?
3-деңгей.
1. Мысалдарды шығар:
318+645= 289+637= 100-777=
2. Теңдеуді шеш:
415-х=256 х+383 =117
3. Оқушылар кеудешесі 850 теңге, ал белдемше одан 150 теңге арзан тұрады. Ал қыз сөмкесі белдемшеден 130 теңге қымбат. Сөмке неше теңге тұрады?
7-мысал
1. Дәмханада 8 үстел бар, әр үстел басында 4 адам отыр. Дәмханада неше адам отыр?
2. ТЖО-да 4 доңғалақты 6 машинаның доңғалақтары ауыстырылды. Барлығы неше доңғалақ ауыстырылды?
8-мысал
Теңдеулерді шеш:
а∙4=16 х:4=6 4∙с=24 36:х=4
9-мысал
1. Қабырғасының ұзындығы 4 сантиметрге тең шаршының периметрін тап.
2. Периметрі 24 сантиметрге; 32 сантимертге; 28 сантиметрге тең шаршының қабырғасынаң ұзындығын тап.
V. Үйге тапсырма
№ 10, №11 есептер. 4-ке көбейту кестесін жаттап келу.
VI Оқушыларды бағалау.
Рефлексия.
Теңдік тура болатындай әйнекшеге сандар жаз.
А= 9-6=?+?
Р= 7-3 =?+?
Т= 5-3 =?+?
М= 9-1 =?+?
Қ= 8-3 =?+?
Е= 4-3=?+?
4 |
3 |
5 |
7 |
1 |
2 |
Р |
А |
Х |
М |
Е |
Т |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі