Хайруллина Бибинур Тукашевна
№12 бастауыш мектеп
Жаңаөзен қаласы
Сабақтың тақырыбы: «5 санының құрамы»
Сабақтың мақсаты:
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: кеспе сандар, жапырақтар, слайдтар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа жинақтау.
Психологиялық дайындық «Санамақ».
Бір дегенім – білім.
Білімсіз жоқ күнім.
Екі дегенім-елім,
Туған жерім-көлім.
Үш дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім – бақыт,
Бағалайтын уақыт.
«Ой қозғау» кезеңі
Ойын: «Көршіңді тап»
Ойын: «Күзгі жапырақтар» (әр оқушыға жеке жапырақтар таратылады)
Оқушылар ауызша орындайды. Өрнекті дұрыс оқып айтылуы тексеріледі.
1+2 = 3 (Бір мен екінің қосындысы үшке тең) 4+0=4 1+1 =2
4-2= 2 (Төрт пен екінің айырмасы екіге тең) 3-1=2 2-2=0
«Ой дамыту» кезеңі
5 санының құрамы туралы түсінік беру, үйрету.
Сергіту сәті. «Көңілді балапан» электронды оқулық.
Мұғалім: Біз өткен сабақта 5 санын 4-ке 1-ді қосу арқылы шығарып алдық.
Ал Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» өлеңінде бес асыл іске жақын болуды және бес нәрседен қашық болуды айтады.
Бес нәрседен қашық бол.
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз
Өсек, өтірік, мақтаншақ
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз
Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз.
Оқулықпен жұмыс
№1 және №2 тапсырманы ауызша орындату.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу: «5 саны»
№3 тапсырма. Өрнек құрастыру.
№4 тапсырма. Сандарды салыстыру.
Шығармашылық тапсырма:
Рефлексия. Бекіту. Бағалау.
Үй тапсырмасы: №5 (Кесінді сызу, салыстыру).
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі