Текелi қаласының №4 балабақшасы КММ-нің
Тәрбиешici: Матахбаева Сауле Касымхановна
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Таным.
Бөлімі: Қоршаған орта. Экология.
Тақырыбы: Су. Жер асты сулары
Мақсаты:
Білімділік: Су. Жер асты сулары туралы еске түсіру. Картадан су түрлерінің белгілерін анықтау (өзен, көл, теңіз, мұхит ). Өзен мен көл мәліметі (сызбалармен жұмыс). Дамыта оқыту қағидаларын басшылыққа ала отырып, өзен мен көл туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық: Әсемдікке, жинақылыққа, дәлдікке, сұраққа жауап беруге үйрету.
Тәрбиелік: Танымдылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбер
Қанатымды жазамын
Жоғары, төмен қағамын.
Биік көкке айналып
Жұлдыздай жылдам ағамын.
Судың түстері қандай жағдайда өзгереді?
Тапсырмамен жұмыс:
Мен нені білемін?
Мен нені білдім?
Нені білу керек?
Балалар, өзен, көл туралы білетіндерін хабарлайды.
Жер асты суы өзен (бойында қалалар, өнеркәсіп, қатынас жолы, су электр станциясы) көп.
Картамен жұмыс.
Қазақстандағы өзендер: Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, т.б.
Каспи теңізі емес, көл. Өйткені, оның мұхитқа жалғасы жоқ. Құрлықтағы сулар көл деп аталады. Ал, осыған жақын орналасқан «Қара теңіз»- көл емес, анық теңіз! Себебі, ол бұғаздар арқылы Жер Орта теңізіне жалғасып атлант мұхитқа шығады.
Көлдер тау қуысының дала мен шөлді жерлердегі ойыстардың суға толуынан пайда болған.
Далада көл суларының мөлшері, тереңдігі, қасиеттері әр түрлі.
Көл сулары – түсі ашық, күңгірт, ақшыл болады.
Сұрақ – жауап:
Көл сулары неліктен азаймайды?
Балалардың жауабы.
Мысал: Үш бала орман ішімен келе жатып, орманнан сылдырап аққан суға кез болады. Айналасы қалың жапырақты ағаштар, суы мұздай салқын, мөп-мөлдір, әдемі тап – таза екен. Әлгі үш бала судың жанына келіп әңгімелесе бастайды. (Әрі қарай балалар жалғастырады).
Қорытынды:
Бүгін біз не білдік?
Не үйрендік?
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі