Сабақтың тақырыбы Paint графикалық редакторында бояу құралын пайдалану.
Сабақтың мақсаты
а) Paint графикалық редакторы және құралдар тақтасының атқаратын қызметі туралы түсінік беру. Бағдарламаны іске қосу жолдарын үйрету Геометриялық фигураларды компьютердің көмегімен салуды үйрету.
б) Есептеу техиникасында геометриялық фигураларды, әр түрлі суреттерді салуды үйрете отырып. Олардың бойындағы қабілеттерінің дамып көрінуіне және алған білімдерін жеткізе білуге, іс жүзінде жүзеге асыруға, яғни өз бетінше ойлау, жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
в) Оқушыларды көпшіл болуға ,ұйымшылдыққа, еңбекті суюге, ұқыптылыққа, дәлдікке, адамгершілікке, өзін- өзі басқаруға және өзіндік танымдық қызмет жасай алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Paint графикалық редакторының құралдары,слайд,таратпа парақша
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Практика элементтері бар түсіндірмелі баяндау сабағы
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.
Психологиялық дайындық (2-3 минут)
Сабағымызды бастамас бұрын психологиялық дайындалып жіберейік. «Жақсы сөз жанымызды жадыратады дегендей, қане бір бірімізге алақанымызды беріп, бір бірімізге жан жылуымызды сыйлайық». «Бірлік жоқ болса , ұйымшылдық жоқ, ұйымшылдық жоқ болса күйің жоқ», «Береке басы –бірлік»
Топпен жұмыс Оқушыларды екі топқа бөлу (2-минут)
І-топ « Paint» тобы
ІІ-топ «Графика» тобы
Үй тапсырмасын тексеру (10минут)
Алма ағаштағы алманы жинау. Сұраққа жауап берген оқушы алманы өз тобының шелегіне салады. Қай топтың шелегіндегі алма көп болса, сол топ бағаланады.
Үй тапсырмасы бойынша қайталау сұрақтарын қойып жіберелік.
Қане кім айтады?
4.Алгоритм дегеніміз не?
5. Алгоритмнің түрлерін ата?
6. Тармақталу алгоритм дегеніміз не?
7. Циклдік алгоритм дегеніміз не?
8. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
9. Атқарушы роботтың командалар жүйесі дегеніміз не?
10.Кері әрекет дегеніміз не?
Жаңа сабақ түсіндіру (15-20минут)
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы Paint-графикалық редактордан бояу құралдарын пайдалану. Қане оқушылар Paint сөзін түсініп алайық. Paint ағылшынша сөзі аударғанда сурет, сурет салу деген. Яғни Paint сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға және дайын суреттерді өзгертуге мүмкіндік береді.
Paint графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.
Әрекеттер тізбегін мына түрде жазамыз.
Пуск Все программы Стандартный Paint
Сурет салунегізгі кезеңдерден тұрады.
1 Құралды таңдап алу
2 Сызықтың қалыңдығын қылқаламның түрін немее төртбұрыштың типін тағайындау.
3 Кескін түсін таңдау.
4 Фонның түсін таңдау.
Бояу үшін құю құралын пайдаланамыз. Оның көмегімен тұйық контурды бояуға болады. Егер контур тұйық болмаса,сендер осы құралды қолдансаңдар, онда бояу бүкіл экранға төгіледі.
Paint графикалық редакторын ашып балдарға бояу құралдарын пайдаланып сурет салғызу.
Бүріккіш құралы бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады.
Қылқалам (кисть) ерікті сызықтарды салуға, бояуға болады.
Сергіту сәті (5-минут)
Өткен сабақты еске түсіреміз. Әжеміздің сандығында не барын білу үшін құлыпты ашу керек. Ол үшін бізге кілт керек. Кілтті табу үшін алгоритм бойынша тізбек құру керек.
Тапсырма (5-6 минут)
Paint графикалық редактордың батырмалары.
Мына парақшадағы суреті қандай қызмет атқаратынын бос жолаққа жазу.
Сабақты қорытындылау Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою
Paint дегеніміз не?
Paint сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?
Paint программасы қалай іске қосылады?
Үйге тапсырма
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі