Сабақтың тақырыбы: Мал шаруашылығы
Сабақтың мақсаты: Мал шаруашылығы туралы түсінік беру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ойлау әрекетін дамыту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, СТО, топтастыру, синквейн.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, қима суреттер, топшамалар, ырымдар мен тыйымдар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:
Хормен: Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз,
Сәлем бердік сіздерге
Басты иіп бәріміз.
Психологиялық танымдық:
Мақсаты: Білім алу
Міндеті: еңбек ету. Еңбектену арқылы 5-ке қолды жеткізу.
Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызда білімімізді көрсетейік.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
«Кім көп біледі?» ойыны. Сұрақтар қойылып, жауаптар алынады.
ІІІ.Жаңа сабақ: Жұмбақтар жасыру арқылы сабақ тақырыбын ашу.
Қояды екен әр шаруа
Қазығына құт байлап.
Қанша құйып алсаңда,
Сарқылмайды сүт, қаймақ. /сиыр/
Қос қанжар мүйізі бар,
Күн тисе жалтыраған. /Ешкі/
Келеді бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. /Түйе/
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. /қой/
Көкке шаншып құйрығын
Келеді шауып жүйрігім. /жылқы/
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
а/түсіндіру.
Қазақстанда мал шаруашылығы жақсы дамыған. Республикамызда мал жайылатын жайылымдар көп.
Сиыр – ірі қара малға жатады. Одан ет,сүт, тері өнімдері алынады. Терісінен киім, аяқ киім тігетін былғары иленеді. Сиыр жылына бір бұзау туады. Содан кейін барып, ірі мал жейтін азыққа ауысады.
Қой мен ешкі /ұсақ мал/ барлық жерде өсіріледі. Қойдан ет, май, сүт, жүн,тері алынады. Қойдың жүнінен жіңішке жіп иіріледі. Жіптен жүн мата тоқылады. Жүн көрпеге салуға, киіз, текемет басуға пайдаланылады. Киізден сырмақ сырады.
Ешкінің түбіті иіріліп,одан киімдер, бөкебай тоқылады. Қой бір немесе екі қозы туады. Ешкі де бір-екі лақ туады. Қозы мен лақ алдымен енесінің сүтімен қоректенеді, содан кейін барып жемшөп жей бастайды.
Қазақ халқы ежелден жылқыға үлкен құрметпен қараған. Оны көлік ретінде пайдаланған, жүк тасыған, атқа мініп, елді жаудан қорғаған.
Жылқы шаруашылығында жылқының әртүрлі тұқымдары өсіріледі. Олардың еті мен сүтін пайдаланады. Аңыз – жырлардағы батырлардың тұлпарлары оларды қиын – қыстаудан алып шығатын сенімді серігі болған. Қобландының Тайбурылы, Қамбар батырдың Қарақасқасы, Ақан есірінің Құлагері – сондай қасиетті жылқылар.
Түйенің бір және қос өркешті түрлері бар. Бір өркешті түйені нар деп атайды. Түйелер күні бойы шөп пен жантаққа жайылады. Түйе екі жылда бір рет боталайды. Ботасы әлсіз болып туады. Оған көп күтім керек. Ол енесін 18 ай бойы емеді. Адам түйеден шұбат, түбір ,ет алады. Ертеде адамдар әрбір түліктің иесі бар деп түсінген. Сондықтан төрт түліктің иелерінің әрқайсысына «Малымызға ауру, індет жіберме, одан сақтай гөр, малымызды өсімтал ет» деп өлең сөзбен тіл қатады, тілек айтады
Жылқы – қамбар ата,сиыр – зеңгі баба, қой-шопан ата,түйе-ойсыл қара,ешкі –сексек ата.
ә/Оқушыларға тізбектей оқыту.
«Үй жануарларының кереметі»
Халқымыз ертеден ақ ауа-райын бақылаудың қарапайым әдіс тәсілдерін білген. Далада қой бағып, қой мен бірге ой бағып жүрген қазақтың қариялары ауа – райының өзгерістерін аң – құс, жайылым шөп алдында жүрген малының мінез – қарекетін бақылап, салыстырып ой – түйген.
Үй жануарлары ауа-райы құбылыстарына келгенде тым аңғарымпаз екен. Кешке малдың барлығы бір бағытта күйсеп тұрса, келер күні сол жақтан боран тұрады. Мал қай жаққа арқасын салып жатса, жел сол жақтан соғады.
Жылқы бір жылдық ауа-райын, қой жарты жылдық, сиыр екі – ш күндік ауарайын болжай алады.-дейді.
Жылқы:
Түйе:
Қой:
Сүмбіледе су салқындайды. Осы кезде қойлар топтанып жайылады.
Сиыр:
Ешкі:
Суыққа шыдамсыз бақылдауық сексек тұқымды ешкіні өріс танитындығы, дәрілік шөптерді таңдай тауып жеп, отар-отра қойларды бастай алатындығы үшін бағалаған. «Ешкі майы тез қатады» деп қанша қашқақтаса да, дәрілік шөптерді теріп жейтін ешкінің еті де, майы да, сүті де шипа. Сол себепті жас нәрестелерге көбіне ешкі сүтін береді.
Шығармашылық тапсырма:
Оқушыларға топшама үлестіру. Адасқан сөздерді орнына келтіріп, оқу.
№1
Малды, өріске,атам,жайды.
№2
Лақ ,тастан-тасқа,енесіне,секірді,еркелеп.
№3
Өте, қымызы, пайдалы,жылқының.
№4
Шыдамды,түйе,мал,шөлге.
№5
Момын, қой, мал.
№6
Әдемі, біздің, қошақан, бар, үйде.
№7
Өркешті, нар,дейміз,бір,түйені.
№8
Қыста, жем-шөп, малды,баптайды,беріп.
№9
Жүйрік,жылқы,мал,өте.
Қазақы ырымдар мен тыйымдар:
Сергіту сәті.
Сәйкестендіру:
Сиыр Ойсыл қара
Жылқы Сексек ата
Түйе Зеңгі баба
Қой Қамбар ата
Ешкі Шопан ата
«Кім зерек» тұжырымдама айту келіссе – қол көтеру, келіспесе-екі жаққа созу.
1.Сиыр – ірі қара мал.
2.Қазақстанда мал шаруашылығы дамымаған.
3.Қой мен ешкі – ұсақ мал.
4.Екі өркешті түйені нар дейміз.
5.Жылқы сүті – қымыз.
6.Түйе шөлге шыдамсыз.
7.Қой –өте момын.
8. Түйе ботасы енесін ембейді.
9.Жылқыны көлік ретінде жүк тасыған, атқа мініп, елді жаудан қорғаған.
10.Сиырдың баласы – лақ
11.Қойдың баласы қозы.
12. Түйе сүті – шұбат.
13.Үй жануарларының өте пайдалы.
14.Қой бір немесе екі қозы туады.
Мақал – мәтелдер:
Теңге тиыннан өседі.
Сөз қанаты – хат.
Мал – бала.
Өзеннің көркі тал.
Азаптан құтқарады.
Атадан бала озады.
Ағаш атасы – шынар.
Жылқыда күйсемек жоқ.
Сүт кетпейді шарадан.
Ақты төкпейді.
Өнімі оның көл көсір.
Доп ойнаған тозар
Бәрінен де қой бағып,
Құйрық жеген озар.
Құстың бәрі сұңқар болмас.
«Бұл қай жануар?» суретпен жұмыс.
IV. Қорытынды: Синквейн:
Не? Мал
Қандай ? Пайдалы,шипалы
Не істейді. Өседі, жүгіреді,көбейеді.
Сөйлем: Мал асыраған пайдаға кенеледі.
Сөз: Жануар.
Үйге тапсырма: Мал шаруашылығы
Мұратжан
Менің мал шаруашылығ мен аиналысқым келет Түие көмек қолын созам деушілерге алғысым шексіз 87757481379