Өлең, жыр, ақындар

Жиырма тиын. Ж.Кәрбозин

Ақтөбе қаласы
№10 жалпы білім беретін орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Отаралина Орынгүл Мухиядиновна


Мақсаты: Жәнібек Кәрбозиннің  “Жиырма тиын” әңгімесі бойынша білім беру
Міндеттері: 
Білімділік мәні: Оқушыларды  мәтіннің, мазмұнының негізгі идеясын ашуға жағдай жасау, өмірімен байланыстыру мәтінді дұрыс әрі түсініп
оқуға үйрету, мәтін авторы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық:  Мәнерлеп оқи білуге, тілін, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік мәні: Адамгершілікке, бірін-бірі сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге, айтқанын тыңдауға, қамқор, жанашыр, әділ болу, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Венн диаграммасы, топтастыру, Блум таксономиясы, теріп алу, сұрақ-жауап, Семантикалық кесте, топпен жұмыс
Көрнекілік: Оқулық, инерактивті тақта. Автор суреті, мақал-мәтелдер
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, математика
 Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 

1.Оқушылардың бір-бірімен  ұлттық амандасу. Оқушыларды түгелдеу, оқу–құралдарын түгел болуын қадағалау, оқушы назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық: 
Келіңіз, төрлетіңіз!
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Сәлемдесіп үлкендермен
Бас иеміз біз!
ІІ. Ой қозғау. Өткенді еске түсіру

ІІІ. Жаңа сабақ.
Мағынаны тану:
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
1. Қызғушылығын ояту:    
2. Мақал-мәтелдердің  жалғасын тап.
                       1. Дұшпан күлдіріп айтады,
                           Дос жылатып айтады.
                      2. Жүз сом ақшаң болғанша,
.                        Жүз досың болсын.   
3. Дос туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
4. Қарамен жазылған сөзге мән берейік. Сол сөздерге мәндес сөз айтып көрейік.
Жүз сөзіне мәндес сөз айтып көрейік. Адамның жүзі, пышақтың жүзі, үш жүз кіші, орта, ұлы жүз. Сан жүз үш таңбалы. Жүз теңге
Сом, ақша, тиын теңге. 1993 жылы 15 - қарашада еліміздің төл ақшасы дүниеге келді. Бұрын сом, тиын десек, қазір өзіміздің төл теңгеге ауыстық.
Теңге авторы Тимур Сүлейменов 1943 жылы 14 ақпанда туылған.
20 теңге 2007 жылы 30 наурызда бекітілген.
Біз тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін теңгені тиын түрінде қолдандық. Тиын көрсету. (Кеңес Одағы кезіндегі жиырма тиын)
5. Оқулықпен жұмыс: Жәнібек Кәрбозиннің «Жиырма тиын» әңгімесі 

1. Жәнібек Кәрбозин өмірі. Ақын, 1933 жылы 15 мамыр күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында туған. 1953 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. «Кербақбай», «Қолғанат», «Қарабек пен қарақшы» т.б. балаларға арналған пьесалар жазды. Оның балаларға арналған «Бәйшешек», «Менің шеберханам», «Ысқырық», «Біздің Бекен қайда екен?», «Біздің ауыл балалары» сияқты өлең жинақтары бар.

2. Мәтінмен жұмыс:     
1) Мәтінді мәнерлеп оқу. (іштей оқу)
2) «Болжау» стратегиясын пайдаланып мәтінді 3-бөлімге бөлу.
3) Бөлімдерге тақырып қою.
1-бөлім: 
2-бөлім
3-бөлім: 

3. Дәптермен жұмыс: Сөздік жұмыс:                

4. Милығына- «милық» - Маңдайдың бас киім жауып тұратын жері.
       Тымақ  -  аң терісінен тігілген суықта киетін бас киім.


5) Сегіту сәті:
     Кім үлкенді тыңдаса,              Үлкен болған кезінде
     Кім үлкенді сыйласа,              Сыйлы болмақ өзі де.

IV. Жаңа білімді түсінгенін тексеру: Топтық жұмыс:
I - топ. Венн диаграммасы
Алтай                                                      Асан
Мейрімді бала                                        өз басын ойлайды
Қамқорлы дос                                         кетіп қалады
Көмектесті
II - топ. «Теріп алу» стратегиясы бойынша Алтайға мінездеме беру.
Ақылды,мейірімді, адамгершілігі мол,тіл алғыш,қайырымды, ата-анасын тыңдайтын, құрметтейді  
III - топ. Семантикалық кестемен жұмыс.
Іс-әрекет сөзі,  кейіпкер
Қанат
апасы
Алтай
Асан
Дүкенге барып келе ғойшы.
Үнемі маған:
«Бар,бар!» дейсіз
Осы араға тиынымды жоғалтып алдым!
Мен қалтамдағы 20 тиындықтың біреуін оған ұсындым
Рахмет! Жақсылығыңды ұмытпаспын
Дұрыс істегенсің.
Мұның
адамгершілікке жатады
V. Ойтолғаныс:  
Сәйкестендіру: Ақша – тауар  алмасу  құралы.
Қазақстан -- доллар, теңге
АҚШ--- рубль, доллар
Ресей---  теңге,рубль
Қытай -- -риал. юань

Ал сендер қандай теңгелерді көп қолданасыңдар?
Ақша не үшін қажет?
Тауарға төленеді
Қызметкерге төленеді
банкте сақталады
еңбек етіп табасың
Блумның таксономиясы:         
1. Жетекші сұрақтар:Алтайдың апасы қайда жұмсады? Ары қарай не болды?
2. Түсіндіріп талдау сұрақтары: Қай жері қызықты болды?
3. Жинақтау сұрақтары: Оқиға неге бұлай аяқталды, басқаша аяқталғанда не болар еді?
4. Өзіңнің қолыңда  жетпіс теңгең бар болса, қанша нан алуға болады?
VІІ. Қорытынды. Бүгін сабақтан қандай әсер алдыңдар?
- Нені оқып үйрендік?  Ж. Кәрбозиннің  «жиырма тиын» әңгімесімен таныстық.
- Ақшаның  түрін таныдық.
- Қайырымды қамқор болуды үйрендік
- Сонымен балалар , «Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді,жаман күліп кетеді» сондықтан балалалар жаман қасиеттерден аулақ болуымыз керек екен. Бір–бірімізге көмектесіп тұрумыз керек екен.           
ІХ. Үйге тапсырма: Әңгімені түсініп оқу. 
Х. Бағалау: бағалау парақшасымен


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз