Өлең, жыр, ақындар

Бояулар сыры

«Құлыншақ» тобының тәрбиешісі Эшназарова. К.Т

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті «Шығармашылық»

Білім беру саласы: Сурет, жапсыр, мүсіндеу, дәстүрлі емес сабақ.  

Тақырып: «Бояулар сыры»

Мақсаты:

Білімділігі: Балаларға қылқаламсыз сурет салуға болатынын айтып түсіндіру. Бояу түстерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Балалардың ұсақ қол маторикасын және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа және қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу

Қолданылатын әдіс-тәсіл: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тосын сәт, өз беттерімен жұмыс жасау.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, дәндер, түрлі-түсті қағаздар, мата, желім, ермексаз, түйме, дайын пішіндер.

 

Іс - әрекет кезеңдері

     Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындық.

Жылулық шеңбері.

Қуан шаттан,

Қуан шаттан,

Қуанатын күн бүгін!

Қайрлы таң,

Қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін!

Қайырлы таң достарым!

Балалар бүгінгі күніміз ерекше болмақ.

Балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге қонақтар келіп қалыпты ендеше қонақтармен амандасамыз.

Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

 

 

 

Балалар

қимыл-қозғалыс арқылы жылулық шеңберін жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар келген

қонақтармен

 амандасады.

Ұйымдастыру – іздестіру

Тосын сәт:

Хат тасушы кіріп келеді.

Сәлеметсіңдерме балалар.

Бұл «Балбөбек» бөбекжайына келдім бе?

Тәрбиеші: Иә

Хат тасушы:        

Маған «Құлыншақ» тобы керек еді?

Тәрбиеші:

Сіз «Құлыншақ»тобына келіп тұрсыз.

Хат тасушы:       

Сендерге«Ғажайыптар әлемінен» сәлемдеме беріп жіберді соны  алып  келдім. Апайларыңа беремін бірге ашып көресіңдер.

Хат тасушы:

Мен  сәлемдемелеріңді жеткіздім.Тағы сәлемдеме  апаратын жерлерім бар.

Сау болыңдар.

 

Тәрбиеші:

Балалар қанекей бәріміз ортаға жиналамыз. Бізге не беріп жіберді екен бәріміз бірге көрейік.

Балалар бізге «Ғажайыптар әлемінен» тапсырма беріп жіберіпті.

Тапсырманы орындауға дайынсыңдар ма?

Балалар үш топқа бөлінеді.

Суретшілер шеберханасы.

Коллаж шеберханасы.

Мүсіншілер шеберханасы.

 

Суретшілер шеберханасына қылқаламы жоқ екен. Ендеше суретті қылқаламсызда салуға болады екен. Тапсырма су бояу арқылы саусақ және алақан арқылы сурет салу.

 

Мүсіншілер шеберханасы қатты қағазға ермексаз жағылған. Сол ермексаздың үстіне түймелерді орналастыру арқылы  және дәндерден гүлдерді мүсіндейміз.

 

Коллаж шеберханасына тапсырма дайын пішіндерді  қағазға жапсырамыз. Көктем мезгіліндегі алма ағашының  гүлдену бейнесін жапсырасыңдар.Ұжымдық жұмыс.

 

Балалар өз жұмыстарын аяқтағанша келген қонақтарға да  тапсырма берейік.

Сіздер балалалық шақтарыңызға саяхат жасаңыздар, сүйікті ойыншықтарым, ертегі кейіпкерлері не болмаса ең алғаш салған суреттеріңіз.

Алдарыңызда түрлі-түсті қарындаш пен қағаздар тұр.

Балалар қанеки болсақ жұмысымызды  әрқайсымыз көрсетіп қандай сурет,

 мүсін, коллаж жасағандарыңды айтып түсіндіреміз.

 

Тәрбиеші:

Балалар шаршаған боларсыңдар

Енді бойымызды сергітіп алайық.

 Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып-жұмамыз.

Мынау сары қарандаш,

Бұнымен күнді бояймыз.

Мынау көк қарандаш,

Бұнымен туды бояймыз.

Мынау қызыл қарандаш,

Бұнымен гүлді бояймыз.

Тәрбиеші:

Балалар біздер келген қонақтарға да тапсырма бергенбіз қанекей сол кісілерді тыңдайық.

 

 

Балалар назар аударады

Балалар сәлемдеседі.

 

 

 

 

 

 

Балалар қызығушылық танытты.

 

 

 

 

 

 

Балалар қоштасады.

 

 

 

Балалар ортаға жиналды қорапқа қызығушылық танытады.

 

 

 

Балалар дайын екенін айтты.

 

Балалар өз қалаған жұмыстарына қарай отырды.

Балалар алақан мен саусақтарын бояуға батыру арқылы көгершіннің және күннің суретін бейнелейтінін білді.

 

Балалар ермексазға

түймелер мен дәндерден гүлді

жасайтынын

білді.

 

Балалар берілген тапсырманы бірлесіп орындайды.

 

 

 

 

Келген қонақтарға тапсырма беру.

 

 

 

 

 

 

Балалар жасаған жұмыстарын

жеке-жеке таныстырады.

 

 

 

Балалар қимыл-қозғалыс жасау арқылы, тәрбиешімен бірге сергіту сәтін

 жасады.

 

 

Келген қонақтар салған суреттерін қысқаша таныстырып өтті.

Балаларға келген қонақтар салған суреттеріне қызыға қарады.

Рефлексивті - түзетушілік

Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?

 

Балалар «Ғажайыптар әлемінен» Хатшы не әкелді?

Балалар қорапшада қандай тапсырмалар алып келді?

Балалар сендерге ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?

Балаларды мадақтау.

Балалар осымен бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды.

 Келген қонақтармен қоштасамыз

Қош сау болыңдар.

Балалар  хатшы және апайлар келгенін айтты.

Балалар қорапша әкелгенін айтады.

Балалар біздерге сурет салу, жапсыру, коллаж

және дәндер арқылы жасалынатын тапсырмалар  әкелгенін айтты.

Балалар қатты ұнағанын айтады.

Балалар келген қонақтармен қоштасады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Алақан арқылы, саусақ арқылы сурет салуға болатынын біледі.

Қандай түсініктерді игереді: ұжымдық жұмыс, 

Жасай алады: Желім, мата, түймелер, дәндер, дайын пішіндер, су бояу жұмыс жасай алады.                                                                                                               


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз