Тараз қаласының №21 Балабақшасы
Ортаңғы «Ботақан» тобының тәрбиешісі: Болатаева Мейржан Нурпетовна
Тақырыбы: «Алтын күз» мезгілі (Сурет бойынша әңгіме құрастыру)
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Денсаулық».
Бөлімдері: Тіл дамыту, Сурет.
Тақырыбы: «Алтын күз» (Сурет бойынша әңгіме құрастыру)
Мақсаты:
A) Балаларды күз мезгілі бейнеленген суреттерді қолдана отырып, сурет мазмұнына қарай әңгіме құрауға үйрету.
«Ұ» мен «у» дыбыстарын дұрыс айтуды үйрету. «Ұ» мен «у» дыбыстарына жаттығу жасату.
Ә)Балаларды айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беруге деген білігін дамыту.
Б) Балаларды бірлестіріп жұлмалау әдісі бойынша күз бейнесін бейнелеу, ұжымдық жұмысты ұйымшылдықпен орындауға дағдыландыру.
Көрнекілігі: Күз мезгілінің суреттері, атрибуттар, текше, топтастыру, дидиактикалық ойындар, слайд, жел, боран дыбыстары, себет, жемістер, «Бағбан» ата.
Жеке жұмыс: Даниил мен Сафураның қазақша сөздік қорын молайтуға ықпал ету.
Билингвизим: күз-осень, жапырақ-листья, жаңбыр-дождь.
Сөздік жұмыс: уылдырық, уық, бұлбұл, Ұлпан.
Оқу іс-әрекет түрі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
М.Қ. |
«Сәлем сөздің анасы» демекші, олай болса, балалар келген қонақтармен сәлемдесіп алайық. |
-Ұл-қыз сәлем береміз, Өнегелі өренбіз. Білер қазақ баласы, «Сәлем сөздің анасы» Сәлеметсіздер ме, қонақтар! |
Ұ.І. |
-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізді ойынмен бастасақ, ендеше мен сендерге сұрақ қоямын, сендер қай мезгіл екенін айтып беріңдер. Дидактикалық ойын:«Қай жыл мезгілі?» -Дүниенің бәрі сары алтынға боялады. Ол қай мезгілде болады? -Күн суытып, жер, үйлер ақ көрпе жамылады. Ол қай мезгілде болады? -Жан-жануарлар ұйқысынан оянып, жерге көк шығып, төрт түлік төлдеп, құстар ұшып келеді. Ол қай мезгілде болады? -Ең жақсы уақыт, балалар ұзақ уақытқа демалысқа шығады, суға шомылып, саяхатқа шығамыз. Ол қай мезгілде болады? Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы. Мінекей сендер жылдың төрт мезгілін атап шықтыңдар. Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде «Күз» мезгілімен танысамыз. Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер жауабын тауып көріңдер. Жиып-теріп болатын, Қамбаға астық толатын. Қызыл қырман ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың? -Күз айларын кім атап бере алады? -Күз мезгілінің ерекшеліктерін кім біледі?
-Балалар, жауын жиі жауады дедік. Ендеше жауын қалай жауады? Оның дыбысы қандай? -Салқын жел қалай соғады? /желдің дыбысын қою/ -Оның дыбысы қандай? -Ал егер де жел қатты тұрса, оны қалай атаймыз? -Оның дыбысы қандай? «У» дыбысына жаттығу жасату. У-у-у-у-у-у-уылдырық У-у-у-у-у-у-уық Балалар мен сендерге өлең оқып берейін, сендер мұқият тыңдаңдар. «Жайлау көркі». /Т.Тәжімбетов/ Табиғат әлемі, Гүл толған әдемі. Ұйқы ашар сағаттай, Бозторғай әуені. -Бозторғай дегеніміз не? -Өлеңде бозторғай құсының ән салғаны жайында, гүлдердің көп болып өсуі туралы айтылған. Бұл қай мезгіл? «Күзде» /Т. Молдағалиев/ -Бұлбұл қайда әнімен, Оятатын тербетіп. Теңселеді алып емен, Жаңбыр жауды желдетіп. -Бұл қай мезгіл? Балалар, «Бұлбұл» - құстың аты. Кәне қайталайық. «Ұ» дыбысына, дұрыс айтылуына жаттығу орындау. Ұ-ұ-ұ-ұ-ұл Ұ-ұ-ұ-ұ-Ұлпан Ұ-ұ-ұ-ұ-ұйқы Бұл-бұл-бұл-бұлбұл Бұ-бұ-бұ-бұзау -Балалар, «Ұ» дыбысы ауыздан еш кедергісіз, емін-еркін шығады. Ойын:«Жапырақтар жинау» Шарты: Тәрбиеші балаларды іздейді. Желдің дыбысы қойылады, «желдеткіш» жапырақтар арқылы жапырақтар жерге ұшып түсе бастайды. Балалар қолдарына екі жапырақтан алып, беттерін жауып тығылады. -Жапырақ, жапырақ балаларды көрдің ба? -Жапырақтар қолдарың бар ма? -Жапырақтар аяқтарың бар ма? -Жапырақтар бастарың бар ма?
-Жапырақтар көздерің бар ма? -Сендер жапырақтар емес, балалар екенсіңдер гой. Мен сендерді тапқаным қандай жақсы болды. Сендерді желмен ұшып кетті ма деп, қатты қорықтым.
-Осы кезде музыка әуенімен «Бағбан ата» кіреді. Қолында жеміс тола себеті бар. Балалармен сәлемдеседі. -Балалар сендер бүгін көңілді сияқтысыңдар ғой. Ал менің бүгін керісінше көңіл-күйім болмай тұрғаны. -Балалар мен келе жатқанда алай-дүлей жел тұрып, жаңбырлатып, алдымнан «Боран» шықты. Ол маған мына жапырақтарды берді. Бұл жапырақтарда «Боранның» тапсырмалары бар. Боран осы тапсырмаларды орындауымды бұйырды. Егер де орындамасам «Боран» тұрып, бау-бақшамды қиратып, жеміс ағаштарын сындырып, зиян тигізуі мүмкін. Олай етсе, балалар, келер жылы жеміс-жидексіз қаламыз ғой. Мен сендерден көмек сұрай келдім. «Боранның» тапсырмаларын бірге орындасақ қайтеді? Көмектесесіңдер ме? 1-ші тапсырма. «Боран» бізге жұмбақтар жасырыпты, жауабын тауып көрейік.
Астында қызыл дәу жатыр.
Татқан жанды таңырқатты.
-Балалар, бәріміз бірге сергіп алайық: Сергіту сәті: Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Ой, алақай тамаша Шашу шашты жапырақ Бақтың іші алаша Ойнар едім жатып ап. -Балалар, мен «Күз» жайлы тақпақтар тыңдағым келеді.
Ендеше, балалар, атайға күз жайлы тақпақтар айтып берейікші.
-Ой, қане қандай тамаша тақпақтар айттыңдар. Жарайсыңдар! Енді ойын ойнап тастайық балалар.
Ойын: «Табиғат құбылысы»
-Жел тұрды:
-Аспанда бұлт пайда болды.
-Жаңбыр жауа бастады.
-Жаңбырдан кішкене көлшік пайда болады.
3-ші тапсырма: -Маған көкөністер мен жемістерді ажыратып, олар жайлы тақпақ айтып беріңдер. /атрибуттармен/
4-тапсырма: «Жемістер мен көкөністерді атап бер» Д/О: «Қайда өседі?» Мақсаты: балаларды жемістер мен көкөністерді ажырата білуге, олардың қайда өсетіндігін анықтай алуға үйрету. -Балалар, сендер білімдеріңнің арқасында менің бау-бақшамды «Бораннан» құтқарып қалдыңдар. Рахмет сендерге.Мен сендерге риза болдым. Сендер өте білімді, алғыр екенсіңдер. Мен мына себет толы жемістерді сендерге беремін.
Сөздік жұмыс: уылдырық, уық, бұлбұл, Ұлпан.
Билингв. сыңары: күз-осень, жапырақтар-листья, жаңбыр-дождь.
|
-Күз мезгілінде болады. -Ол қыс мезгілінде болады.
-Көктем мезгілінде болады.
Жаз мезгілінде болады.
-Күз мезгілі. -Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. -Күн салқындайды, жапырақтар сарғайып түсе бастайды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, салқын жел соғады, жауын жиі жауады. -Жауын сіркіреп, себелеп жауады. -Тырс-тырс, тырс-тырс. -У-у-у -Оны боран деп атаймыз -Уууууууу
-Бозторғай бұл-құс
-Жаз мезгілі жайында айтылған.
-Күз мезгілі.
Балалар хормен қайталап, жаттығу жасайды. Ұ-ұ-ұ-ұ-ұл Ұ-ұ-ұ-ұ-Ұлпан Ұ-ұ-ұ-ұ-ұйқы Бұл-бұл-бұл-бұлбұл Бұ-бұ-бұ-бұзау
Бастарын «жоқ» белгісі ретінде қозғайды.
Бір қолдарын көтереді. Бір аяқты көтереді. Бастарын «жоқ» белгісі ретінде қозғайды. Көздерін көрсетеді.
Балалар ойыннан көтеріңкі көңіл-күй алды.
Балалар қызығушылық танытады. Балалар да «Бағбан» атамен сәлемдеседі.
Балалар «Бағбан» атаны мұқият тыңдайды.
«Бағбан» атаға көмектесуге келісті.
Жұмбақтың шешуі: -қарбыз
-өрік
-қызылша
-қызанақ
-Алма
Балалар қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.
Балалар тақпақтарды айтады: Маржан: Жаңбырың сіркіреп, Келгенің қызық-ау. Аружан: Алтын күз бізге келді Жаңбыр мен жел әкелді. Тырс-тырс-тырс, тырс-тырс-тырс. Мақсат: Бақшада бос атырап Тербеледі жапырақ. Шу-шу-шу, шу-шу-шу Тербеледі жапырақ
-балалар шеңбер бойлап тұрады. -бір бала жел боп ұшыпкеліп, балаларды айнала жүріп жел дыбысын салады. -балалар қолдарын жоғары созып, алақандарын беттестіреді.
-бір бала тұрса, екінші бала отырып, «тырс-тырс» жаңбыр дыбысын салып орындайды. -қолдарынан ұстап, иректеліп отырып-тұрып толқынды келтіреді.
-Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Санжар-алма: Пісіп тұрған алмамын, Тамсандырар бал дәмім Жерге сілкіп түсірме, Ісіп кетер маңдайым. Нұрдәулет-алмұрт: Тіл үйірген алмұртпын, Таңсығымын бар жұрттың. Қараса оған салғырт кім. Қарақат-сәбіз: Кім бар сәбіз шырыны Жастайынан ішпеген. Мені жеген адамдар, Кем болмайды күшке де. Альбина-қияр: Дәмім тілді үйірген, Мен тұздалған күйімде. Жаңа піскен кезімде, Жейді бәрі сүйсіне.
Балаларды жемістер мен көкөністерді ажырата білді. Балалар қуанады. Қайталайды: уылдырық, уық, бұлбұл, Ұлпан.
Қайталайды: күз-осень, жапырақтар-листья, жаңбыр-дождь. |
Р.Т. |
Балалар, «Бағбан» атаға біз де сыйлық дайындасақ қайтеді? -Олай болса, балалар екі топқа бөлініп, бірінші топ көкөністерден салаттар, екінші топ атамызға «Күзді» бейнелеп берейік. 1. «Бағбан» ата сыйлыққа үлкен рахмет айтып, қоштасып кетеді. Мақтау, мадақтау. -Балалар, бүгін біз не өттік? -Қандай дыбыстармен таныстық? -Бізге қонаққа кім келді? -Оқу іс-әрекет сендерге ұнады ма? -Қандай жұмыс орындадық? -Балалар, оқу іс-әрекетімізді «Күз береке» әнімен аяқтайық. |
Балалар тәрбиешімен келіседі. Екі топқа бөлініп жұмыстарын ұйымшылдықпен орындайды. -«Күз» мезгілін өттік. -«У», «ұ» дыбыстарымен таныстық. -Қонаққа «Бағбан» ата келді. -«Күзді» бейнелеп, салаттар жасадық. Балалар әнді тәрбиешімен бірге орындайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Күз мезгілімен мезгілінің айырмашылығын ажыратуды.
Игереді: «У» мен «Ұ» дыбысын дұрыс айтуды.
Меңгереді: Суретке қарап әңгімелеуді және сурет салуды. Салатты жасай білуді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі