Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
"Манашы бөбекжайы" МКҚК
Тәрбиеші: Төреханова Қамар Қонысбайқызы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Бейбітшілік-бірлікте»
Мақсаты: Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихатау. Балаларды Отанды қорғауда Отанына қызмет етуге тәрбиелеу. Балалардың ойлау, қиялдау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер: Көгершін, слайд, шар, күн, гүлдер.
Әдіс тәсілі: Түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.
Іс-әрекеттүрі |
Тәрбиешініңіс-әрекеті |
Балалардыңіс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңбер: Ақ көгершін, көгершін, Қол қанат құс сен едің. Бар кезіп қайт, ел үшін, Кең дүниенің көлемің. Әділеттің құсы деп, Көз алмастан жолыңнан, Ұшырамын қолымнан. Балалар бүгін бізде ерекше күн бізге қонақтар келді. Қонақтармен амандасамыз. |
Шеңбер бойымен тұрып, өлең жолдарын қайталайды.
Қонақтармен амандасты. |
Ұйымдастыру- іздестіру |
Балалар бүгін бізде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде: «Бейбітшілік» тақырыбында әңгімелесеміз. -Балалар біз қай елде, қай Республикада тұрамыз? -Қазақстанның Елордасы қай қала? -Қазақстан Республикасы елбасы кім? -Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл? -Қазақстан Республикасында қандай ұлттар тұрады? -Қазақстан Республикасында көп ұлтты адамдар қай тілде сөйлеседі? Қазақстан Республикасы бейбітте, байтақ, кеңпейіл, қонақжай ел. Біздің елімізде мақтан тұтатын ағаларымыз, апаларымыз көп. Олар Отан үшін аянбай еңбек етуде. Біздің көп ұлтты еліміз көршілес елдердің басына ауыр күн туған кездерінде көмегін беруден аянбаған. Мысалы: Чернобыль-Украинадағы шағын қалалардың бірі. Мұндағы атом электр станциясы 1971 жылы салына бастаған. Жоспар бойынша 6 энергия блогының барлығы іске қосылған жағдайда ол Еуропадағы ең алып атом электр станциясына айналуы тиіс еді. Апатты жағдай бәрін бұзды. 1986 жылы 26 сәуір Мәске уақыты бойынша түнгі сағат 23 минут 58 секундта әсем де ежелгі Киев қаласынан небәрі 157 шақырым қашықтықтағы Чернобыль атом электр станциясында адам айтқысыз алапат апат болды. Талайдың тағдырын шайқаған Чернобыль апатын залалсыздандыруға Кеңес Одағы бойынша 276 әскери бөлім қатысқан. Солардың ішінде әскерде жүргендері бар, азаматтық борышын бұрын өтегендерден қайта шақырылғандары бар, жалпы алғанда 30 мыңнан астам Қазақстандықтар бір кісідей жан алмай ат салысты. -Балалар сендер бейбітшілік туралы тақпақтар білесіңдер ме? Сергіту сәті: «Мен қазақпын» музыкалық әуенімен қимыл қозғалыстар жасау. Дидактикалық ойын: «Күннің шуағы» Ойынның мақсаты: балалардың «соғыс», «бейбітшілік» туралы білімдерін бекіту. Ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Балалардың қиялын, ойлау қабілетін дамыту. Ойынның шарты:Күннің нұрын бұлт жауып қалған. Күнді бұлттан құтқару үшін, сұрақтарға жауап беру керек. Түгел сұраққа жауап берген кезде, күн бұлттан шығып, нұрын шашады. Сұрақтар: 1. Біздің мемлекетімізде қандай ұлт өкілдері өмір сүреді? 2. Сендер соғысты не үшін жек көресіңдер? 3. «Бейбітшілік құсы» қандай құс? 4. Отан деген не? Шығармашылық жұмыс: «Тілегіміз бейбіт күн» |
- Қазақстан Республикасы - Елордамыз - Астана
-Қазақстан Республикасы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев -Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі. - Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Қазақстан Республикасында көп ұлтты адамдар қазақ, орыс, ағылшын тілінде сөйлеседі.
Назерке: Бейбітшілік құсы, ақ көгершін, Дидар: Қазақ елі қашаннан да жыр елі, Айнұр: Достығымыз жарасқан, Ақсезім: Дос болайық бәріміз, Самал: Бейбітшілік ұраны,
Ән әуенімен әннің мазмұнына сай қимыл-қозғалыстар жасады. Балалар біргелікте қима суреттерден Бейбітшілік бейнесін бейнелейтін қима суреттерді таңдап жапсырады. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Қорытынды: Тәрбиеші балалардан бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерімен бөліседі. Балаларды мадақтап ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды. |
Балалар өздерінің алған әсерлерімен бөлісті. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Чернобель апатының салдарын.
Нені игереді: Бейбітшілік символы патриоттық сезімді.
Нені біледі: Отанды құрметтеуді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі