Өлең, жыр, ақындар

Чернобыль апаты кеше, бүгін, ертең...... (Чернобыль апатына 30жыл)

Оқушыларға Чернобыль апатының кешегісі мен бүгінін сонымен қатар ертеңі яғни болашағы туралы жан-жақты ақпарат беру. Апатты жоюға аттанған батырларымыздың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау.

Бекітемін:___________             
Мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей     Сыныбы: 8  кл.       Сынып жетекші:  Төлегенова Ғ.Т.

Чернобыль апаты  кеше, бүгін, ертең......
(Чернобыль апатына 30жыл)

Тәрбие сағаты тақырыбы:  «Чернобыль апаты кеше, бүгін, ертең.....»
Мақсаты : Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау.
Cабақтың түрі: ақпараттық ашық тәрбие сағаты
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Чернобыль апатының салдары, тигізген зияны мен зардаптары көрсетіліп, елімізден аттанған ерлігі өшпес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске аламыз.
ІІ. Тәрбие сағат жоспары:
1.Чернобыль апатының шығу тарихымен танысу
2. «Ерлік кездейсоқ болмайды» апаттың бейне көрінісі.
3. «Қасіретке айналған алапат жарылыс» слайд шоу көріністері

    Чернобыль апатының салдары, тигізген зияны мен зардаптары көрсетілген, елімізден аттанған ерлігі өшпес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске аламыз.

1-оқушы: 1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының 4 блогы жарылып, реактор істен шықты.Апат салдарынан радиоактивті заттар, соның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып 10-нан аса мемлекеттің жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті.  Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз.
2-оқушы: Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 28 жыл толады. Осыдан 6 жыл бұрын Астанада Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлерге ескерткіш ашылды. 1986 жылы сәуір айындағы Чернобыльдегі апат әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға қаншама адамның тәнін ғана емес, жүрегінде де жара қалдырды.
3-оқушы: Чернобыль-Украинадағы шағын қалаалардың бірі. Мұндағы атом электр станциясы 1971 жылы салына бастаған. Жоспар бойынша 6 энергия блогының барлығы іске қосылған жағдайда ол Еуропадағы ең алып атом электр станциясына айналуы тиіс еді.Апатты жағдай бәрін бұзды.
4-оқушы: 1986 жылы 26 сәуір Мәскеу уақыты бойынша түнгі сағат 23 минут 58 секундта әсем де ежелгі Киев қаласынан небәрі 157 шақырым қашықтықтағы Чернобыль атом электр станциясында адам айтқысыз алапат апат болды.
5-оқушы: Талайдың тағдырын шайқаған Чернобыль апатын залалсыздандыруға Кеңес Одағы бойынша 276 әскери бөлім қатысқан.Солардың ішінде әскерде жүргендері бар,азаматтық борышын бұрын өтегендерден қайта шақырылғандары бар, жалпы алғанда 30 мыңнан астам Қазақстандықтар бір кісідей жан аямай ат салысты.
Радиацияның адам ағзасына әсері қандай?
Мамандардың айтуынша, радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір ке-дергісіз ене береді. Ал одан қор¬ға¬ныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғы¬лым мен медицина әзірге таппай келеді. Сондықтан адам өзінің сәуле¬лен¬генін сез¬бейді. Радиация қуаты денеге енгенде ет пен тері ауырмайды. Ондайда бүкіл дененің жасушаларындағы атомдар қозғалады да, биохимиялық процес¬тер өзге¬реді. Оның соңы ағ¬заның тұ¬тастай жүйесі бұзылуына, іш¬кі органдардың іс¬тен шыға бастауына апарып соғады.
 Ми, жыныс без¬дері, аш ішек, сілекейлі жер¬лер, тамыр жүйесі, ағзаның эн-до¬криндік мү¬шелері, қалқанша безі, бауыр, бүйрек радиацияны тез сезіп, қабылдауға бе¬йім.  
 
    Радиоактивті сәу¬леленген адам өмір бо¬йы түрлі жұқпалы аурулардан, қоздырғыш таяқшалардан қорғанып жүруге мәж¬бүр. Себебі иммундық жү¬йенің жасушалары тез қы¬рыла бастайды. Ақыры ағза жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмай қалады. Радиация іш¬тегі шарана мен жаңа туған нәрестенің иммундық жүйе¬сін жойып жібереді.
    Ғалымдар адам ағзасы шамамен 10 триллион жасушадан тұ¬ратынын айтады. Ағза сәулеленгенде миллион жасушаның қалпы айнып, оның әрбірі қатерлі ісікке ду¬шар болады. Ондай жасушалар саны жылдам көбейе бас¬¬тайды. Нәтижесінде ісікке бой алдырған жасушалар ар¬тып, оның соңы аты жаман ау¬руға алып барады.
Иммундық жүйе адам ағ¬за¬сына сәуле өткенде ғана емес, өзге де себептерден зар¬дап шеге береді. Күнде¬лікті өмірде адам өте аз мөл¬шерде болса да сәуле¬леленеді екен. Радиоактивті сәуле денеге ғарыштан, та¬ба-нымыздың астындағы жерден, радио, теледидардан, компьютерден, сондай-ақ өн¬діріс орындарынан енеді.
ІІІ.Қорытынды
Чернобыль реакторындағы алапат апаттың орын алғанына ширек ғасыр өтті. Алайда оның зардаптары әлі күнге дейін толастаған жоқ.
Чернобыль атом электр станциясындағы 1986 жылғы 26 сәуірдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құрамындағы 32 мың қазақстандық болды.
Чернобыль апаты күллі адамзаттың қасіретіне айналды. Онда қазір радиация деңгейі төмендегенмен, қорғаныс шаралары әлі сол қалпында қалып отыр.
«Чернобыль апаты қазақстандықтардың жүрегінде әлі күнге дейін сақталуда», — деп атап  Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Пікірлер (2)

Gaini

Ашық тәрбие сағатын суреттерімен ұсынылып отыр.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз