Шығыc Қазақстан облысы
Үржар ауданы, Науалы ауылы
Науалы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі: Сулейменова Бахытгуль Абылхаковна
Мақсаты: дененің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 3 тексеру.
ІІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:
- «Компьютер» дидактикалық ойыны. Мұғалім тапсырмалар тізбегін оқиды, оқушылар жауабын айтады.
7 200 : 8 + 100 – 190 : 9 ∙ 1 000 = 4 000
8 ∙ 50 + 1 000 : 2 ∙ 8 – 5 000 : 2 ∙ 7 = 2 100
- Көркем жазу минуты.
- 57 615 санын жазыңдар. Сандардағы толық ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар, ондық мыңдарды атаңдар.
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.
№ 1. Көлемнің өлшем бірліктерін есіңе түсір.
Кестеден геометриялық денелердің атауын оқыңдар. Артық сөзді тап. (параллелепипед, текше, шаршы. Артық сөз: шаршы. Өйткені шаршы – жазық фигура, ал қалғандары – көлемді денелер). Қандай фигуралардың көлемін есептеуге болады.
Мұғалім артық фигураны табуды ұсынады. Тақтаға сурет ілінеді. Текшенің неге артық екенін дәлелдейді (барлық фигуралар жазық, ал текше – көлемді)
«Көлем» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Көлемдері әр түрлі қораптарды алып, олардың көлем жағынан үлкен, кіші екендігін салыстыру.
№ 1(ә). Салыстыр. 5 м3 > 5 000 000см3 10 000 см3 > 5 дм3 5 см3 = 5 000 мм3 т.с.с.
№ 2. Жұптық жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.
12м3 = 12 000 000см3 8 000 000мм3 = 8 000см3 12дм3 = 12 000см3 т.с.с.
Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару:
№ 3. Ауызша салыстыру.
№ 4. Топпен жұмыс. 1-топ – № 4(а), 2-топ – № 4 (ә), 3-топ – (б).
1 топ: V= 50м ∙ 10м ∙ 2м = 1 000м3 (көлемі)
50м ∙ 10м = 500 м2 (бассейннің түбінің ауданы)
50м ∙ 2м = 100м 2 (бассейіннің бір бүйірінің ауданы)
10м ∙ 2м = 20м2 (бассейіннің екінші бүйірінің ауданы)
2топ: V= 7м ∙ 5м ∙ 3м = 105м3 (бөлменің көлемі)
S = 7м ∙ 5м = 35 м3 бөлменің еденінің ауданы.
3 топ: S = 12м2 V= 12: 3 ∙ 2 ∙ 3 = 24 м3
Һ = 2м
В = 3м
V= ?
№ 5. Тіктөртбұрыштардың белгісіз қабырғасы мен периметрін тап.
Ұзындығы |
Ені |
Ауданы |
Периметрі |
12см |
7см |
84см2 |
38см |
16мм |
5мм |
80мм2 |
42мм2 |
35м |
20м |
700м2 |
110м |
№ 6. Топтық жұмыс.
І топ: Ш: 958 – (429 + 297) = 232 (бастауыш сынып оқушылары)
ІІ топ. Ш: 78 – ( 15 + 15 ∙ 2) = 33 (см) (үшінші қабырғасы )
ІІІ топ. Ш: 5т = 5 000кг. 5 000 – 900 кг ∙ 3 = 2300 (кг)( картоп қалды.)
ҮІ. Бекіту. № 7. Жұптық жұмыс.Өрнектерді жаз және олардың мәнін тап.
(750 – 50) : (25 ∙ 2) = 14 960 : (45 : 15) = 16 404 : (200 + 2) = 2 т.с.с.
Шығармашылық тапсырма. № 9. Кезекпен жазып өрнек құру.
23 + 67 + 159 + 41 = 290 23 + 111 + 159 + 7 = 300 23 + 441 + 159 + 267 =890 т.с.с.
ҮІІ. Үйге тапсырма: № 7. 37- бет. Бағалау
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі