Өлең, жыр, ақындар

Cүтқоректілер класының жалпы сипаттамасы

Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп гимназиясы биология пәнінің мұғалімі Сералиева Мариям Сералықызы

Пәні: Биология

Класы: 7 «а»

Пән мұғалімі: Сералиева  Мариям Сералықызы

Сабақтың тақырыбы:

Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасы.

Мақсаты:

Білімділігі: сүтқоректілер тобына жататын жануарлардың ерекшеліктерімен танысады, жануарлардың топтарға қатынасын анықтауды үйренеді.

Тәрбиелілігі: Жан – жақты терең, еркін ойлауға, ұстамдылыққа, өз ойын бөлісуге, өзгенің де  ойын тыңдай  білуге тәрбиелейді;

Дамытушылығы: ойлау, есте сақтау қабілеттері, зейіні, ой-өрісі, пәнге деген қызығушылығы дамиды

Оқыту нәтижесі

-Сүтқоректілердің тіршілік ортасы, сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері туралы білетін болады;

-Бұрыннан білетін білімдерін пайдалана отырып жаңа материалдарды игереді;

-Сыни ойлай алуға дағдыланады, өз бетінше жұмыс жасауды, өзін - өзі бағалауды және сыныптасын бағалай алуды үйренеді

Әдіс-тәсілдері

АКТ пайдалану,СТО.топтық жұмыстар,анықтау,талдау,ауызша баяндау

Пәнаралық байланыс

География, Биология, әдебиет

Уақыты

Ресурсы

                 Мұғалімнің іс-әрекеті

   3минут

Нұсқау жазылған интерактивті тақта

Қатысушылар

Оқушылармен амандасу,түгендеу,назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық «Көңіл-күйлерің қалай?»

 5 минут

Интерактивті тақта

Үй тапсырмасы

«Аукцион»әдісі. Әр оқушыға теңге беріледі.Оқушы сұрағына жауап берсе,теңгесі өзінде қалады,жауап бере алмаса, басқа оқушыдан сұрақтың жауабын теңге беріп,сатып алуға болады

  1. Құстың қауырсындары қандай қызмет атқарады?

Жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі.

2.Құстың қаңқасы қандай болады? Қаңқасы өте жеңіл болғандықтан,ауада оңай қалықтауға көмектеседі

 3. Қандай құс ұша алмайды?(пингвин- қанаты болса да, ұша алмайтын, тұрып жүретін жалғыз құс)

4.    Құстар қалай жүреді? Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғы аяқ-қолдары қанаттарға айналған   

5. Төс сүйегі жалпақ әрі оның қыры болмайды,ұша алмайды, бірақ құрлықта өте жылдам жүгіретін құстарды қалай атаймыз?

Қыртөссіздер немесе жүгіретін құстар.Бұларға:түйеқұс,страус,нанду жатады

6. Қосарлы тыныс алу дегеніміз не? Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет (дем алған кезде және дем шығарған кезде) тотығады.

7. Ширақ балапанды құс. тауық тәріздестер.

8. Құстардың зәр шығару мүшелерінің қандай ерекшеліктері бар? қуық болмайды

  2минут

Қағаздар

Топқа бөлу. «Мозайка» әдісі арқылы 2 топқа бөлінеді

I-топ-Кенгурулер

II-топ-Дильфиндер

3минут

Интерактивті тақта

Қызығушылығын ояту. Аңыз

Бір күні жылқы күнге келіп:

-Мені одан да сұлу, аяқтарымды ұзын, әрі жүйрік етші, -дейді екен. Сонда жаратушы күн жер бетіне түйені түсіреді екен. Содан кейін жылқыға:

-Сенің тілегіңді орындасам сен осындай боласын, -  деп түйені жер бетіне түсіреді. Сонда жылқы түйені көріп қорыққаннан дір ете түседі екен. Сол күннен бастап  жылқы түйені көрсе дірілдейді  екен.

 

Жаңа тақырыпты дәптерге жаздыру

 

15минут

Биология оқулығы

ББҮ кестесін толтырады.

Білемін

Білгім келеді 

Үйрендім

 

 

 

 

 

Мағынаны тану. Электронды оқулық

 

Жаңа тақырып бойынша оқушылар сұрақтар дайындайды

 

5минут

Интерактивті тақта

Білгенге маржан.

Сүтқоректілерде өздерінің тіршілік ету барысында ұйықтайды, теңіз шошқалары небары 3 -4 минут көздерін жұмып тынығады, ал пілдер біреулері ағаштар мен үй қабырғаларына сүйеніп ұйықтаса, біреулері жатып ұйықтайды. Олар тек ауырған кезде тұрып ұйықтайды. Ал маймылдар жапырақтар мен шөптерден төсеніш салып 10 - 12 сағат ұйықтайды, ал жираф болса  20 минут ғана ұйықтайды. Аю, жолбарыстар шалқасынан жатып алдыңғы аяқтарын төсіне қойып немесе басына жастанып ұйықтайды.

 

Ең ақылды жануарлар (адамды қоспағанда)

Шимпанзе

Горилла

Орангутан

Дельфин

                     Буаздықтың ең ұзақ мерзімдері

Сүтқоректілердің баласының іште дамуы көп уақытты алады: адамда 9 ай болса,ірі сүтқоректілерде одан да көпке созылады

Піл

660күн

Кит

500 күн

Морж

480күн

Мүйізтұмсық

450күн

Керік

430күн

 

7минут

Интерактивті тақта

Ой қорыту

Биологиялық диктант.

Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым саласы................... деп аталады. (Тириология)

Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын ........... пайда болған. (көкет)

Ауыз қуысында .............. сілекей бездерінің өзектері ашылады. (3-4 жұп)

Сүтқоректілердің .......... өте жақсы дамыған (иіс сезуі)

Сыртқы және ортаңғы құлақ арасы ......... бөлінген. (дабыл жарғағымен)

 

Дәптермен жұмыс .Терминдермен жұмыс жаздыру

Сүтқоректілер-жануарлар дүниесінің жоғарғы сатыдағы тобы, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар

Тириология- Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым саласы.

ілкіаңдар- жұмыртқа салатын сүтқоректілер

көкет- сүтқоректілердің кеуде мен құрсақ  қуыстарын бөліп тұрады

 Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілер - көртышқандар, соқыр-тышқандар, қалталы көртышқандар жатады.

Құрлықты мекендейтін сүтқоректілер - Антарктидадан басқа құрлықтарда кеңінен таралған.Олар ашық жерлерде, бұта мен ағаш арасында, кейде ағаш басында кездеседі

Сүтқоректілер - дара жынысты. Олар іштей ұрықтанады

Суда, жер астында тіршілік ететін сүтқоректілерде құлақ қалқаны болмайды

Жер бетінде тек сүтқоректілердің ғана денесін түк (жүн) басқан. Қыстың суық айларында кейбіреулерінің жүні қалыңдайды. Сұтқоректілерді «жылықандылар» дейді, себебі кез-келген ауа райында олардың денесі, термос сияқты, біркелкі температураны сақтап тұрады.

Жер үсті сүтқоректілерінің төрт аяғы болады. Ал теңіз сүтқоректілерінің аяқтарының орнына – жүзбеқанаттары болады

2минут

 

Бағалау. Өзін-өзі бағалау парағы

 

3минут

 

Рефлексия.Смайлик арқылы көңіл-күйлерін көрсету

 

            Үйге тапсырма

Сүтқоректілер туралы қызықты мәлімет жазып келу

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз