ОҚО, Бәйдібек ауданы, Екпінді ауылы
Қ.Байменоа атындағы жалпы орта мектептің
технология пәнінің мұғалімі Нысанбекова Айгүл
Сабақтың тақырыбы: «АИТВ/ЖИТС-пен ауырған адамды қоғамнан алшақтату керек пе?
Мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.
Сабақтың түрі: дебат сабақ
Көрнекіліктері: сызбалар, плакаттар, баяндамалар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.
Мұғалім: Қош келдіңіздер, бүгінгі сабаққа жиналған қауым! Сіз бен біз бүгін 10-сынып оқушылары арасындағы «АИТВ/ЖИТС-пен ауырған адамды қоғамнан алшақтату керек пе?» атты дебат сағатына жиналып отырмыз. Бұл сабақтың мақсаты – ХХІ ғасырдың індетіне айналған ЖИТС, оның қалай жұғатыны, одан қалай сақтану керектігі туралы түсінік беру; темекі, арақ, нашалардың зияны, өмірге қауіпті, тіпті ұрпақтарына қауіп-қатер екенін айту; жаман әдеттен өзін аулақ ұстайтын, болашақтың тірегі болатын дені сау азамат тәрбиелеу.
Ендігі сөз кезегі сынып оқушыларында.
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз 10-сынып оқушыларының арасында «АИТВ/ЖИТС-пен ауырған адамды қоғамнан аластату керек пе?» тақырыбында пікіралысқалы отырмыз. Осы сабаққа шақырылған қонақтармен таныстырып өтейін:
1. Мектеп директоры Жорабеков Сәлкен ағай
2. Мектеп инспекторы, полиция лейтенанты Серіков Алмас ағай
3. Ауылдық аурухананың бас дәрігері Алданазаров Ақылбек ағай
4. Мектептің медбикесі Байысбекова Бағила апай
5. Мектеп ұстаздары мен 9-11 сынып оқушылары
2-жүргізуші: «Денсаулық ауадан аумайды, барында оны кім аңдайды»дегендей, денсаулықты оп-оңай жоғалтып алуға болады, оны қайта қалпына келтіріп, түзету өте қиын. Әдетте денсаулықтың қадірінадам ауырғанда білетіні өкінішті –ақ. Денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы – зиянды, жат қылықтарға үйренбей, салауатты өмір сүру.
1-жүргізуші: Расында да оқушылар арасында темекі шегу, арақ ішу сияқты зиянды әдеттердің жылма-жыл етек алып келе жатқаны жасырын емес. «Шылымшы – өзін көрге тығушы»дейді дана халқымыз. Маскүнемдік, темекі, нашақорлық ұлтымыздың ертеңіне қауіп төндіруле. Оның қасіреттілігі – денсаулықты нашарлатып, адамды аздыруда.
2-жүргізуші: Сол себепті де осы отырыста өз ойларыңызды, сіздерді толғандырып жүрген мәселелерді толық шешуге, қиналған сұрақтарыңызға қатысып отырған қонақтарымыздан жауап алуға болады.
1-жүргізуші: Алдымен «ғасыр дерті» деген не, соған тоқталып өтейік. Оқушылардан қандай жауап болар екен.
Дұрыс айтасыздар! Ғасыр дерті дегеніміз қазіргі таңда бүкіл әлемге кеңінен қанат жайып, ушығып тұрған арақ, темекі, есірткі, СПИД мәселелері. Ендеше алдыңғы кезекте темекінің зиянына тоқталайық.
2-жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», - деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтқан.
1-жүргізуші: Ал енді темекі, темекінің зияны туралы зерттеу жүргізген «Денсаулық» тобына сөз кезегін береміз.
Бұл отырған шылымқор, сорады кеп шылымды ол,
Қанша айтсаң да алмайды, «тартпа» деген тіліңді.
Қой десең де қоймайды, көк түтінге тоймайды,
Сора-сора уыты өн бойына жайлайды.
Кірпік әсте қақпайды, жөтел қысып жатпайды,
Шылымсыз тек жүрмейді, жоқ боп қалса тілдейді,
Бірақ оның зиянын білсе-дағы білмейді.
Бұл тыңдағандарыңыз шылым шегудің зияны туралы әннің бір шумағы. Бүгінгі әңгімеміз осы қоғамдық құбылыс туралы болмақ. Темекі шегу сәнге берілу ме, әдет пе, әлде ауру ма? Сол туралы болмақ. Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой-өрісі дамыған, мәдениетті адамға шылым шегу жараспаған. Ал кісі өліміне апаратын жаман әдет қайдан келген? Ол туралы бізге тобымыздың тарихшысы айтып береді.
Тарихшы: Темекі адамға ерте кезден бастап белгілі болған, оны діни ғұрыптарға
пайдаланған. Еуропалықтардың шылым шегуге қатысты тарихы былайша басталған. Христофор Колумбтың әйгілі «Пинта» кемесінің матросы Родриго Грианна «Алда жер көрінеді» депе айғай салады. Олар бейтаныс құрлыққа келгенде Колумб бұл жерді ғажайып Үндістанның шығыс жағалауы деп ойлады. Осы жерде жергілікті тұрғындар Колумбқа басқа сыйлықтармен қатар «Ретум» деген шөптің кептірілген жапырақтарын ұсынады. Олар күнге кептірілген осы жапырақтарды түтікше тәрізді етіп орап шегеді екен.
Еуропалықтарға темекі шегуді үндістер үйреткен, олар темекі түтіні арқылы масаларды қуған. Үндістердің ер адамдарымен қоса әйелдері мен балалары да темекі шеккен. Колумбтың матростары достастық белгісі ретінде «өмір түтігін, яғни темекіні шеккен».
Тағы бір тарихы мәліметтер бойынша сөйлесек, Үндістер меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танау арқылы ішке тартып, соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екн. Париждегі португалдық елші Жан Нико темекінің Еуропаға ерекше тез таралуына себепкер болғаны соншалық, темекінің адамға әсер ететін уы «никотин» аталып кеткен. 1560 жылы француздың әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрә-дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылық құмарлығын туғызған. Әуелгіде емдік шөп ретінде пайдаланған. Ресейге шет ел саудагерлері арқылы келген.
Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауа тамыр және өкпе, рак ауруларына шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97%өкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні өкпе тарамдарымен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына қажетті оттекті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Радиоактивті заттар да бар. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1 литр қара май жинайды.
Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың өлімі 20% . Қатерлі ісік ауруынан болатын өлім 30%, өкпе рагы 90% темекі зардабынан болады.
Темекі шегудің зиян келтіретінін білсе де шылымқорлар көбеймесе азаймай отыр. Темекі шегуші адамдар тек өзін ғана улап қоймай, мқасындағы басқа адамдарды да улайтыны белгілі. Темекінің басты зияндылықтарын айтар болсақ, олар мыналар,
1. Ерін, тіл және өңеш қатерлі ісігіне душар болуы.
2. Ас қорытуды қиындатады, тәбетті қайтарады.
3. Асқазанда жара пайда болады.
4. Өкпе мен көмекей қатерлі ісігіне ұшырайды.
5. қол аяқ тамырлары бірте-бірте бітеледі.(гангренаға айналып, қол, аяқ кесілуге дейін барады)
6. Миды қамтитын тамырларда да қартаю пайда болып, жасушалары өледі және қалпына қайтып келмейді.
7. Жүрек ауруларына шалджығады.
8. Тез қартаяды, теріде әжім пайда бола бастайды.
1974 жылы бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі атртумен күрестің тұтас бір жүйесін жасады.
Олар мыналар:
1. Темекінің зияны туралы қораптарда жазып көрсету.
2. Кәмелетке толмағандарға темекі бұйымдарын сатуға қатаң тыйым салу.
3. Қоғамдық жұмыс орындарында темекі шегуге тыйым салу.
4. Темекі шегудің зияндылығын түсіндіру.
5. Темекі егілетін аймақтардың көлемін азайту.
1-жүргізуші: «Адам азса, заман тозады», дейді халқымыз. Темекі мен арақтың қасіретінен құтыла алмай жүрген шақта «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» дегендей жастарымыз енді есірткіге бой алдыра бастады. Өздеріңіз білетіндей, нашақорлық біздің өміріміздің ащы шындығына айналды.
2-жүргізуші: Нашақорлықтың өсуі – бұл әлемдегі медициналық әлеуметтік проблемалардың ең ауыры болып табылады. Біздің елімізде медициналық жолмен емес, жеке адамдардың көзсіз құмарлығын қоздыру арқылы пайдалану қаупін күннен күнге күшейтуде.
1-жүргізуші: Ал енді «Тазалық» тобы өз зерттеулерімен ортада.
Есірткінің біразын көкнәр деген шөптен жасайды. «Көкнәрдің көз жасын ішкен адам өмір бойы жылп өтеді» деген сөз бар халықта. Ендеше есірткі деген не деген сұраққа Рахым Сая өзінің баяндамасын даярлап келген екен.Соны тыңдайық
Мен - есіркіге қарсымын!
Есірткі деген сөздің өзі бір зұлымдық сияқты құлаққа жағымсыз естіледі. Есірткі - адамның санасын жаулап қана қоймай, әрдайым өзіне еліктіретін бір қасиеті бар химиялық зат. Есірткі түрлері: гераин, какаин, анаша, канапля және тағы басқалары. Көбінесе есірткіні Ауғанстан мен Батыс мемлекеттерінде өндіреді. Оны қолдану тәсілдері көп. Оны ине шаншу немесе дәрі сияқты капсулаларда қолданады. Есірткінің дәрі немесе қант пудрасы сияқты болып келуі оның бір елден екінші елге тасымалдануына мүмкіндік береді, себебі оларды дәрі немесе витаминдер сияқты шекарадан тасымалдау оңайға түседі.
Есірткіні қолданатын адамның түрі бозарып, тамаққа тәбеті болмай, тез арықтау, қатты жөтелдер сияқты өзгерістер байқала бастайды. Ондай адамдардың есте сақтау қабілеттері нашарлап, көңіл күйлері тез өзгеріп, әр түрлі заттарға немқұрайлы қараулары байқалады.
Қазіргі кезде мектеп оқушылары мен студенттер арасында есірткінің дәмін сезіп, сол зұлымдыққа мойынсұнып кеткен жастар барын жоққа шығара алмаймыз. Қазақстанның Ішкі істер министірлігі есірткіге қарсы біршама жұмыстар атқаруда. "Мен есірткіге қарсымын" деген атаумен әр түрлі бейнеклиптер, шерулер ұйымдастырылып жатыр.
Нашақорлыққа беріліп, сол "батпақтан" шығудың жолын ойлап, арнайы емдеу орындарында емделетін адамдар арқылы біз мәдени іс-шаралардың жемісін көре аламыз. Тайған жолдарынан қайта жақсы өмірге оралудың өзі үлкен күш-жігерді талап етеді. Жастар, нашақорлыққа берілмей, қызыққа толы өмірдің парасатты азаматы болуға ұмтылайық!
Есірткіні, әлбетте, қызығудан немесе жаң әсер алу үшін қолданады, яғни есірткіні «компания» үшін немесе «тормоз» болмау үшін татып көреді екен қазіргі жасөспірімдер. Ең бірінші рет есірткіні қабылдай отырып, ләззат ала отырып, ешкім де оның арқалаған жүгінің ауырлығын және қайғылы салдарын біле бермейді. Бірінші рет есірткіні қолдану тәжірибелі, бұрыннан қолданып келе жатқан нашақрлардың ықпалымен, солардың итермелеуімен өтеді.
«Есіркі ессіздікке апарады»
Соңғы жылдары жастар арасында нашақорлық аса өзекті мәселелердің біріне айналуда.
Нашақорлық – бұл нашаға тәуелді болып, оны қайта-қайта қолдану. Ол кішкентай мөлшерден үлкен мөлшерге дейін ұлғайып, кейін өлімге әкеледі. Егер қолданбасаң – денең тітіркеніп, қозып, әлсіз болып, өз қимылыңды дұрыстай алмайсың. Махаббат, қорқыныш, рахымдылық деген сезіидерджен есірткі жұрдай етеді. Көздерің ойсыз, айтқаның өтірік, істегенің ұрлық, ашу-ыза, қасыңда күмән келтіретінадамдар болады. Есірткі мен қылмыс қатар жүреді. Ең алғаш рет қалтадан ақша ұрлаудан бастап, сосын тонау, келе-келе үлкен қылмыс жасауға итермелейді.
Нашақорлық – бұл дегеніміз жас кездегі өзіне-өзі қолдан жасаған өлім.
Наша адам ағзасына тек өздеріне лайықты ғана әсерлер береді, ең алдымен жүйке жүйесін құртады. Нашаға мас болу ауруды сезінуді тоқтатады, көңіл-күді өзгертеді, психикалық және физикалық тонусты түсіреді. Адам өзін өте жеңіл сезінеді, өзге бір дүниеде күн кешкендей болады да бойындағы бар мәселелерді және жауапкершілікті ұмытады.
Егерде нашаны ары қарай қолдана беретін болса адам денесі оған үйреніп, ауыр улануға душар болады. Ішкі дене мүшелері мен ағзалар, жүйке жүйесі және бас ми уланады. Жұмыс істеу қабілеті нашарлайды біртіндеп толық мүгедекке айнала бастайды, соның негізінде жас кезден – ақ нашаның салдарынан адамды өлімге жетелейді. Сондықтан қазіргі кезде нашақорлардың арасында жастар өлімі көбейіп кетті. Өлімге тек нашаға уланудан емес, нашаға мас болған кезде күтпеген апаттарға душар болатындықтан, жан күйзелісінен және жалғызсыраудан өзін-өзі өлтіру, дененің уына қажетті наша дозасын таба алмаған қиналыс кезінде өліп кетулері болып жатады.
Есіңде болсын! Бар жаманшылық пен қөиыншылық өмірде тез өтеді де кетеді. Бойыңды билеген мәселелермен ата-анаңмен, жасы үлкен аға-әпкелеріңмен, достарыңмен, психолог дәрігермен бөлісуге қорықпа.
Сен мынаны есте сақта, сен бұл өмірге арақ ішуге, темекі тартуға, нашақор болуға келген жоқсың.
Есірткі қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар пайдаланылған шаншу инелерін бөліскенде қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Мысалы ЖИТС мен гепатит осылай тарайды.
1-жүргізуші: Есіркі заттарын пайдаланғанда адам денсаулығына қандай зиян келеді және осы аурудан айығып кеткендер бар ма? Бұл сұрақты ауылымыздағы дәрігерге қояйық.
2-жүргізуші: Біз бүгін темекі, арақ, есірткі жайында сөз қозғадық. Жалпы ғасыр дерттерінің қатарында осы үшеуімен қатар ЖИТС дерті бар. ЖИТС дегеніміз не? ЖИТС ауруы неліктен қорқынышты? Житс ауруының белгілері қандай? деген сұрақтар төңірегінде сөз қозғайтын боламыз.
1-жүргізуші: Болашақта біз СПИД - ті жұқтырған адамдармен кездесуіміз мүмкін. Ол туған бауырларың, дос - жарандарың да болуы мүмкін. Біз сол кезде оларға қол ұшымызды беріп, көмек қылуымыз керек. Олардан бас тарту немесе қарым - қатынасты үзуге болмайды. Себебі олар жәбірленушілер. Көп адамдар бұл ауруды білмегендіктен душар болады. Ал біздер осы ауру туралы білеміз бе?
2-жүргізуші: «ХХІ ғасырдың обасы» аталған осы бір қорқыныш туралы айтпасқа болмайды. Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған ЖИТС (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ.Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді.Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері,одан сақтану жолдары,аурудың алдын-алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.
ЖИТС дегеніміз не?
Бұрын белгісіз жаңа жұқпалы ауру жөнінде бірінші хабарлар АҚЩШ басылымдарында 1981 жылдың орта кезінде жарық көре бастады. Дәрігерлердің дәлелдеуі бойынша, жаңа аура адамның иммундық жүйесіне зақым тигізіп, қорғаныс қабілетінің кемдігіне әкеліп соқтырады. Сондықтан жаңа ауру «тауып алған иммунитет кемдігінің белгілері» деп аталды. ЖИТС-мен ауырған кезде адам денесінде Т- лимфоцит деп аталатын қан жасушаларының айрықша бір түрінің саны күрт төмендейді. Адамды көптеген жұқпалы аурудан сақтауда Т-лимфоциттің маңызы зор.
СПИД вирусының қай жылы кім ашқан?
СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л.Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р.Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады.
ЖИТС ауруы несімен қорқынышты?
ЖИТС ауруы болғаннан бері адам баласының өмірі қорқынышты жағдайда өтуде, өйткені ЖИТС өте қауіпті қатер, оны «ХХІ ғасыр обасы» деп бекер атамаған. Қорқынышты жағдайдың себебі: ауруды және вирусты жұқтырған адамдарды емдейтін дәрі дәрмек жоқ. Тіпті жақын арада оған қолданатын вакцина мен дәрілерді шығару мүмкіндігі белгісіз. Ол вирус иммунитет жүйесін зақымдап, көптеген басқа жұқпалы аурулардың бас көтеруіне жағдай жасайды. Сондықтан ЖИТС – мен ауырған адам ерте ме – кеш пе өлетіні анық. Міне бұл аурудың пайда болғанына қанша жыл өтсе де аурудан түгелдей емделіп шыққан ешкім кездескен емес.
ЖИТС вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды.Осының әсерінен клетка жарылып өледі.Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып,өткен процестерді қайталайдыЛимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің-күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады.Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін.Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді.Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД-ті тарата береді.
ЖИТС ауруларының белгілері қандай?
Вирус адамға жұққаннан кейін ЖИТС ауруының жасырын кезеңі басталады. Ол кезең бірнеше айдан 6-7 жылға созылуы мүмкін. Осы кезеңнің ішінде вирус жұққан уақыттан бірнеше апта өткеннен кейін аурудың кейбір белгілері білінуі мүмкін. Мысалы; адам ұзақ уақыт бойы себепсіз делсал болады, оқтын-оқтын дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, іші өтеді. Егер желкедегі, қолтықтағы, бұғана үстінде бездер үлкейсе – ол аурудың өте бір күдікті белгілері болып табылады.
Жасырын кезеңнің аяғында вирустың көбейіп иммунитет қабілетіне зақымын келтіруіне байланысты адам түрлі-түрлі ауруға шалдыға бастайды. Мысалы, өкпе қабыну, туберкулез, ісік ауруларының да біраз түрлері көріне бастайды. ЖИТС вирусы орталық жүйке жүйесіне әсерін тигізіп, есалаңдыққа шалдықтырады.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен 1988 жылдан 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Бұл күн жапа шегушілердің қайғы-мұңына, осы жұқпалы дерттің әлем бойынша қауіптілігін түсінетін ниетке толы күн.
1-жүргізуші:
ЖИТС пандемиясы аумақты, ұлтты, жалпы адамзатты жынысы мен жасына ажыратып жатпайтын, бүкіл жер шарына қаһарын төгіп, бүкіл қоғамды зардаптайтын дүлей күш. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты.
Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын адамдар.
1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша гомосексуалистер арасында өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді /денеде/ сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен баяндалған. Бұл аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИТВ (адамның иммунитет тапшылық вирусы) деп белгіленеді.
1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты.
ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС – ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.
ЖИТС – бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел. ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.
Соңғы жылдары республикамызда ЖИТС-ке қарсы арнайы қызмет жүйесі ұйымдастырылған. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жұмыстарын атқаратын 18 орталық, 641-зертхана бар.
АИТВ қалай жұғады:
- АИТВ жұқтырған адамның қанын құйғанда немесе мүшесін ауыстырып салғанда.
- Медициналық мекемелерде стерилденбеген құрал- жабдықтарды пайдаланғанда.
- Қан тамырына есірткі енгізу үшін ине мен шприцтерді бірлесіп пайдаланғанда.
- Құлақ тесу үшін, пирсинг және татуировка үшін стерилденбеген құрал-жабдықтарды пайдаланғанда.
- АИТВ бар анадан баласына жүкті болғанда, босанғанда және емізгенде.
Ал енді қай кездерде жұқпайды?
АИТВ қалай жұқпайды:
- қол алысқанда, құшақтасқанда;
- гигеналық заттар, денеге жағатын немесе киімге себетін иіс-майлар арқылы;
- бассейнге, ваннаға, моншаға барғанда;
- су және ауа арқылы;
- жәндіктер шаққанда және жануарлармен жанасқанда;
- ойыншықтар, спорттық құрал-жабдықтар арқылы;
- жәй сүйгенде.
Амандасқанда, құшақтағанда, иіскегенде
Тамақты бір ыдыстан ішкенде
Бірге жуынып, орамалмен сүртінгенде
су, ойыншық арқылы
1-жүргізуші: ЖИТС-ға қарсы күрес әр адамның мәселесі. Оған бірлесіп атсалысайық. Енді оқушылардың шығармшылығына назар аударайық.
БІЗ ЖИТС-ға ҚАРСЫМЫЗ!
Бүкіл әлем күресуде,
Індетімен ғасырдың.
Емін әлі таппады ешкім,
Сол бір зұлым пақырдың.
«Күннен күнге ұлғаюда
Аурулардың саны » деп
Дәрігерлер дабыл қағып
Шырылдайды аһ ұрып.
Дүние жүзі адамзатын
Қорғануға шақырды.
2 жүргізуші: Салауатты өмір салты дегеніміз – тек қана зиянды әдеттерден бас тарту ғана емес, бұл өз денсаулығына деген жауапкершілікті сезіну, жанұяда бақытты тұрмыс құру, бос уақытты мағыналы өткізу, адамның жан дүниесін рухани байыта түсу мен дене тәрбиесімен айналысуы, осының бәрі қоғамдық мүддесімен ұштасатынын, сонымен тоғысатынын түсіну, яғни Қазақстан азаматы деген атқа қай жағынан болса да лайықты болу.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі