Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы
Т.Жүргенов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі
Аязбаева Нурия Кайырбековна
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: «Ішкі Бөкей Ордасындағы 1836-1838 жылдардағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі»
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Бөкей Ордасының құрылуы, Ішкі Ордадағы 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басталу себептері, басты мақсаты, көтерілістің негізгі қозғаушы күші, көтерілістің жеңілуі мен себептері, тарихи маңызы және көтерілістің басшылары Исатай мен Махамбеттің ерлік істері туралы мәлімет беру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтастыру, түсіндіру, СТО технологияларының әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: Исатай мен Махамбеттің суреттері, Қазақстан картасы, буклет, т.б.
Пайдаланылған әдебиет: М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, Т.Далаева, Е.Қалиева Қазақстан тарихы Алматы «Мектеп» баспасы 2007 жыл, Интернет желісі.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1-тапсырма: Өткен тақырып бойынша ұяшықтардағы тест тапсырмаларын орындау.
1. Кенесары көтерілісі қай жылдары болды?
а) 1836-38 б) 1837-47 в) 1783-97
2. Сырым Датұлының руы?
а) Шеркеш б) Беріш В) Байбақты
3. Е.И.Пугачев көтерілісінің басты қозғаушы күштері кімдер?
а) сұлтандар б) шаруалар в) билер
4. Сырым Датұлы көтерілісі неше жылға созылды?
А) 12 Б) 13 в) 14
5. Кенесары көтерілісі қай өлкені қамтыды?
а) Кіші Жүзді б) Орта Жүзді в) Бүкіл Қазақстанды
6. Е.И.Пугачев көтерілісі қай жылдар аралығында болды?
а) 1771-72 б) 1773-75 в) 1775-76
7. Кенесарының бірге соғысқан әпкесі
а) Бопай б) Назым в) Қорлан
8. Сырым Датұлы көтерілісін қай жүз рулары қолдады?
а) Кіші Жүз б) Орта Жүз в) Ұлы Жүз
9. Ұлт-азаттық көтерілістер кімдерге қарсы бағытталды?
А) Цинь империясына Б) Патша өкіметіне В) Хиуа хандығына
10. Е.И.Пугачев көтерілісі неше кезеңге бөлінді?
А) 2 Б) 3 В) 4
2-тапсырма: «Сандар сөйлейді»
1783 1773 1775 1797 14
III. Жаңа білімді хабарлау.
Ресей империясы
Қазақтың шұрайлы жерін иемденуді көздеді
Қазақтардың ма-лын айдап әкетіп, бейбіт ауылдарды тонады
Қазақ хандары мен сұлтандарды өлкедегі тірегіне айналдырды
Өз жерінде көшіп қонуға тыйым салды, алым-салық көбейді
Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс
Басталуы: 1836-1838ж, Ішкі Ордада
Себебі: Жәңгір ханның әділетсіздігі, алым-салықтың көбеюі, халық жағдайының нашарлауы
Қозғаушы күштері: шаруалар.
Нәтижесі: жеңіліспен аяқталды, ұйымдаспаған, күш тең емес
Көтерiлiстiң кезеңдерi:
IV. Жаңа білімді бекіту.
1. «Тұлғаны таны».(суретпен жұмыс)
2. Тапсырма: Тарихи диктант
………………..жылдары Ішкі Ордада ……………………………………бастаған көтеріліс болды. Көтерілістің басты қозғаушы күшi-………………………………….Көтерiлiс………. Кезеңге бөлінді. Исатайды тiрiдей ұстағандарға ………. сом, басын әкелгендерге ……………. сом тiгiлдi. Махамбет ……………………қапыда қаза болған.
3. Синквеин жазу (бес жолды өлең) әдісі
Махамбет Исатай
1.
2.
3.
4.
5.
3. «Шатасқан сөздер».
5. ӨЙБКЕ -
4. Даралық пен ұқсастық әдісі.
5. Семантикалық карта.
Оқиғалар |
1791-1838 |
1803-1846 |
1836-1838 |
Ішкі Бөкей Ордасындағы көтеріліс |
|||
Исатай Тайманұлы |
|||
Махамбет Өтемісұлы |
6. Сөзжұмбақ шешу.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Картамен жұмыс. Исатай мен Махамбеттің өмірі туралы конспект жазып келу.
Ақырыс
Рахмет