Өлең, жыр, ақындар

Операциялық жүйелер

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Сунақата ауылы
№194 орта мектебінің
Информатика пәні мұғалімі: Таженов Омар Калмаханович

Пән: Информатика                       Сыныбы: 7                           Күні:

Тақырып: §6. Операциялық жүйелер

Мақсат: Оқушылардың операциялық жүйелер және стандарты программалар туралы білімін қалыптастыру.

Міндеттер:    

Білімділік – Оқушыларды операциялық жүйе және стандартты программалармен таныстыру.

Дамытушылық – Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі–практикалық, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: комьютерлер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру. 

Үй тапсырмасын тексеру.

Компьютердің программалық жасақтамалары дегеніміз не?

Жад дегеніміз не?

Жедел жадтың тұрақтыдан айырмашылығы қандай?

Тұрақты жад не үшін қызмет етеді?

Ақпаратты тасымалдаушылар жадтың қандай түріне жатады?

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Бірінші операциялық жүйенің (ОЖ) пайда болуы үшінші буынды ЭЕМ-нің жасалуымен байланысты.

Магнитті дискілердің пайда болуымен компьютердің ресурстарын басқаруға арналған программаларды жасау қажеттілігі туындады. Мұндай программалар операциялық жүйелер деп аталатын болды. Бүгінде программамен жұмыс істейтін кез келген есептеуіш құрылғы операциялық жүйелермен басқарылады.

ОЖ міндеті мен қызметі.

Операциялық жүйе – бұл программалық жабдықтама мен қолданушының, программалық жабдықтама мен компьютердің аппаратурасының араларында өзара іс-әрекетті қамтамасыз ететін программа.

ОЖ не істей алады?

ОЖ-нің қызметтері:

- мәлімметтердің енгізілуі-шығарылуын жабдықтау, оларды басқару;
- қолданушымен сұхбат жүргізу;
- программаларды өңдеу үдерістерін жоспарлау және ұйымдастыру;
- компьютерлік жадтың ресурстарын жұмыс істейтін программалар арасында үлестіру;
- қолданбалы программаларды орындап және олардың жұмыс істеуін жабдықтау;
- компьютерге қызмет жасау;
- компьютердің ішкі және сыртқы құрылғылары арасында делдал болу.

ОЖ-ге қойылатын талаптар.

Сендерге белгілі,операциялық жүйе-бұл программа. Программаны арнайы кәсіп мамандары - программалаушылар жасайды. Әрине, операциялық жүйе - біршама күрделі программа, сондықтан да оны бір адамның жасауы мүмкін емес. Операциялық жүйелерді программалаушылардың үлкен ұжымы жасайды,о лардың арасындағы міндеттер нақты бөлінген.

Компьютерді басқара алатын кез келген программа операциялық жүйе деп атала ма?

Бұл сұраққа жауапты бүгінде ОЖ-ге қойылатын талаптарды қарастырған соң ғана ала аламыз:

- ОЖ кез келген программаның орындалуын жабдықтау керек. Бұл үйлесімділік деп аталады;
- төзімділік – ОЖ компьютердің әртүрлі аппараттық қамтамасыздығында жұмыс істеу керек;
- сенімділік және беріктік-әрине, ОЖ еш іркіліссіз және кемшіліксіз жұмыс істеу керек;
- қауіпсіздік - заманауи ОЖ-де бір қолданушының мәлімметтері басқа қолданушылардан қорғалуы тиіс;
- кеңеюшілік – ОЖ компьютерде ұзақ уақыт қызмет ететіндіктен, оған жұмысының жақсаруы үшін әртүрлі толықтыруларды енгізу мүмкіндігі болуы керек;
- өнімділік - кез келген қолданушыны ОЖ-нің тез жұмыс істегенін қалайды.

Операциялық жүйелер:

- бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;

- бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын болып бөлінеді.

Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына, яғни тек бір ғана мәселені шешуге мүмкіндік береді.

Көп міндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.

Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір адам ғана жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әрбір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек жее өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.

Қазіргі кезде дербес компьютердің операциялық жүйесінің екі типі кең таралған. Бірінші типіне MicroSoft компаниясының ұқсас екі жүйесі  Windows 95 пен Windows NT жатады.

Windows тұйық жұмыс ортасы болып табылады. Бұл – операциялық жүйе деңгейінде мүмкін болған кез келген операцияларды Windows-тан  шықпай-ақ орындауға болады деген сөз.

Өткен тақырыпты бекіту

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Операциялық жүйе дегеніміз не?

Операциялық жүйе не үшін қажет?

Операциялық жүйе қалай жіктеледі?

Қандай операциялық жүйелерді білесіңдер?

Сабақты қорытындылау

Оқушыларға операциялық жүйе және олардың түрлері туралы жалпы мағлұмат беру.

Үйге тапсырма: §6.30-32бет. Операциялық жүйелер.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз