Өлең, жыр, ақындар

Синонимдер

 

Мектеп: "№2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"

мемлекеттік мекемесі

Сабақ: 19

Пәні: қазақ тілі

Күні: 14.10.2016 жыл

Мұғалім есімі: Турысбекова М.К.

Сынып : 5"Б"

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Синонимдер

Сабақ негізделген оқу мақсаты

 

Синоним туралы білімдері артады. Сөздердің мағынасын ажырата біледі.

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар

  • Мағынасы жуық сөздерді біледі.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Синонимдерді қатыстырып сөйлем құрай алады.
  • Мәтінен синонимдерді таба алады.

Кейбір оқушылар

  • Синоним сөздерді қолданып, шығармашылық жұмыстар орындай алады.

Алдыңғы оқу

Мағыналары жуық сөздер

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған  жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

8 мин.

 

Ұйымдастыру уақыты

Амандасу, сабаққа назарларын аудару.

 Топқа бөлу, топ басшысын сайлау.

1-топ: "Білімділер"

2-топ: "Ойлылар"

3-топ: "Тапқырлар"

4-топ: "Алғырлар"

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Жан жылуы». Қолддарынан ұстап  бір-біріне төмендегі сөздерді хормен айтады.

Мен  сенен  жылу аламын  (бір-біріне қарап, қолдарын созады)

Жүрегіме саламын (қолдарын жүрегіне қояды)

Достарыма сыйлап, сәттілік тілеймін  (қолдарын жан-жаққа сермейді)

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманың орындалу барысын тексеру.

Өткен сабақты пысықтау.

«Шашу» ойыны.

Ойын шарты: Ойынға 5-6 оқушы қатысады.Әрбір конфет қағазына сұрақтар жазылады. Қағаздарды жерге шашып тастаймыз.Ойынға шыққан оқушылар қағаздарды алып, сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

- Лексика деген не?

- Көп мағыналы сөздердің ережесін айт.

- Омоним дегеніміз не?

- "Көз" деген сөздің көп мағыналы екенін мысалдармен дәлелде.

- "Аяқ" сөзін ауыспалы мағына болатындай сөз тіркестерін құра.

- "Күл" сөзін қолданып, әрі зат есім, әрі етістік болатындай сөз тіркесін құра.

1. 5-сынып

Қазақ тілі

Авторлары:

Г.Қасымова

Ж.Дәулетбекова

Алматы: «Атамұра»

2015 жыл

2. Е-Кітапхана

4364

3. Слайдтар

Ортасы

30 мин.

 

 

Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

«Тату сөздер» ертегі

Ерте, ерте, ертеде Лексика деген ауыл болыпты. Сол ауылда Синоним деген бай болыпты, Оның балалары өте көп екен. Бай отбасымен өте тату - тәтті өмір сүріпті. Олардың татулығы сондай, тіпті балаларының барлығы бір үйде тұрыпты. сол байдың 5 ұлына және 5 қызына мағынасы ұқсас сөздерден ат қояйық. (Күшті, Мықты, Қайратты, Қажырлы, Әлді, Сұлу, Әдемі, Әсем, Көркем, Ару)

Мағынаны тану

Кім? Не? Қандай? Не істеу? деген сұрақтарға жауап беретін қастерлі, күту, тез арада, мұғалім, жуықта, қадірлі, тоқтау, ұстаз, кідіру, таяуда, оқытушы, құрметті, аялдау, жақында, педагог, қадірменді деген мағыналы сөздерді табу арқылы оқушылар жаңа сабақтың ережесін өздері айтады.

Мағыналары бір біріне жақын, әртүрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобын синонимдер дейміз.

Қосымша түсінік беру.

     Ерекшеліктері:

  1. Сөздің дыбысталуында өзгешелік болуы керек;
  2. Сөздер бір ғана сөз табына, бір ғана сөйлем мүшесіне қатысты болуы тиіс.

 Сөздік дәптермен жұмыс..

 Синоним (гр. synonymos — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер.

Оқулықпен жұмыс

1-топ: 72-жаттығу. Мәтіннен синоним сөздерді теріп жазады.

2-топ: 73-жаттығу. Мәтіннен синоним сөздерді теріп жазады.

3-топ: 76-жаттығу. Пенде сөзінің синонимдерін теріп жазады.

4-топ: 77-жаттығу. Мәтіннен синоним сөздерді теріп жазады.

Сергіту сәті

Тапсырмалармен жұмыс.

1-топ:

 Асты сызылған сөздерді синонимдерімен ауыстырыңдар.

Ұлан бүгін құлқын сәріден оянды.                          мәз болды

Оны атасы бірден ұқты.                                            тез

Апыл-ғұпыл шайларын ішіп, жолға шықты.          ерте

Бұған бүкіл сынып қуанды.                                      түсінді

Жомарт біразға дейін тіл қатқан жоқ.                      қорықты

Нұргүлсім бұларды әрең тыйды.                              ақылдасты

Ертайдың зәресі ұшты.                                              үндемеді

Балалар жиналыс туралы кеңесті.                            тоқтатты

2-топ:                          

Синонимдерді сәйкестендір.

Ықылас                                 байсалды, байыпты, сабырлы,          

                                               ұстамды, салмақты.

Алыс                                     әсем, әдемі, келбетті, кескінді,  

                                               көрікті, ажарлы.

Шыдамды                             қашық, қиыр, шет, ұзақ, жырақ, ит              

                                               өлген жер.

Сұлу                                      ынта, зейін, ниет, пейіл, көңіл, зауық,  

                                               ілтипат.

Бет                                         қарға адым жер, таяқ тастам жер, көз  

                                               көрім жер.

Жақын                                   келбет, жүз, әлпет, дидар, рең, көрік, 

                                               шырай.

Жылдам                                сәлемдесу, есендесу.

Амандасу                              тез, шапшаң, лезде.

3-топ:

Графикалық диктант

Синоним сөздердің екі сыңарын табу. 

адам

байлық

әлем

әуелі

мықт

                        күшті      жаһан      алдымен      қазына       пенде

4-топ:

 Тест жұмысы.
1. Синоним дегеніміз –
А) Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер
В) Мағыналары қарама - қарсы сөздер
С) Жазылуы әр түрлі, мағыналары бір - біріне жуық сөздер
2. «Даңқ» сөзінің синонимін тап.
А) Мықты          В) Атақ         С) Дәулет
3. «Қадірлі, құрметті, қадірменді» синонимдік қатары қай сөз табына
жатады?
А) Сын есім        В) Зат есім            С) Үстеу
4. «Адам» сөзінің синонимін тап.
А) Шәкірт           В) Дос          С) Кісі
5. Синонимдік қатардың дұрысын тап.
А) Күлу, сықылықтау, жылау        В) Зат, мүлік, нәрсе, бұйым     С) Көне, жаңа, ескі

Ойын. «Кімнің пойызы ұзын?»       

Оқушылар синоним сөздерден пойыздың вагондарын құрастырады.

Мысалы: «Данышпан» сөзі  (Ұлы  - дана - ғұлама - ойшыл - білімдар - оқымысты - данагөй)

1-топ: "Ата"

2-топ: "Бала"

3-топ:  "Бет"

4-топ: "Бұрыннан"

 

 

Аяқталуы

 7 мин.

 

 

 

Сабақты қорыту

Е-Кітапханамен жұмыс
Үй тапсырмасы

Синонимдер туралы түсінік

80-жаттығу

Бағалау

Оқушының аты-жөні

Топ басшысының бағасы

 

Мұғалімнің бағалауы

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

Кері байланыс

Сіздерге ұнаған жағымды әсерін жазыңыздар.

Сіздерге түсініксіз, жағымсыз әсерін жазыңыздар.

Білетін және білуге қызықтыратын мәселе туралы ұсыныстар мен сұрақтар жазыңыздар.

 

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы

  • Оқушылардың қолындағы бағдаршамдары арқылы оларға көмек көрсету.
  • Сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
  • Әдебиет сабағымен байланысты.

 

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың  тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

 

   Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. _____________________________________________________________________________________

2. _____________________________________________________________________________________

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. ____________________________________________________________________________________

2, ____________________________________________________________________________________

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1, ____________________________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________________

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз