Ақтөбе облысы, Темір ауданы
С.Бәйішев атындағы орта мектебінің
мектепалды даярлау сыныбының жетекшісі
Дюсембаева Лиза Тұрғаналықызы
Сабақтың мақсаты: Аталған іс әрекетте балалардың өткен
Математикалық, сөйлеуді дамыту, құрастыру, сауат ашу білімдерін ертегі кейіпкер арқылы еске түсіріп, ойындар ойнау арқылы балалардың ойлау еске сақтау қабілетін дамыту мақсаты көзделді.
Дамытушылық мәні:Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру,ойлау қабілетін байқампаздығын,сабаққа қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік мәні:Білім мен өмірдің байланысын түсіндіру,жұмбақ үйренуге,жаңылтпаштар айтуға,ой еңбегін бейімдеп,зейін дамытуға баса назар аудару.
Әдіс тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ жауап, көрсету, сахналау, ауызша есептеу, мақал мәтелдер.
Белингвизм тәсілі:
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекіліктер: Орман бейнесі, аю, қоян, түлкі, көкөніс және жеміс жидектер, геометриялық пішіндер, «Бауырсақ» ертегісі бойынша салынған жабайы аңдардың суреті.
Ұйымдастыру кезеңі:
Армысыздар қонақтар
Қуан, шаттан, алақай
Қуанатын күн келді
Күлімдеп бүгін күн шықты
Қайырлы таң, қайырлы күн
Сабақтың техникалық құралдары: Балалар үн таспадан күз туралы мағлұмат алады
Мұғалім:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын ата
Мұғалім: Балалар күз туралы кім тақпа айтады
Арайлым: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады биздерді
Ерасыл: Көбейеді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Балалар,біз өзіміз жақсы көріп тыңдайтын ертегілерді еске түсірейікші, «Бауырсақ» ертегісі, «Шалқан»ертегісі.
Мұғалім: Олай болса,біз бүгінгі сабақты сол «Бауырсақ» ертегісімен бастайық.
Мұғалім: Осы ертегіде бауырсақпен кім кездесіп еді?
Қоян, класқа қоян кіреді
Қоян: Мен қоянмын, қоянмын
Сәбіз жесем тоямын
Қасқыр көрсем қорқамын
Бауырсақ көрсем жеп қоямын
Қоян: Балалар мен сендерге тапсырма алып келдім шешуін кім шешеді?
Тез шешсеңдер мен бауырсақты жемеймін
Мұғалім: Онда балалар бауырсаққа көмектесейік
Қоян не жейді балалар
Оқуышлар: Сәбіз
- Сәбіздің пішіні неге ұқсайды?
- Сәбіздің пішіні үш бұрышқа ұқсайды
2-ші тапсырма
Мынау қандай дыбыстар: А, Н, Т, П, Ғ, Р, Л
- А дыбысы дауыстыма, әлде дауыссыз ба?
- Дауысты
- Олай болса оны кандай текшемен белгІлейміз
- Қызыл
- А, Р, Ғ дыбыстарынан басталатын сөздерді айтындар
- Алмұрт, алма, аспан, Ана, ракета, радио, ғарышкер, ғалым
Мұғалім: Балалар бауырсак қоянан кейін кіммен кездесіп еді?
- Қасқырмен
- Дұрыс айтасыңдар. Қасқыр өте жыртқыш аң. Онымен ешкім дос болғысы келмейді. Ол өзі дос іздеп жүр. Дос табуға көмектесейік.
Қасқыр: Мен сендерге қызықты ойын есептер әкелдім, соны шешсеңдер бауырсақты жемеймін.
Мұғалім: Мынау сандар 1, 2, 3, 4, 5 осыны тура және кері санау
Қасқыр: Екінші тапсырма
Мынау қандай фигуралар?
Мұғалім: Енді домалап келе жатқан бауырсаққа өзі қорбаңбай, қолапайсыз, бал жеп жүретін кім кездеседі?
Балалар: Аю, аю
Аю: Балалар мен сендерге қызықты ребустар ойындар алып келдім, келіндер ойланып көрейік.
- Ребустар шешу
Ойын бірінші қорапшага жемістер
Екінші қорапшаға көк өністер жинаңдар
Мұғалім: Өте жақсы балалар, мына жұмбақтың шешуін кім шешер екен.
Өзі айлакер өзі қу
Жүрген жері айқай шу (түлкі)
- Біз бауырсақты аюданда құтқардық
- Енді бауырсақ түлкіменен кездеседі, айлакер түлкінің қулығынан бауырсақты құтқарумыз керек.
Түлкі: Менің тапсырмамды орындасандар бауырсақты құтқарасыңдар
Түлкінің тапсырмасы: Жаңылтпаштар айту, есептер шығару, жұмбақтар жасыру, бос орынға тиісті геометриялық фигураларды тауып сал.
Мұғалім: Балалар бұл тапсырманыда жақсы орындап бауырсақты құтқарып қалдық.
Түлкі: Рахмет балалар өздерің білгір екенсіңдер шаршаған шығарсыңдар, бәріміз орынымыздан тұрып, бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп кішкентай ағаштар
Су құйғанда өседі
Мұғалім: Балалар біз аңдардан кімді құтқардық
Балалар: Бауырсақты
Мұғалім: Олай болса басты кейіпкеріміз бауырсақ қайда?
Сол кезде бауырсақ келеді
Бауырсақ: Балалар рахмет сендерг, мені аңдардан құтқардындар менің сендерге сыйлығым бар. Бауырсақ балаларға сыйлықтар таратады.
Мұғалім: Балалар нан туралы бауырсаққа өлен айтайық
Балалар:
Нан қиқымын шашпаңдар
Жерге түссе баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар
- Мұғалім: Жарайсыңдар балалар. Осымен сабақ аяқталды
Бағалау, мадақтау
Қортынды
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі