Өлең, жыр, ақындар

Ұлттық ыдыс түрлері

Ақтөбе облысы, Темір ауданы
С.Бәйішев атындағы орта мектебінің
Технология пәні мұғалімі: Зербаева Гульжанат Абдулхамитовна

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ыдыс түрлері.  
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ыдыстың тарихын, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат беру.
Білімділік: Балалардың қазақтың ұлттық ыдыстары мен оларға жасалу жолдарымен таныстыруды жалғастыру, білімділік деңгейін көтеру, тиімді және ұқыпты жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық: Танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін шыңдау, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету, ой-өрісін сана сезімін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлттық өнерге деген қызығушылығын, эстетикалық сезімін арттырып, еңбек сүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу, шыдамдылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, сарамандық жұмыс арқылы.
Көрнекілігі: ұлттық ыдыс суреттері салынған плакат, қолөнер бұйым түрлері, ыдыстың үлгілер, сөзжұмбақ.
Құрал-жабдықтар: қағаз, қайшы, желім, нұсқау карта.
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, сызу, бейнелеу өнері, геометрия, орыс әдебиеті, әдебиет.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Өткенді сабақты қайталау.
Жаңа сабақ.
Қауіпсіздік ережесі.
Сарамандық жұмыс
Сергіту сәті.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма беру.
Бағалау.

Ұйымдастыру бөлімі.                                                                            

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті материалдарды тексеру.

Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге қонақтар келіп отыр. Сендердің білімдеріңді, шеберліктеріңді, көруге келді. Ендеше, қонақтармен амандасайық. Балалар, бүгін сабағымыз көңілді  сәтті өту үшін шеңбер құрып бір-біріміздің қолымыздан ұстап, жылылық таныта тұрып, жақсы лебіз білдірейік. 
Өткен материалды сұрақ-жауап арқылы қайталау.
           1. Қазақ халқының  ұлттық киім үлгілеріне не жатады?
           2. Орыс халқының ұлттық киім үлгілеріне не жатады?
           3. Украин халқының ұлттық киім үлгілеріне не жатады?
           4. Өзбек халқының ұлттық киім үлгілеріне не жатады?
Киім үлгілерінің суреттерін төрт топқа бөліп тақтаға жапсыру арқылы сұраққа жауап беру.
Жаңа сабақ.  Ой қозғау. Сабақ басталмас  бұрын « Кім тапқыр?» ойынын жүргізіп, сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашып аламыз.
1. Қағазды қиятын құрал (қайшы).
2. Қайшымен жұмыс жасағанда қандай ережені сақтау керек (қауіпсіздік).
3. Қағаздың екінші түрі (қатырма).
4. Иілгіш жұмсақ  материал (ермексаз)
Тұрмыстық бұйымдар алуан түрлі болып келеді. Ондай бұйымдар қатарына асты дайындауға және ішуге арналған ыдыстарда жатады. 
Шеберлер асқа пайдаланатын ыдысты тек таза заттардан, яғни емен, қайын, арша ағашынан жасаған. Ыдыстарды негізінен қайыңнан жасаған. Өйткені қайың мықты ағаш. Әбден кепкен қайыңда иіс те, шайыр да болмайды. Оған құйылған астың дәмі де бұзылмайды. Сонымен қатар алтын, күміс сияқты металдардан жасаған. Олар шебердің қолынан шыққандықтан алуан түрлі әдемі бұйым адамды таң қалдырып, қуаныш сыйлайды. Көне ыдыстар олар: зерен, тостағандар, табақтар, астаулар, ожаулар, қасықтар болатын сонымен қатар терілерден жасаған торсықтар.
Көшпенділік өмір салтына байланысты қазақтардың ыдыс аяқтары алғашқыда тек теріден және ағаштан жасаған себебі азық салуға және ас дайындыуға сынбайтын ыдыс қажет болды.
Сонымен қатар адамдар темірден жасалған ыдыстарды күнделікті тұрмыста қолданады. Олар: қазан, шөген, темір тегеш, шәйне, шелек, құман леген. Қолқабыр- сабы бар шағындау келген ыдыс. Су, сүт, сусын және сұйық тағамдарды үлкен ыдыстарға қолқабырмен құяды. 
Қолқабырды ағаштан да, темірден де, алюминий металл қоспаларынан да жасайды.
Құман мен леген тазалыққа қызмет етеді. Қазақ халқында келген қонақтардың қолына құман мен легенді алып су құю үлкен құрмет болып саналған. Қолға су құйған балаға үлкен кісілер бата берген. Бұл бұйымдарды шойын немесе мыстан жасайды.
Құмыра мен көзені мыстан жасайды. Мұндай ыдысты Кавказ халықтары кеңінен пайдаланады. Оған су құяды. Таулы жерлерде өзеннен су тасуға ыңғайлы және оны әртүрлі етіп безендіріп жасайды. 
Оқушыларға сарамандық жұмысты бастаттпас бұрын қауіпсіздік ережені қайталату. Жұмысты жалғастыру. 
Қауіпсіздік ережесі
Қайшымен жұмыс істеу ережесі!
Қайшыны біреуге ұсынған кезде, оның ұшын өзіңе қаратып ұста.
Бөлшектерді қиғанда қайшыны емес, қағазды бұр.
Қайшыны ашық қалдырма.
Қағазды ұстап тұрған саусағынды қиятын сызыққа жақын ұстама. 

Сергіту сәті
Орынымыздан тұрайық
Қолымызды созайық
Онға қарай иіліп
Белімізді жазайк
Айналаға қарайық
Біз тынығып алайық    
Әсем үлгі жасайық
Сарамандық жұмыс
Жұмыстың орындалу реті
Ендеше қазір жасайтын ыдысымыз кесе. Кесенің жасалу жолдары түсіндіріледі. Түрлі түсті  қағазға, үлгіні қойып қарындашпен бастырамыз. Қиып алып ақ қағазға жапсырамыз. Кесенің ішіне ботакөз оюын саламыз. (ою суреті көрсетілген).
Сабақты бекіту

1. Ыдыстар неден жасалады?
2. Ыдыстардың қандай түрлерін білесіңдер?                         
3. Тамақтың дәмі, түсі, иісі бұзылмас үшін қандай ыдыстарды пайдаланған дұрыс?
4. Шыны және пластмасса ыдыстардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

Қорытынды: сабақтан не білдім, не үйрендім, не ұнады? Кесте түрінде толтырамыз.
Бағалау: Тақтаға үш негізгі түс ілінеді. (Қызыл, сары, көк). Қызыл – 5 баға. Сары – 4 баға. Көк -3 баға.
Енді балалардың жұмысын салыстырып бағалаймыз. Өте жақсы жасаған баланың жұмысы қызыл түстің астына ілінеді. Жақсы жасаған бала сары түске, орташа жасаған баланың жұмысы көк түстің астына  ілінеді. Яғни бұдан біз сынып көрмесін шығардық.
Үйге тапсырма: өзіңе ұнаған ыдысты көркемдеп безендір.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз