Күні:28,10,2016 сағат:10:00
Ростовка тірек мектебі ресурстық орталығы жанында ашылған шағын орталықтың «Ботақан» тобының тәрбиешісі Солтан Жаңыл
Тақырыбы: «Аяулы күз. Алтын күз»«Аяулы күз, алтын күз» атты ертеңгіліктің шымылдығы әнмен ашылады. «Ботақан» тобының тәрбиеленушілерінің орындауында «Алтын күз» әні орындалады.
1. Құрметті ата-аналар, қонақтар «Аяулы күз, алтын күз» мерекесіне қош келдіріңіздер. Мерекелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2 . Міне,сары алтындай күзіміздің қуанышты бір күні.Күз айы ерекше берекелі,мерекелі ай. Әрбір үйдің дастарханын дәмге,еліміздің қоймасын дәнге толтыратын Алтын да, жомарт күзімізді жеміс-жидектерімен ортамызға шақырайық. ( Себетке салынған жемістерін ұстап ортаға күз келеді).
Жүргізуші: Балалар айтыңдаршы осы қай мезгіл. Балалардың жауабы. Күз айларын атап беріңдерші? Балалар (қыркүйек, қазан, қараша) Тамаша!
Жүргізуші:Олай болса ортаға күз айларын шақырайық. музыканың сүйемелдеуімен ортаға қатысушы жұптар шығады. (қыркүйек, қазан, қараша жұптары ортаға шығады).
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар «қыркүйек», «қазан», «қараша» жұптары сайысқа түседі, мықтыларды анықтау үшін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Сайыс бағдарламасы мынандай кезеңдерден тұрады:
слайд шоу көрсетіледі
Жүргізуші: «Кел танысайық» кезеңін бастаймыз. Шарты: Әр жұп өздерін, топтарын таныстырып шығады.
Жүргізуші: Келесі II кезеңіз «Сиамдық егіздер» Шарты: Екі жұптың біреуінің оң қолын, біреуінің сол қолы бір біріне қосып байланады. Оң қолы бос қатысушы қолына қайшыны, сол қолы бос қатысушы қолына сурет салыңған қағазды ұстайды.Екеуі бірігіп қағаз бетіндегі суретті 30 секунт ішінде қиып шығу керек.
Жүргізуші: «Суретші сыры» Шарты: Бір ойыншының көздері байланып, қолына қарындаш, бояулар беріп тақтадағы ақ параққа екінші жұбының көмегімен күз мезгілін сызып, бояу керек. (3 минут ішінде)
Жүргізуші: суретшілер суретін салып біткенше «Ботақан» тобының бүлдіршіндерінің тақбақтарын тыңдаңыздар. Тақбақтар.
Дарина
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің ұзық-ау,
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
Аяжан.
Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша –бақ.
Күрең қызыл шіркін-ай,
Оның аты құлпынай.
Ибраһим
Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі,
Оның аты Шабдалы.
Мұхтар
Дөп-дөңгелек сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп.
Оның аты өрік.
Дильназ
Сап-сары маңай,
Сап-сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Еркеназ
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Жантөре
Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі күз
Жер қызығын қиы алмай,
Маужырап тұр кәрі күз.
Мирас
Алтын сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырық.
Күзгі бақта күлім деп,
Көз тартады атырап.
Жалғас
Күз келді сары күз келді,
Тау ызғарлы, күн желді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Марғұлан
Қыстың жақын қалғанын,
Жапырықтар білгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.
Жібек
Алтын нұрдай тамшылар,
Жапырықтар төгіледі.
Біздің өмір таң шуақ,
Біздің өмір көңілді.
Сұңғат
Біреу астық түсіріп,
Біреу бидәй ұшырып,
Жатқан мезгіл күз екен
Алдым соны түсініп.
Алина
Ақ көбелек, көк көбелек,
Орынына қонбайды,
Ақ көбелек, көк көбелек,
Ұстатпайды алдайды,
Жүргізуші: Келесі кезең «Көңілді аспазшылар» Шарты: Жұптардың бірінің қолына картоп, екіншісінің қолына пияз беріледі.Картоптың сыртын үзбей тазалап, пиязды да тазалап, пиязды сақиналап турап, екеуінен бір зат бейнелеп шығу керек.
Қатысушы жұптар өз тапсырмаларын аяқтағанша, балалармен ойын ойналады. «кім жылдам» шарты: сәбіз бен картопты себетке бөлек-бөлек жинау керек.
Жүргізуші: «Өз өнерлері» әр жұп өз өнерлерін көрсетеді шарты: бұл кезеңде қатысушы жұптардың балалары да өнер көрсету керек.
Жүргізуші: Тақпақ.
Мирас
Көк көбелек, көк көбелек,
Көздері дөп-дөңгелек.
Гүлдер көрсе күлімдейді,
Қолыма ілінбейді.
Көк шөптің арасынан,
Түр-түсі білінбейді.
Жансерік
Қыс келсе қайда барады,
Жылуды кімнен алады.
Көбелектер мен гүлдер-ай,
Шарлаған ауыл қаланы
«Көбелек » биі
Жүргізуші «Үй тапсырмасы» Уйге тапсырма беріледі, жапырақтан, көкеніс, жеміс-жидектерден түрілі бір бейне жасап әкелуге.
Сарапшылар қатысушы жұптарды анықтағанша балалармен «Дәмін тату» ойыны ойналады. Шарты: табақта туралған жеміс-жидектерді жеп, қай жеміс екенін айтады, бірақ баланың көзі байлаулы тұрады.
Жүргізуші:
Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны ұғатын.
Қорытынды. Марапаттау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі