Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы, Казталов ауылы
Казталов аудандық «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ
Өткізген: мұғалім – логопед Губашева Эльмира Нурлановна
Сабақтың тақырыбы: Л дыбысын машықтандыру
Сабақтың мақсаты: Артикуляциялық жаттығулар арқылы тіл қимылын арттыру. Л дыбысын сөздер арасында, басында, аяғында дұрыс айтуға машықтандыру. Сөз бен сөзді байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Фонематикалық қабылдауын дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: АКТ, дидактикалық материалдар, тиек, ермексаз, массажды доп т.б.қажетті құралдар
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Баламен сәлемдесу.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанамыз достарым,
Арайлап атқан күнге.
ІІ. Артикуляциялық жаттығу жасау.
- Бүгін біз Л дыбысымен жұмыс жасаймыз. Ол дыбысты дұрыс айту үшін сабағымызды артикуляциялық жаттығулармен бастаймыз. «Күлімдеу», «Ұртыңды томпайт», «Түтікше», «Тәтті тосап», «Сылақшы», «Әткеншек», «Сағат», «Шыны аяқ».
ІІІ. Жаңа сабақ. Л дыбысы қандай дыбыс?
- Дауысты дыбыс па? Дауыссыз дыбыс па?
- Неге (Созылып айтылмайды)
- Үнді ме, қатаң ба немесе ұяң ба?
- Неге (Жұмсақ айтылады)
Біз дыбысты ауызбен айтамыз, құлақпен естиміз. Л дыбысы дұрыс, анық шығуы үшін тістердің арасы ашық тұруы керек, ал тіл ұшы үстіңгі тістің түбіне немесе қызыл иегіне барып тіреледі. Осы кезде дауыс желбезегі жұмыс істейді, тамақ дірілдеп содан келіп дыбыс пайда болады.
- Кәне Л дыбысын дұрыс айту үшін тілімізді жаттықтырып алайық.
Ла-ла-ла-лас,
Ал-ал-ал-алма,
Ло-ло-ло-лом,
Ол-ол-ол-олжас,
Ұл-ұл-ұл-үлжан,
Әл-әл-әл-әлек.
ІV. Буынмен жұмыс.
- Бүгінгі біздің сабағымызға кішкентай піл өзінің сүйікті әнін алып келіпті. Қәне, бірге айтып көрейік.
-ла-ла-ла ал-ал-ал
-ло-ло-ло ол-ол-ол
-лу-лу-лу ул-ул-ул
-лы-лы-лы ыл-ыл-ыл
V. Л дыбысын естісең қолыңды шапалақта.
Бала, тас, доп, қала, лақ, асық, тасбақа, тал, балапан, балық, кітап, қалам, айна, елік, ел.
VІ. Саусақ жаттығуы.
«Доп» «Моншақ»
Айналдырғын добыңды, Саны болар оншақты
Қытықтасын қолыңды. Шашып алдым моншақты.
Енді көтер партадан, Теріп, теріп аламыз
Жаса солай қайтадан. Қорабына саламыз
«Жаңбыр»
Бұлт қабағын түйіп ап
Бүркеп алды аспанды.
Тырс-тырс-тырс-тырс тырсылдап
Жаңбыр жауа бастады.
V. Суретпен жұмыс. Аталуында Л дыбысы кездесетін суреттерді атап көрсет. (Слайдпен жұмыс).
VI. Ермексаздың көмегімен гүлді бояу. Ұсақ моториканы дамыту.
VII. Ойын «Мен бастаймын, сен аяқта»
Ба...л, қа...л, та...л, жа...л, са...л, ша...л, ма...л, е...л.
- аталған сөздердің бәрінде бар қандай әріп?
VIII. Бекіту.
- бүгін біз қандай дыбыспен жұмыс жасадық?
- Л дыбысы кездесетін сөздерді айтып бер?
Ендеше мына әдемі түймелермен Л әріпін салып берші.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі