Өлең, жыр, ақындар

Б дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру

Ақтөбе облысы, Темір ауданы
С.Бәйішев атындағы орта мектебінің
мектепалды даярлық топ тәрбиешісі: Алпысбаева Дина Каласовна

Тақырыбы: Б дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру
Мақсаты: Буындардан сөз құрап оқытуға жаттықтыру, оқуға білуге деген қызығушылығын арттыру. Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтіп, оны сүйе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, ертегі кейіпкерлері, кеспе әліппе, текшелер.
Қостілділік компоненті: Бақа- лягушка, балға- молоток
Сабақ барысы: Жылулық шеңбері

Күннің көзі ашылды
Көкке шуақ шашылды
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенмен
Тәрбиенің басы ғой
Ал, қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.

- Бүгін қаңтардың 21-і, аптаның 4-ші күнін қалай атаймыз?
Бейсенбі
- Бір аптада неше күн бар?
7 күн бар
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
4 жыл мезгілі бар
- Әр жыл мезгілі неше айдан түрады?
3 айдан түрады
- Күз айлары қалай аталады?
Қыркүйек, қазан, қараша
- Қыс айлары қалай аталады?
Желтоқсан, қаңтар, қараша

Күз-осень
Қыс- зима
Қар – снег
Аяз – мороз

Жарайсыңдар балалар!
Қызығушылығын ояту.
Балалар мен сендерге қызық ертегі айтып берейін ба?

Ендеше тыңдаңдар!

Ертеде бір ешкі жеті лағымен орманда өмір сүріпті.Бірде ешкі лақтарына азық әкелуге орманға кетерде есікті ешкімге ашпаңдар! Менқайтып оралғанда есікті қағып: «Аналарың сендерге сүт әкелді» -деп ән саамын дейді.Осы кезде ешкі үйінің маңында қасқыр жемтік іздеп жортып жүреді. Ол лақтарды алдамақ болады. Қасқыр ешкінің кеткенін күтіп, үйіне жақындап келіп, өзінің қарлыққан, қырылдаған даусымен: Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді- деп әндетті.
Бұл анамыздың даусы емес. Біздің анамыздың даусы жіңішке. Кетқасқыр біз саған есік ашпаймыз- дейді. Қасқыр ұстаға барып даусын жіңішкертіп алады. Қасқыр ешкінің үйіне келіп есік қағып жіңішке даусымен лақтарым, шұнақтарым!  Есікті ашыңдар!  Аналарың сендерге сүт әкелді деп әндетті.
Лақтар есік ашты. Жауыз қасқырға керегі де сол еді. Ол үйге баса көктей кіріп лақтарды бірінен соң бірін қабына салып алып үйіне кетті.
Ешкі үйіне келсе есік айқара ашық тұр. Үйішінде ешкім көрінбейді.  Ешкі басына түскен қайғыан зар еңіреп жылайды. Лақтарын қасқыр алып кеткенін біліп қасқырға келеді.
Сонда қасқыр:
Менің әр тапсырмамды орындыған сайын, мен саған бір-бір лақта қайтарамын- дейді.
Ешкі берілген тапсырманы орындай алмай қиналыпты. Ешкіге көмектесеміз бе?
Ғажайып сәт: Осы кездеесікті қағып ешкі болып киінген бала келеді. Балалар маған көмектесе көріңдер.
1-Тапсырма: Жұмбақтар
Тәуілік бойы тақылдап
Мезгілімен жатпайды
    /бақа- ляугшка/
Үш көзді батыр,
Жол көрсетер батыл.Үш көзі үш түрлі
Қызыл, сары, жасыл.
    /бағдаршам- сфетафор/
Аяғы жоқ жүрмейді
Қанаты бар ұшпайды.
Жер бетінде өмір сүре алмайды.
    /балық- рыба/
Бақа, балық, бағдаршам дегенде қандай дыбыс естіледі?
Б  дыбысы
Ендеше бүгін өтетініміз б дыбысы
Қане бәріміз б дыбысын хормен айтайық.
«Б» дыбысын 2-3 рет айтқызу. Оның айтылу артикуляциясымен таныстыру.
«Б» дыбысы дауыссыз көк текшемен белгілейміз./бақа, балық, бағдаршам/ сөздерін буынға бөлу.
Жарайсыңдар балалар! Біз қасқырдың бірінші тапсырмасын орындадық.1 лақты қайтарып алдық.

2-Тапсырма: Дыбыстық талдау жасау.
Банан. Ба-нан, Екі дауысты дыбыс бар, екі буын.
Бақа. Ба – қа.Екі дауысты дыбыс бар екі буын.
Бағдаршам. Бағ-дар- шам. Үш дауысты дыбыс бар, үш буын.
Міне балалар біз ешкінің тағы бір лағын қайтарып алдық. Енді келесі тапсырмасын қарайық.
3-Тапсырма: Шардағы буындарды оқы.
/ба-қа, бо-та,бал –ға, бал-та, ба- та, бол/
Ой балалар, қандай ақылдысыңдар. Қасқырдың берген тапсырмасын бұлжытпай орындап жатсыңдар. Ешкінің тағы бір лағын қайтарып алдық.
4-Тапсырма: Сергіту сәті.
Бақалар көлде
Қызыққа батады
Бақ-бақ, бақ-бақ
Шу қылып өңірді
Мәз болып жатады
Бақ- бақ, бақ-бақ
Өлең жолдарын бірге айтып секіреді.
Балалар біз ешкінің тағы бір лағын қайтарып алдық.
Келесі тапсырма қандай екен
5-тапсырма: «Б б» әрпін баспа түрін жазу.
Балалар алдымыздағы ботқа бетіне « Б б» әрпін баспа түрін саусақ ұшымен жазайық.
Балаларды қадағалау.
Жақсы балалар бәріміз өте жақы жаздық. Қасқыр тағы бір лақты қайтарды.
6-тапсырма: Ойын. «Сөз ойла6 тез ойла»
Балапан, балық, балға, балта, Бота, бақша т.б
Міне сендердің арқаларыңда тағы бір лақты қайтарып алдық.
7- тапсырма: Берілген сызбаға байланысты сөйлем құра.
Балта
Шалбар
Балық
Балапан

Жарайсыңдар балалар. Біз ешкіге көмектесіп барлық лақты қайтарып алдық. Ешкі сол жерде рахмет айтады. Лақтарымен қосылып бақытты өмір сүреді.

Сонда балалар үйде үлкендер жоқ кезде есік ашуға бола ма?

Ия, балалар біреудің алдауына түсіп қамауымыз керек.Үлкендердің ақылын тыңдауымыз керек.
Ешкі: балалар сендерге көп-көп рахмет. Тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар. Мынау сендерге жұлдызша. Таратып бередіде қоштасып шығып кетеді.

Сау болыңдар!

Сонымен балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныстық

Б - дыбысы қандай дыбыс

Б - дыбысы кездесетін сөздер

Өте, жақсы балалар, жарайсыңдар.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз