Өлең, жыр, ақындар

Астана

ОҚО, Түркістан қаласы
Бабайқорған ауылы
«Бабай-Қорған» жалпы орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі: Аймурзаева Ақжарқын

  Сабақ: Әдебиеттік оқу

   Мектеп:

  Күні: 25.11.2016 ж

   Мұғалімнің есімі: Аймурзаева  А

  Сынып:  2 «Ә»

  Сабақтың тақырыбы: Астана

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны:

  Сабақ  негізделген  оқу  мақсаты (мақсаттары)

Оқушыларға ақын Күләш Ахметованың өмірі, шығармашылығы жайлы отырып,  өлеңнің негізгі идеясы туған жерді сүюді, қадірлеуді түсінеді. Отанға деген мақтаныш сезімдерін туғыза отырып, білім алуға талпынады.   

  Сабақ мақсаттары

  Барлық оқушылар:  

  Астана жайлы түсінік айта алады.

  Өлеңді мәнерлеп оқи алады.

 

 

  Оқушылардың басым бөлігі:

  Туған жер туралы мақал мәтелдер айтады.

  Кейбір оқушылар:

  «Астана» туған жер туралы 5-6 сөйлемнен құралған эссе жаза алады

Тілдік мақсат

  Оқушылар: ...(істей)  алады

 Шығармашылық қиялы, жүйелі ойлау қабілеті, сөздік қоры молайып,тіл байлығы артады.

  Негізгі сөздер мен тіркестер:

  Астана, Алматы, Сарыарқа, Есіл, Бәйтерек.

  Сыныптағы диолог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

  Туған жер «Астана» туралы эссе жазу.

  Талқылауларға арналған тармақтар: Жаңылтпашқа «мен, ол, әкең» деген сөздерді қосып күрделендіріп жаңылтпашты талдайды.

  Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

  Астана мен Алматының аттары неліктен қатар айтылатынын айта аласыз ба?.

  Жазылым бойынша ұсыныстар: бір сөзге  екінші  сөздің  қосылып сөйлеуі  бойынша қандай сөздер жазар едің.

 

Табыс критерийлері

 

  1. К.Ахметова туралы түсінік алдым.

  2. Туған жер туралы айта аламын.

  3. Мәтінді түсініп, жүргізіп оқи аламын.

Алдыңғы тақырып

  Сәкен Жүнісов туралы не білеміз?

  Кімнің мекені жақсы?

Жоспар

Жоспарланған  уақыт

Жоспарланған  жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

 

Ынтымақтастық атмосфера орнату.

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

Оқушылар 2 тілде бір-біріне жақсы тілектерін айтады.   

  

Ту, Бәйтерек, Хан шатыры, Ақ орда модульдер.

Ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 - Балалар бүгін біздің әдебиеттілік оқу сабағымыз ерекше болмақ. Өйткені, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қазақ халқы қонақтарын ерекше сыйлап, бар жақсысын алдарына тосқан. Олай болса бізде салтымызға сай азамат екенімізді көрсетейік.

 - «Кімнің мекені жақсы?»

 - Осы мәтіннің авторы кім және ол туралы кім айтып береді?

 - Ал енді балалар бүгін біз бұл тақырыптан қорытындылай келе сахналық көрініске дайынбыз ба?

 - Жақсы балалар үй тапсырмасына жақсы дайындықпен келген екенсіңдер. «Кімнің мекені жақсы?» тақырыбындағы негізгі ой не? (туған жер туған ел)

 - Ендеше біздің туған жеріміз,туған еліміз, қалай аталады?(Қазақстан)

Қазақстан қандай ел? (Тәуелсіз егеменді ел)

 Дұрыс айтасыңдар. Еліміз егемендігін қашан алды?

 (1991 жылы 16 желтоқсан)

 Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

 Тәуелсіздігімізге биыл неше жыл болады (25 жыл)

Жақында қандай мереке келе жатыр(1-желтоқсан президент күні, 16 желтоқсан Тәуелсіздігімізге 25 жыл)

 - Ал балалар осы туған жер, туған ел деп манадан бері айтып жатырмыз Туған жер туралы мақал-мәтелдер білетіндерің бар ма(оқушылар мақал-мәтел айтады)

 - Балалар біз бүгінгі жаңа тақырыпты ашу үшін экранға қараймыз. Ребусты шешеміз.

         «Астана»

 - Жарайсыңдар балалар!

 - Енді өздеріңнің іштеріңде Астанаға барғандарың бар ма (барған оқушылар көргендерін баяндайды.)

 - Олай болса балалар енді барлығымыз экранға қараймыз. Астананың әсем де сұлу, көрікті жерлерін тамашалауға саяхатқа шығамыз.

 (Астана қаласы туралы видео фильм көрсету,Әрбір салынған зәулім де әдемі жерлері туралы айту)

 Олай болса «Астана» өлеңімен танысайық. Бұл өлеңнің авторы Күләш Ахметова - 1946жылы 25 сәуірде Қырғызстан Республикасы,Талас ауданы, Киров ауылында дүниеге келген. Ақын, жазушы. Өлеңдері бірнеше тілге аударылған.

 Ал енді оқушылар осы Астана өлеңін «Бәйтерек»тобы «Шынжыр» әдісі арқылы оқиды.

 «Ақ орда» тобы «Өрмекшінің өрмегі» әдісі арқылы оқиды

 «Хан шатыр» тобы «Моншақ» әдісі арқылы жалғастырып оқиды.

 - Балалар өлеңде Алматы мен Астана неге қатар айтылады деп ойлайсыңдар?

Өйткені Астана алдында бас қаламыз Алматы болған.Дұрыс айтасыңдар балалар. Алматы бас қала болған кезде де біз біраз жетістіктерге жеткенбіз. Ең бастысы тәуелсіздікке қол жеткізгенбіз.

Алматы бұрынғы тарихы бар Астана болса, Астана  қәзіргі бас қала.Алматыда «Тәуелсіздік монументі болса» Астанада 97 м биіктікте орналасқан «Бәйтерек» монументі «Мәңгілік ел»  сынды монументтері бар.

Олай болса балалар Алматы мен Астана Қазақстан Республикасының құтты мекені десек артық айтқандық болмас.

  Сергіту сәті:

  Топтық жұмыс: Енді балалар топтық жұмыс жасаймыз.

«Бәйтерек» тобы. Астананың суретін салады.

«Хан шатыр» тобы. Астана тақырыбына 6 сөйлемнен тұратын эссе жазады.

«Ақ орда»тобы. Туған жер туралы 6 сөйлемнен құралатын эссе жазады.

Әр топ өз жұмысын қорғайды.

 

 

 

 

 

 

Автор, құрбақа, тышқан, құмырсқа, бозторғай, көкқұтан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақал-мәтелдер

 

 

 

АКТ

 

 

 

 

 

 

 

АКТ

 

 

 

АКТ

 

 

Жіп, стикер.

Түрлі-түсті қарындаш,плакат.

Аяқталуы

 

 

 

 

 

 

 

 Бағалау: Жұлдызша арқылы бағалау.

 Рефлексия: Балалар біз жаңа Астананың әсем жерлерін тамашаладық. Енді бәйтеректің ішінен нені байқадыңдар.

 - Бәйтеректің ішінде Н.Назарбаевтың алақанының таңбасын көрдік. Осы таңбаға қолымызды қойсақ,арманымыз орындалады екен. Ендеше  барлығымыз мына «бес саусаққа»болашақта кім болғыларың келетіндігін жазамыз, (Бәйтеректің ішіндегі алақанның суретіне қолдарын қойып тілектерін тілейді)

 Үйге тапсырма: Хан мен Сырым мәнерлеп оқу.

Суреттер, дәптер

Қосымша ақпарат

 

Саралау – Сіз  қосымша  көмек  көрсетуді  қалай  жоспарлайсыз? Сіз  қабілеті  жоғары  оқушыларға  тапсырманы  күрделендіруді  қалай  жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың  үйренгенін  тексеруді  қалай  жоспарлайсыз?

Пәнаралық  байланыс. Қауіпсіздік  және еңбекті қорғау  ережелері.  АКТ-мен  байланыс.  Құндылықтардағы байланыс

 - Қабілеті жоғары оқушыға  күрделі тапсырма беремін.
 - Үлгермеуші оқушыларға  деңгейіне, тақырыпқа сәйкес  жеңіл тапсырма беремін.

  Қалыптастырушы  бағалау

  Жұлдызша  арқылы  бағалау.

 - Техника қауіпсіздік ережесін сақтау.
 - Оқушыларға тәлім- тәрбие  құзреттілігін қалыптастыру.

 

 

Рефлексия

  - Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы  ма?

  -Бүгін оқушылар не  білді?

 -  Сыныптағы ахуал  қандай болды?

  - Мен жоспарлаған  саралау шаралары тиімді болды ма?

 - Мен берілген уақыт  ішінде үлгердім бе?

 - Мен өз жоспарыма  қандай түзетулер  енгіздім және неліктен?

Балалар бүгін біз Астанаға саяхатқа шыға отырып бәйтеректі көрдік. Сол бәйтеректің ең жоғарғы бөлігінде адамның қолын қойып арман тілегін айтса орындалады деген, қәне олай болса алдарыңыздағы бас бармаққа болашақта кім болатындарыңызды жазып  тілегімізді тілейік.

Қорытынды бағамдау

 

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге  көмектесетін  не білдім?

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз