Өлең, жыр, ақындар

Төрт түлік мал - қой, жылқы, сиыр және түйе

Төрт түлік атаулары

Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған.

Жұп, аша, айыр тұяқты және тақ, тік тұяқты болып бөлінгенімен, олардың бәрін қосып халық аяқты мал деп атайды. Малдың шығу тегі туралы қызықты аңыз көп. Солардың біріне құлақ ассақ түйе – сордан (сротаң, ащы шөпке әуестігі, шөлге шыдамдылығы ескерілсе керек), жылқы – желден (желден жүйрік), сиыр – судан (сулы-нулы қонысқа үйір), қой – пейіштен (жуас, момын, шаруаға қолайлы), ешкң – тастан (тау-тасқа секірген жеңіл мінезді) жаратылыпты-мыс.

Төрт түліктің пірі

Текті мал – киелі де. Халық аңызында төрт түлікті көлденең кесірден, ауру-кеселдерден сақтайтын, өсіп-өнуін жебеп-жебелейтін қамқоршы пірлер бар.

Олар: түйенің пірі – Ойсылқара, жылқының пірі – Қамбар ата (Жылқышы ата), сиырдың пірі – Зеңгі баба, қойдың пірі – Шопан ата, ешкінің пірі – Шекшек (Сексек) ата. Балық пен егін де атасыз емес. Балықтың пірі – Қарабай, егін атасы – Дихан баба.

Төрт түлік төлдері

Қой төлдерінің атаулары:

Жаңа туған кезі – қозы

Көрпеш – есейген қозы.
Көбеген – төл басы, ерте туған қозы.
Көпей – кеш туған қозы.
Марқа - қозының марқайған кезі.
Бағлан – семіз марқа.
Тоқты – жасы алты айдан асқан.
Тұсақ – жастан асқан ұрғашысы.
Ісек – тарттырылған, кестірілген қой.
Құнан той – үш жастағы қой.
Дөнен қой – төрт жастағы қой.
Азбан – тарттырылған қошқар.
Қошқар – аталық.
Саулық – аналық қой.
Ақауыз қой –  әбден семірген бойдақ қой. 

Ешкі төлінің атаулары:

Лақ – жаңа туған төл.

Бөрте – алты айлық төл.
Шікіраз – жасқа толған еркегі.
Туша – жасқа толған ұрғашысы.
Шыбыш – екі жастағы ұрғашысы.
Ешкі – аналық.
Сергештік – жасқа толған еркегі.
Теке – аталық.

Жылқы төлдерінің атаулары:

Құлын, құлыншақ – жылқы төлі.

Жабағы – бір жылға дейінгі төл.
Тай – екі жастағы жылқы.
Құнан – үш жастағы жылқы.
Құнажын –үш жастағы ұрғашысы.
Дөнен – төрт жастағы еркегі.
Бесті – бес жасар еркек жылқы.
Айғыр – аталық жылқы.
Сәурік – жас айғыр.
Бие – аналық жылқы.
Қулық – алғаш құлындаған бие.
Қысырақ –үйірге алғаш қосылған жас мал.
Ана бие – көп құлындаған бие.
Бедеу – құлындамайтын жылқы.

Түйе төлінің атаулары:

Бота, ботақан, көшек – түйе төлі.

Бүлдіршін – екі жасар ұрғашы түйе.
Тайлақ – екі-үш жасар еркегі.
Бұзбаша – үш жасар ұрғашы түйе.
Буырлыш – төрт-бес жасар ұрғашысы.
Буыршын – төрт-бес жасар еркегі.
Бура –  аталық түйе.
Інген – аналық түйе.
Атан – ақталған, кестірілген түйе. 

Сиыр төлінің атаулары:

Бұзау – сиыр төлі.

Баспақ – алты айға дейінгі төл.
Арда  торпақ – бір жылдық төл.
Тайынша – жастан асқан еркегі.
Тана – жастан асқан ұрғашысы.
Қашар – екі жасар ұрғашысы.
Дөнежін – төрт жасар ұрғашысы.
Бұқа – аталық.
Сиыр – аналық.
Сауын сиыр – сауылып жүрген сиыр.
Саулы сиыр – бұзаусыз сауылатын сиыр.
Бұқаша, бұқашық – жас бұқалар.

Назар аудар:

Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер

Жылқы - малдың патшасы

Жүн және одан жасалатын заттар

Қой-ешкіге қатысты тыйымдар мен ырымдар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Динара

Төрт түлік мал ТУРАЛЫ өте пайдалы мәлімет

Сезім

Маған көп көп көп рахмет маған жақсы ақпарат берді

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар