Сарапшылардың мәліметінше, қазіргі таңда адамдардың шамамен 72 пайызы бос уақытын хобби арқылы өткізеді. Бұл – адамның жеке дамуы мен психологиялық тепе-теңдігін сақтаудың ең тиімді жолдарының бірі. Хобби тек көңіл көтеру емес, тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетін дамытатын маңызды іс. Психологтардың зерттеуіне сәйкес, аптасына кем дегенде 6 сағат сүйікті іспен айналысатын адамның күйзеліске түсу ықтималдығы 40 пайызға төмендейді. Себебі хобби мидың релаксация процесін белсендіреді, адамды стресстен арылтады. Мысалы, сурет салу немесе музыкамен айналысу – эмоцияны сыртқа шығаруға және ішкі үйлесімділікті сақтауға көмектеседі.
2024 жылы жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде, қазақстандық жастардың 58 пайызы өз хоббиін табыс көзіне айналдырғаны анықталған. Әсіресе фото-видео түсіру, блог жүргізу, қолөнер мен спорт түрлеріне қызығушылық артып келеді. Бұл – бос уақытты тиімді пайдаланып қана қоймай, оны кәсіпке айналдырудың нақты көрінісі.
Сонымен қатар хобби адамның әлеуметтік байланысын кеңейтеді. Мысалы, волонтерлікпен айналысатын жастар саны соңғы үш жылда 2,5 есеге артқан. Олар қоғамға пайда тигізіп қана қоймай, өз бойында жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Фактілер көрсеткендей, хобби – тек ермек емес, жеке дамудың қуатты құралы. Ол адамның ой-өрісін кеңейтіп, өмірге деген қызығушылығын арттырады. Бүгінгі таңда бос уақытты пайдалы өткізу мәдениеті – табысты тұлға болудың алғышарты.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Ахмеджан Айша
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі