Өлең, жыр, ақындар

Таңертең, күндіз, кеш, түн. Сол жақта - оң жақта. Дайын пішіндерді жапсыру

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ ауылы
Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебінің балауса шағын орталығының
Тәрбиешісі: Акинова Әсем Жолдасбековна  

 

Білім беру саласы: Таным                                                                                                                   

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы: «Таңертең, күндіз, кеш, түн. Сол жақта - оң жақта. Дайын пішіндерді жапсыру».

Мақсаты: тәулік бөлігі – таңмен таныстыру; өлең мәтінінде тәуліктің қай мезгілі айтылғанын ажырата білуге үйрету. Осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану, таныс заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыруды үйрету.                                     

Міндеттері: таңертең тәулік бөлігімен таныстыру;

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: жұмбақтар мен тәулік мезгілі бейнеленген суреттер. Қарындаштар. Бағдаршам түстері бейнеленген дөңгелек шамдар.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушы

 

 

 

Ғажайып сәт.

Балабақшаға келе жатып жолда пошташыны кездестіргенін айтады. Ол біздің топтағы балаларға сандық әкеліпті.

 - Балалар, сандықты ашып ішінде не барын көрейік.

Сандықтың ішінде суреттер бар. Бірақ оны білімнің арқасында алуға болады екен.

 «Сөйлемді аяқта» ойыны.

Педагог балаларға сөйлемді аяқтауды ұсынады.

 - Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал түскі асты ..... ішеміз.

 - Таңғы асты таңертең, ал кешкі асты.... ішеміз.

 - Күн күндіз жарқырап тұрады, ал ай ....

 - Біз түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды .... жасаймыз.

Педагог балалардан суреттегі әр уақыт мезгілін сұрайды.

Қызығушылық танытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

- Күндіз.

 

- Кешке.

- Түнде.

-Таңертең.

Жауап береді.

 

Ұйымдастыру іс-әрекеті

 

  «Айырмашылығын тап» ойыны.

  Суретпен жұмыс.

 - Балалар, мына сандықтардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

Айырмашылықтарын тапқаннан кейін, ортадағы тіктөртбұрышқа сонша дөңгелек салу керектігін сұрайды.

-Кәне балалар. Қанша айырмашылық таптыңдар?

Бір бөлігі –

Жекеленген балаларға көмек көрсетіледі.

«Апельсин»

Саусақ жаттығуы.
Бір бөлігі – кірпіге
Бір бөлігі –қоянға
Бір бөлігі – үйрекке
Бір бөлігі – мысыққа
Бір бөлігі  – тышқанға
Бір бөлігі – қасқырға

«Шамдарды жақ» ойыны

Педагог өлең оқып береді.

Бас көшеде қырағы
Үш көзді дәу тұрады
Ашса кезек үш көзін
Айтты деп біл үш көзін
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып
Қызыл көзін ашқанда
Сабыр сақта, баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Жүре бергін, жасқанба.

 - Бұл өлең не туралы?

 - Суретте неше бағдаршам бар?

 - Оның неше көзі бар?

 - Ал қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

 - Олардың түстері қандай?

 - Балалар, ендігі бағдаршамның көздері сөніп қалыпты, біз оны жағуымыз керек.

-Бағдаршамның көздерін жағуға көмектесесіңдер ме?

Балалар суретке мұқият қарайды. Сандықтардың бір-бірінен айырмашылықтарын табады.

 

 - Оң жақтағы сандықта құлып жоқ, ал сол жақтағы сандықта құлып бар.

Сол жақтағы сандық оюланған, ал оң жақтағы сандықта ою жоқ.

Сол жақтағы сандықтың аяғы бар, ал оң жақтағы сандықта аяқ жоқ.

Балалар тақпақтың мәтініне қарай саусақтарын бүгеді.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

Бағдаршам туралы.

- Бір.

- Көп.

- Шеңберге.

 

Әртүрлі.

- Иә.

Балалар бағдаршамның көздерін жапсырады.

Рефлексивті-түзетуші

 

 

 - Сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер?

Педагог балалардан алдымен оң жақтағы көршісін, кейін сол жақтағы көршісін атауды сұрайды.

Сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Таңертең, күндіз, кеш, түн – тәулік мезгілдерін

Түсінеді: қағаз бетінде оң жақты, сол жақты бағдарлауды

Қолданады: дайын пішіндерді дұрыс жапсыруды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз