Өлең, жыр, ақындар

Әдебиеттік оқу "Қайталау" сабағы 3 - сынып

Пәні: Әдебиеттік оқу    Күні:     Сыныбы:    3 «А»
Сабақтың
Тақырыбы:    Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
Сілтеме:        1.Әдістемелік құрал   2014 жыл
3-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу оқулығы
Авторлары : Б.А.Тұрғанбаева, З. Мүфтибекова
Портал материалдары
Мақсаты:
    «Туған елім – туған жерім» тарауы бойынша өтілген материалдарды пысықтап, бекіту. Оқушылардың бойларында туған жерге, туған елге, Отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.  
Күтілетін
Нәтижелер:
    Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, Отанға деген патриоттық сезім қалыптасады. 
Сабақтың  түрі:    Пысықтау сабағы
Пәнаралық байланыс:    Қазақ тілі, дүниетану
Қолданылатын әдістер:    Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, ойтолғаныс, топтастыру,  БЛУМ таксономиясы, АКТ. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.
Керекті  жабдықтар:
    Демонстрациялық материалдар, «Кубизм» стратегиясы, «Өрмекші торы» ойынына керекті  заттар, маркерлер, постер, стикерлер. 
Сабақтың  барысы:
Сабақ
кезеңдері    Уақыт     Мұғалім әрекеті    Оқушы әрекеті
Кіріспе


    1 мин

 

 

 

 

3 мин    Ұйымдастыру
Топқа бөлу
Сыныпты  түстер  арқылы  топқа бөлу

Психологиялық ахуал туғызу
«Мен саған сенемін»
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, тест жұмысы алынады. Жауап парағы арқылы көршіңді тексер.
    оқушылар түстер бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.
Топ басшысын сайлап,топ ережесін құрастырады.

Оқушылар бір-біріне сенімдерін білдіреді. 


Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды.
Критерийлер:
«5»- 0 қате
«4» - 1 қате
«3»- 2-3 қате
Тұсаукесер

 

    2 мин     «Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. Тақтадан су, жарық, тамақ, жылу бойынша суреттер көрсетіліп, сұрақтар қойылады. 
- Нелердің суреттерін көріп тұрсыңдар?
- Олардың қажеттілігі бар ма?
- Қандай маңызы бар?
- Осылардың ішіндегі ең маңызыдысы не?
- Ендеше, су туралы қандай мақал білеміз?
(Оқулықта берілген мақалмен жұмыс жүргізу) 
-Ендеше, оқулықта берілген 2-тапсырма бойынша адам өміріне ең қажетті ауызсу туралы өз ойымызды бірнеше сөйлемдермен дәптерге түсіріп көрейікші.      Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

2-тапсырма бойынша дәптермен жұмыс жүргізеді.
Негізгі бөлім
Білу    5 минут    3-тапсырма бойынша кестені толтыруды  ұсынамын .    Оқулықпен жұмыс, 77- бет. 
Оқушылар кестені толтырып, талдайды. 
Түсіну

 

    5 мин

 

    Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
1.Оқулықпен жұмыс
6-тапсырмада берілген ребусты шешеді. «Халық, тіл, отан» М.Мақатаев «Үш бақытым» өлеңі.    Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, 
Қолдану     
5 мин

    Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.
Топтық жұмыс.
7-тапсырма:  Мақалды толықтырып жазуға тапсырма беріледі.      Оқушылар  тапсырмаларды топпен орындайды.

 

Сергіту сәті
    2 мин    Сергіту сәтін жүргізу      Оқушылар әуен сазымен қимылды орнында жасайды.
Талдау


    5 мин    Мақсаты:
Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру.
8-тапсырма: 
Атауларды «Топтастыру» және «Кубизм»  стратегияларын  қолданып орындау.  
Өзен-көлдер:
Қалалар:    Оқушылар дәптерге орындайды. 
Жинақтау 

    8 мин    Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау
«Өрмекші торы» ойыны арқылы оқушылар бір-біріне сұрақтар қоя отырып сабақты қорытындылау.    Оқушылар тапсырманы орындайды.
Қорытынды
Рефлексия    6 мин    «Менің туған жерім» тақырыбында постер қорғауға тапсырма беріледі.

Топтық бағалауды ұсыну.


Кері байланыс    Оқушылар постер қорғайды.

Топтар бір-бірін бағалайды.

Оқушылар стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазады. 

Үйге тапсырма    1мин    4, 5- тапсырмаларды орындау.
    Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз