Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№35 «Балдырған» бөбекжайы
Информатика пәні мұғалімі
Казбекова Айман Темиркуловна
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Информатика
Тақырыбы: «Paint» графикалық редакторы
Мақсаты: Компьютер кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері туралы айту. «Paint» графикалық редакторы, құрал-саймандарын дұрыс пайдалана білу және командаларды орындай алу қызметін меңгерту.
Сөздік жұмысы: Компьютер, жүйелік блок, монитор, тышқан, пернетақта, пернелер, сандар, әріптер.
Көрнекілік құралдар: Компьютердің құрылғыларының суреттері. PAINT графикалық редакторының суреттері
Іс-әрекет кезендері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушы |
Балалармен амандасу. Компьютер құрылғыларын, қауіпсіздік ережесін айтып өту. Жаңа тақырыппен таныстыру. |
Амандасады. Компьютердің құрылғыларын, қауіпсіздік ережесін айтады. |
Іздену – ұйымдастырушы
|
PAINT графикалық редакторы туралы түсінік PAINT терезесімен таныстыру. Сергіту жаттығуын орындау. 1 дегенде тұрайық, 2, 3, 4-алақанды соғайық, Оң жаққа бұрылып, Сол жаққа бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Біз жүгіріп алайық. 5 дегенде асықпай, Орнымызды табайық. PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу. PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек. Пуск /Бас меню/ Барлық бағдарламалар/ Стандартты |
Мұғалімнің PAINT графикалық редакторы туралы мағлұмат алды.
Сергіту жаттығуын орындады 1 дегенде тұрайық, 2, 3, 4-алақанды соғайық, Оң жаққа бұрылып, Сол жаққа бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Біз жүгіріп алайық. 5 дегенде асықпай, Орнымызды табайық.
Компьютерге отырады. PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындайды Пуск /Бас меню/ Компьютерді өшіреді. |
Рефлексивті коррекциялаушы |
Көз жаттығулары: 1. Алдымен оң жаққа, содан соң сол жаққа. 2. Көз жанарыңды солға-жоғары, оңға –төменге қарай айналдыру. 3. Сағат тілі бойымен көзді айналдыру; Тез арадакөздіашып – жұму; 4. Көзімізді жиі-жиі жыпылықтатамыз. 5. 1-2 минуттай алысқа қараймыз, көзіміздің қарашығымен оңға жаққа, сол жаққа қараймыз.
- Саусақтарыңызды жұдырыққа бүгіп, қолыңыздың буынымен оңға қарай, кейін солға қарай айналма қозғалыс жасаңыз.
«Paint» редакторы туралы алған білімдерін сұрақтар қою арқылы білу. Балаларды мадақтау, бағалау. |
Көз жаттығулары: 1. Алдымен оң жаққа, содан соң сол жаққа. 2. Көз жанарыңды солға-жоғары, оңға –төменге қарай айналдыру. 3. Сағат тілі бойымен көзді айналдыру; 4. Көзімізді жиі-жиі жыпылықтатамыз. 5. 1-2 минуттай алысқа қараймыз, көзіміздің қарашығымен оңға жаққа, сол жаққа қараймыз. Саусақ жаттығулары: - Саусақтарыңызды жұдырыққа бүгіп, қолыңыздың буынымен оңға қарай, кейін солға қарай айналма қозғалыс жасаңыз. Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: «Paint» редакторы туралы білу
Болуы керек: «Paint» редакторын іске қоса білуі. Компьютердің құрылғыларын білуі
Қолынан келуі:Сұрақтарға, тапсырмаларға дұрыс жауап бере алуы
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі