Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№35 «Балдырған» бөбекжайы
Информатика пәні мұғалімі
Казбекова Айман Темиркуловна
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Информатика
Тақырыбы: Сиқырлы сандар
Мақсаты:
Білімділік: Компьютердің қызметі және құрылғылары қайталау. Компьютермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы айту.
Дамытушылық: Компьютердің енгізу құрылғысы пернетақтаның пернелері туралы түсінік беру. Delete, Enter батырмасымен жұмыс жасауды бекіту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Қауіпсіздік техникасының суреттері, компьютер құрылғыларының суреттері, проектр. Дидактикалық ойындар
Жаңа технология: Ақпараттық технология, ойын технологиясы және т.б
Іс-әрекет кезендері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушы |
Балалармен амандасу. Балалар бүгінгі оқу қызметіміз өткен тақырыптарды қайталауға арналғалы отыр. Қауіпсіздік техникасын сұрау. Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларын айтып өту. |
Қауіпсіздік техникасын және компьютер құрылғыларын атап өтеді. |
Іздену – ұйымдастырушы
|
Д/О: «Артығын тап» Шарты: Балаларға карточкалар таратылады. Осы суреттен артық затты тауып, неге артық деп ойлайтынын айтып өтеді. Қане, назарымызды экранға аударайық. «Санау әнін» тыңдау арқылы есімізге түсірейік. Енді балалар сандардың көршісін таба білемізбе? Мен сендерді тексергім келіп тұр. Д/О: «Сандардың көршісі» Шарты: Берілген карточкадан сандардың көршісін тауып, орнына қой. Жарайсыңдар балалар, шаршап қалған боларсыздар сергіту жаттығуын орындайық. Сергіту жаттығу: Бір, екі, үш, Еркін ұста денеңді, Тарсылданпай еденді Орнымыздан тұрып ап Жүгірейік бір уақ. Бір,екі,үш, бір,екі,үш. Олай болса, компьютерге отырамыз. Халатымызды киеміз. Компьютерді іске қосамыз. WortPad-ты ашып, 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандарын жазамыз.Еnter батырмасы арқылы курсорды төменге түсіріп, сандарды кері қарай жазамыз 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.
Жазған сандарымызды Delete батырмасымен өшіреміз. Еnter батырмасын басу арқылы курсорды төменге түсіріп, экраннан әріптер көрсетіп, оны қайталап айту. А, Т, Ғ, Н, Р әріптерін жазу. Денсаулық технологиясының элементі ретінде саусақ жаттығуларын орындау.
- Бір дегенде – бар күшіңізбен саусақтарыңызды жұдырыққа түйіңіз, екі дегенде – жан-жаққа тарбитыңыз. Ойын: «Әр қайсысын үйлеріне орналастыр» /компьютерден ойналады/ Компьютерден тұрамыз, халатымызды шешіп орнына ілеміз. Денсаулық сақтау технологиясының элементі ретінде көзге арналған жаттығуларды орындау /проектор арқылы слайд көрсету/ |
Д/О: «Артығын тап»
Экраннан «Санау әнін» тыңдайды. Д/О: «Сандардың көршісі»
Сергіту жаттығу: Бір, екі, үш, Еркін ұста денеңді, Тарсылданпай еденді Орнымыздан тұрып ап Жүгірейік бір уақ. Бір,екі,үш, бір,екі,үш.
Компьютерді іске қосады, халаттарын киеді.
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандарын жазады. Еnter батырмасы арқылы курсорды төменге түсіріп, 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1. сандарды кері қарай жазады. Delete батырмасын басу арқылы жазған сандарын өшіреді.
А, Т, Ғ, Н, Р әріптерін жазады. Саусақ жаттығулары:
Ойын: «Әр қайсысын үйлеріне орналастыр» ойынын ойнайды. /компьютерден ойналады/ Компьютерден тұрады, проектордан көзге арналған жаттығулар орындалады. |
Рефлексивті- коррекциялаушы |
Ұымдастырылған оқу қызметін қорытындылау мақсатында сұрақтар қойылады. 1. Компьютерді қалай іске қостық? 2. Delete батырмасы арқылы не істедік? 3. Қандай әріптерді жаздық? Жарайсыңдар балалар, өте жақсы, бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге! |
Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Бір–бірін мадақтап қол соғады |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Компьютермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін білуі, денсаулық сақтау технология элементтерін дұрыс орындауы
Болуы керек: Ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылығы
Қолынан келуі: Пернетақтадағы Delete, Еnter пернелерін пайдаланып, жаза білуі
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі