Өлең, жыр, ақындар

Сипаттау мәтіні 16-20 жаттығулар

Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектеп
Джанаева Сандуғаш Изтурганқызы
                                                                                                               

Сабақтың тақырыбы: Сипаттау мәтіні 16-20 жаттығулар

Сабақтың мақсаты:

1. Сипаттау мәтіні туралы ұғымдарын тереңдету, сипаттаудың не үшін қажет екенін аңғарту заттың нақты белгілеріне қарай өзара салыстырып, сипаттай білуге үйрену.
2. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, қызығушылығын арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Өзара ынтымақтастыққа, қайырымдылыққа, жылдамдыққа, алғырлыққа баулу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, дидактикалық материалдар, электрондық оқулық.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, математика, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Үш тілде амандасу. 

Психологиялық дайындық. Слайд 1

Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмен.
Байыптап жақсы оқысаң,
Негізі менде білімнің.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 12-жаттығу, 32-бет. Слайд 2 Жұмбақты жатқа сұрау

- Жұмбақ не туралы?

- Бұл мәтіннің қай түріне жатады?

-Қандай белгілері үкінің?

- Жүні қандай? - Жүні жұмсақ, үлпілдеген

- Тұяғы қандай? - Тұяғы өткір

- Тұмсығы қандай? - Тұмсығы имек

ІІІ. Жаңа сабақ. Слайд 3

Жақсы олай болса ведиороликке назар аударайық. (мәтін туралы)

Сұрақ-жауап

- Мәтін деген не?

- Мәтіннің түрлері қайсылар?

- Әңгімелеу мәтіні дегеніміз не?

- Сипаттау мәтіні дегеніміз не?

- Пайымдау мәтіні дегеніміз не?

ІV. Оқулықпен жұмыс  Слайд 4

Көркем жазу.  Кк  ,  Күз   Слайд5 

Боданбек аққұба өңді, жұқалтаң, қағылез. Ал Шоғанбек жалпақ беттеу, бақа-бастау, тотыққан қызыл қоңыр, жұп-жұмыр, төртпақтау.

17-жаттығу. «Бұл қандай құс?» ойыны Слайд 6 (қарлығаш пен сауысқан суреті)

 Көлемі                                            Түсі, түрі                                                      Ерекшелігі

Қарлығаш

Шағын денелі                           Қара ала, ұзын қанатты,                              Жемін ұшып жүріп ұстайды.

                                               Үшкір, құйрығы айыр,                    

                                               Тұмсығы қысқа.

Сауысқан

Орташа денелі                        Қара ала, бауыры ақ, өте сақ, ұғымтал

                                              Құйрығы ұзын.                                                    Жалтыр, әшекейлі заттарға әуес

                                                                                                         

Сергіту сәті: «Қай жеміс» ойыны Слайд 7

Оқушының көзін байлап,қолдарына әр түрлі жемістер береді.Сол жемістерді атын атап,сипаттап береді.

18-жаттығу, ауызша  Слайд 8

Қайың мен Қарағайды сипаттау

Қайың - ақ түсті қабығымен ерекшеленетін әдемі ағаш. Өмір сүру ұзақтығы - 100-150 жыл.Ол көктемде ерте бүршік атады. Қайың ағашының бұтағы мен діңі берік, әрі шымыр, жапырағы жұмыртқа пішіндес, жиектері ара тісті. Сәуір, мамыр айларында гүлдейді. Тез өседі, емдік қасиеті бар.

Қарағай - қылқаны ұзын, жуан болады. 500-600 жыл өмір сүреді. Жасыл, қылқан жапырақты ағаш. Қарағай ағашы мықты, қатты ағаш. Оны кеме жасауда, авиацияда, теміржолда, құрылыста қолданады. Емдік қасиеті көп.

19-жаттығу. Өлеңнің 2-ші шумағын көшіріп жазу. Бұлан мен Құланды салыстырып жазу. Слайд 9

Бұлан - бұғылардың ең ірі түрі. Тұяқты жануар, салмағы 600кг-дай, тұрқы 2 метр, түсі қыста қара қоңыр, жазда қоңырқай, басы, аяғы ақшылдау. Жайық өзен аңғарында, солтүстікте, Ертіте, Алтайда кездеседі. Үлкен мүйіздері бар. Шөппен, ағаш қабықтары, бұталармен қоректенеді. Қызыл кітапқа енгізілген. Бұланның мүйізі өте бағалы, шипалық қасиеті де бар. Сүті құнарлы, еті, терісі де пайдалы. Бұғы сияқты қолға үйретіліп келеді.

Құлан - жабайы жылқы, Сыртынан қарағанда құланның есекке де (басы үлкен, құлағы ұзын, құйрығы қысқа, кекілі жоқ, жалы тік), жылқыға да (жүріс-тұрысы ширақ, дене бітімі сымбатты, сирақтары ұзын) ұқсайтын ерекшелігі бар. Дене тұрқы 210 – 240 см, шоқтығының биіктігі 112 – 126 см, салмағы 190 – 260 кг аралығында. Түсі сарғыштау, жотасында қара қошқыл жолағы болады, құйрығының ұшы қара, бауыры мен сирақтары ақшыл келеді. 

V. Сабақты электронды оқулықтағы тапсырмалар арқылы қорытындылау.

Үйге тапсырма: 20-жаттығу

VI. Бағалау. Мадақтау

«Екі жұлдыз, бір тілек» оқушылыр сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, тілек ағашына жапсыру.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз