Өлең, жыр, ақындар

7 санын қосу және азайту

Ақшұқыр мектеп-лицейінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Джумагалиева Назира Сейткуловна

 

Сабақтың атауы

7 санын қосу және азайту 

Мақсаты

Білімділігі: оқушылардың 7 санын қосу және азайтудың әдіс - тәсілдерімен таныстыру. Сандар құрамы туралы білімдерін кеңейту. Ауызша, жазбаша саналы түрде есептеуге дағдыландыру.
Дамытушылығы: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, қабылдау, қосу және азайту амалдарының өзара байланысы негізінде логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды сандарды дұрыс айтуға, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Типі: жаңа білім беру.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Техникалық оқыту құралдары: интерактивті тақта

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Біз бақытты баламыз,
Ойнап күліп аламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік баламыз.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

                                  Математикалық диктант
   - 5 ондық және 1 бірліктен тұратын санды жаз.
   - 16 санын 6 - ға кеміт
   - Азайғыш 70, азайтқыш 20, айырманың мәнін тап.
   - 8 санын 2 - ге арттыр.
   - Бірінші қосылғыш 30, екінші қосылғыш 5, қосындының мәнін тап.
   - 80 мен 20 сандарының айырмасын тап.
   - 8 - ден артық, 10 - нан кіші санды жаз.
   - 100 санынан 30 - ды кеміт.

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп,орындау.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді, шашағандары басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

  Жұмбақ есептер.
  Буыршын мен атан бар,
  Тайлағым мен ботам бар.
  Үш інгенге иемін
  Санын айтшы түйенің? (Жеті)
  Аулада бес үйрек,
  Қорада үш үйрек.
  Бір үйрек тығылды,
  Қалғаны неше үйрек? (Алтау)
  Бесбайда бар бес іні,
  Естайда бар пен екі іні,
  Қоссаң бес пен екіні,
  Неше екен шешуі? (Жетеу)
  Жеті туралы қандай ұғымдар білетінін сұрау.
  (Оқушылар өз білетіндерін айтады.)
  Жеті ата
  Жеті нан
  Жеті қазына
  Жеті қарақшы
  Жеті күн
  Жеті киелі сан
  Жеті тақ сан


  ІV. Логикалық тапсырма
  Үш дос шахмат ойнады. Әр бала 2 партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойнады?
  «Жылдам, бірақ шатаспа!» ойыны.

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз