№ 49 «Думан» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Ортаңғы қазақ тобына арналғана ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні: 13.12.2016ж
Тобы: «Көбелектер» ортаңғы қазақ тобы.
Тәрбиеші: Таухабаева Венера Мақсатқызы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты: Ермексазды алақанға салып айналдырып, әртүрлі көлемдегі домалақтар жасау және оларды өзара біріктіруді үйрету; аққала жасауда әр түрлі материалдарды қолдана білуге баулу, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балалардың тілін дамыту және сөздік қорын дамыту.
Керекті құралдар: қыс көрінісі, үлестірмелі материалдар, ақ түсті ермексаз, мүсіндеуге арналған таяқша, ермексаз кесетін құрал, сулық, Аққала (қуыршақ).
Билингвальді компонент: аққала-снеговик, қыс-зима, қар-снег.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық–қозғаушылық |
Ойын жағдаят - Балалар, менің жұмбағымның жауабын табыңдар Мені ешкім өсірген жоқ, Қыста ғана боламын Көздерім қара көмірден Мұрным менің сәбізден Суықпын, аппақпын Мен, кім екенмін? |
Жұмбақты тыңдайды, ойланып шешуін табады. Жауабы: «Аққала» |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
- Неге оны осылай атаймыз? - Оны қалай жасайды. Дидактикалық ойын: «Аққала» құрастыр - Менде мынандай әртүрлі дөңгелектер бар, солардан аққала құрастырайық. - Балалар, сезесіңдер ме, топ бөлмесі салқындап кеткен тәрізді, тықырлап біреу келе жатқан сияқты. Бізге кім келді екен? Ғажайып сәт. Топқа аққала кіреді Сөздік жұмыс:жапалақтап Сергіту сәті: - Балалар, біздің Аққала көңілсіз сияқты Аққала: - Сендерге жасқсы, көңілді, бәрің бірге жүресіңдер. Мені балалар жалғыз қалдырып, үйлеріне кетіп қалады. Содан кейін менің көңіл күйім құлазиды. Мына фотосуретте де мен жалғызбын. Тәрбиеші: - Біз балалармен саған көмектесейік,көп дос тауып берейік Аққала: Әрине, маған дос керек. Жұмыстың орныдалу ретімен танысады: - Өзіміз білетін домалақтау тәсілімен үш түрлі дөңгелек бөлшек жасаймыз. Ол бөлшектерді қолмен жапалақтап, саусақпен тегістейміз. Аққала бөлшектерін қолымыздағы үйдің ауласына жапсырамыз. Содан соң жұмыртқа қабығын ұсақ бөлшектерге бөлшектейміз. Осы бөлшектерді Аққаланың бөлшектеріне жапсырып шығамыз. Ұсақ бөлшектерін толықтырамыз. Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Билингвальді компонент: аққала-снеговик, қыс-зима, қар-снег |
- Себебі оны қардан жасайды Балалар қатырмақағаздан қиылған түрлі дөңгелектерден үстел бетінде аққала құрастырады.
Аққаланы тыңдайды.
Қайталайды.
Балалар тәрбиешінің көрсеткенін қайталап, түрлі қозғалыстар жасайды.
Әңгімені тыңдайды.
Көмектесуге ынта білдіреді
Балалар мүсіндеу үшін өажетті ермексазды таңдап алады.
Жұмыстың орындалу кезеңдерімен танысады.
Қайталайды |
Рефлексиялық- Түзетушілік |
Тәрбиеші және Аққала балалардың жасаған жұмыстарын қарап, еңбектенгендері үшін балаларға рахметін айтады. Аққала: - Балалар, сендерге үлкен рақмет Маған енді қорқынышты емес,қызықсыз да болмайды. Маған тез далаға шығу керек, әйтпесе мен еріп кетуім мүмкін. Балалармен қоштасады. |
Қуаныштарын білдіреді.
Аққаламен қоштасады |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: әртүрлі материалдарды пайдаланып, Аққаланы мүсіндейді
Түсінеді: табиғатты аялау қажеттігін;қыс мезгілі туралы;
Қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі