Өлең, жыр, ақындар

В дыбысы мен әрпі. Бекіту

Сауат ашу 1 «Е» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: В дыбысы мен әрпі. Бекіту

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: В дыбысының айтылу ерекшелігін байқату, в дыбысы бар сөздердің орыс тілінен енгендігін аңғарту, в әріпі бар сөздердің мағынасын түсіндіріп, оларды дұрыс жазуға үйрету, в дыбысы туралы алған білімдерін кеңейту.

2) Дамытушылығы: Балалардың ойлау, есте сақтау, қиялдау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын арттыру. Балаларды в әріпі бар сөздерді дұрыс айтуға және қатесіз жазуға машықтандыру

3) Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, өзара сыйластыққа, саналылыққа баулу, ұйымшылдық пен еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, оқулық, аквариум суреті, интерактивті тақта, электронды оқулық, үлестірмелі қағаздар.

Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, ойын

Типі: Білім бекіту

Түрі: Саяхат сабақ

Пәнаралық байланыс: Денешынықтыру, дүниетану, орыс тілі

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

- Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы. Себебі бүгін бізде көптеген қонақтар отыр.
Психологиялық дайындық

“Қайырлы күн” деп айтамыз

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз

Көңілді өтер күніміз.

“5” болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнерменен өрістеп,

Өсе берсін санамыз.

- Балалар, біз «Ғажайып В дыбысы» әлемінде саяхаттап барамыз

Ал, балалар жүрелік

Асықпай ғана мінелік

Ғажайып В - ның сырларын,

Бүгінде оқып білелік.

Ал, ендеше, балалар,

Жылдамырақ жүрелік.

Бүгінгі саяхатымыздың алғашқы аялдамасы «Білгенге маржан» деп аталады.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Мұнда үйге берілген тапсырмамен танысу, білімдерін кеңейту.

Балалар ғажайыптар еліндегі тапсырманы жақсы орындадық, енді ары қарай жүріп, в дыбысы әлемінің ғажаптарының сырын ұғуға асығайық.

Ал, балалар жүрелік

Вагонға тез - тез мінелік

Айналып өтіп бұл жерден

Келесі елге жетелік.

- Балалар, біздің алдымыздан кездескен ел « Сиқырлы әріптер» елі деп аталады екен.

- Кәне, бұл жерде бізге қандай тапсырма беріліпті. « Қай әріпті жоғалттым?» ойынын ойнату.

- Балалар, біз «Ғажайып В дыбысы» әлемінде саяхаттап жүрміз иә. Бүгін біз тағы да В әрпін әлемдегі сиқырлы вагондардың көмегімен жолда кездесетін тапсырмаларды орындайтын боламыз.

- Ал кәне, саяхатты жалғастырайық, жолға шығуға дайындалыңдар?

Кәне, вагондарға жайғасайық.

2) слайд

Ал, балалар жүрелік

Асықпай ғана мінелік

Ғажайып В - ның сырларын,

Бүгінде оқып білелік.

Ал, ендеше, балалар,

Жылдамырақ жүрелік

- Ал, балалар, сиқырлы вагонға жайғастық.

Саяхаттаған адамның алдынан небір қызық, жұмбағы көп әлемдер қақ ия. Ендеше бізді де жолымызда «Ғажайып жұмбақтар әлемі» күтіп тұр екен. Бұл жерде бізге бірнеше жұмбақтарды шешуге тура келеді, кәне, дайынбыз ба? Шешуін тапсақ қана бұл елге кіре алады екенбіз.

- Өте жақсы балалар, ендеше оқулығымызды ашалық. В әлеміндегі кезекті тапсырмамыз жұмбақты шешу керек.

Үй ішінде - бөлме,

Бөлме іші - көлде.

Түрлі ұсақ - балық,

Жүзді сайран салып.

- Шешуі не екен? - Аквариум

- Аквариум дегеніміз не, білеміз бе? Көргенбізбе?

4) слайд Аквариум суретін көрсету.

Аквариум сөзі де орыстілінененгенекен. Бұлсөздіңқазақшасықандаймағынабередідепойлайсыңдар? ( оқушылардысөйлету)

- Дұрыс. Аквариум - қолдабалықөсіругеарналған су құйылғаншыныыдыс.

- Өтежақсыбалалар, ал енді осы жұмбақтыңшешуінқатыстырыпсөйлемқұрапкөрейікші.

1. Мен аквариумнентүрлібалықтардыкөрдім.

2. Арманаквариумдегібалықтарғажемберді.

Аквариум сөзінбуынғабөлдіреотырып, в дыбысыныңорнынанықтату.

- Өтежақсыбалалар, аквариумненбасқатағықайжерлердебалықтарболады?

- Өзен, көл, су тоғандарында.

5) слайд ( өзен, көл, ағын су суреттерінкөрсету)

6) слайд Океанариум суретінкөрсету, бас қаланыңмақтанышыныңбіріекенінайту.

Сергіту сәті. «Пингвиндер биі»

Поездардың тұрағы,

Үп – үлкен боп ғимарат

Жол бойында тұрады. ( Вокзал)

Жаңа сабақ. Вв дыбысы мен әрпі бекіту.

«Вокзалда» мәтінін оқып таныстыру, тізбектеп оқыту.

Оқулықпен жұмыс

Мен тағы да жылжимын

Қалыспаңдар балалар

Жолда келе жатқанда

Жан - жағыңа қараңдар

Қарап едік алысқа

Өсіп тұрған алып бір

Түсті көзіміз ағашқа.

- Ой, балалар, қандай алып ағаш екенін көргілерің, білгілерің келе ме? «Сиқырлы ағаштар» әлеміне келдік.

-Ол үшін ауада жазамыз,тақтада жазамыз.

Ол үшін дәптерімізді ашып жазайық. Әдемілеп жазсақ суретті көре аламыз.

Эвкалипт ағашының суретін көрсету.

- Балалар, өсіп тұрған ағаштарды шауып, қырқуға болады ма? Неге?

Себебі ағаштар

1. Жанымызға сая, көлеңке болады.

2. Жемісін жейміз.

3. таза ауа сыйлаушы

4. Боранда пана, ық болады.- сондықтан да ағаштарды есік алдына болсын, мектеп ауласына болсын көбірек отырғызуымыз керек. Өсімдіктерді қорғау біздің парызымыз.

4) Қорытынды, «Сиқырлы әліппе» әлеміне келдік.

- Балалар, саяхатымыз сәтті болды деп ойлаймын. Көп нәрсені білдік, В әрпі бар сөздерді дұрыс жазуды үйрендік.

- Ал, балалар, бәріміз мұнда қарайық. - Өте жақсы балалар, ендеше бүгінгі сабағымыз да аяқталды. Сау болыңдар.

5) Бағалау.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, мадақтау.

- Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыспен таныстық?

- В дыбысы қандай дыбыс?

- В дыбысы кездесетін қандай сөздер білеміз?

Сонымен балалар біздің бүгінгі сауат ашу сабағымыз аяқталды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер