Шымкент аграрлық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы
Баинбетова Ботакоз Рахманкуловна
Зертханалық-практикалық сабақтың жоспары
Пән аты: Кәсіптік қызметтегі ақпараттық технология
Оқытушы: Баинбетова Б.Р.
Дәрістің түрі: Зерханалық сабақ.
Оқыту әдісі: пракикалық талдау, тексеру өзіндік жұмыс.
Дәрістің тақырыбы: Диаграмма тұрғызу. Диаграмма типтері.
Дәрістің мақсаты:
Білімділік: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері (диаграммалар) туралы оқушыларға түсінік беріп, диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммаларды құруды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерде жұмыс істеу барысында есте сақтау және зейіндік логикалық ойлау қабілеттерін, пернетақтада жұмыс істеу жылдамдығын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, компьютерлік сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, техника қауіпсіздік ережесін сақтауға, жылдамдылыққа, шапшаңдыққа, өздігінен шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.
Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар: Графопроектор, компьютерлер, Ехсеl бағдарламаcы, нұсқаулық кітапша, таратпа материалдар.
Дәріс барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушылардың қатысымын тексеру, сырт көрінісіне және төс белгісіне назар аудару, зертхана тазалығына көңіл бөлу. Оқушының зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Оқушыларды теориялық тақырып бойынша тексеру:
1. Тест орындайды.
1. А1 ұяшығындағы деректі В1 ұяшығындағы дерекке бөлу өрнегі Excel бағдарламасында қалай жазылады.
А) =А1/В1
Б) =А1ˆВ1
В) =А1\1
Г) =А1:В1
2. Электрондық кестеге арналған өрнектің жазылуын көрсетіңіз
А) =А2*А3-А4
Б) А5В5-23
В) =С3+4*Д4
Г) С3=С1+2*С2
3. Диаграмма дегеніміз бұл –
А) деректерді сызбалық түрде ұсыну
Б) деректерді сыртқы безендіру, сондай-ақ олардың мазмұнындағы деректер пішінін түзету
В) әрбір жолдың сол жақ бөлігінде орналасқан нөмірленген шендер
Г) логикалық тізбек құрайтын ұяшықтар бірізділігі
4. Excel бағдарламасының қітабына диаграмманы қандай әмірлердің көмегімен үстеуге болады?
А) құралдар-диаграмма шебердің қадамдарын тізбекті түрде орындау
Б) Диаграмма-Диаграмманы үстеу
В) көрініс-Диаграмма-Диаграмманы үстеу
Г) Кірістіру-Диаграмма-Диаграмма шеберінің қадамдарын тізбекті түрде орындау
5. Excel бағдарламасында өрнекті өңдеуге бола ма?
А) Дұрыс жауабы жоқ
Б) жоқ
В) кейбір жағдайда
Г) иә
6. Excel бағдарламасында өрнекті енгізу кезінде жақшаны пайдалануға бола ма?
А) иә, тек абсолютті сілтемелерді пайдалану кезінде ғана
Б) жоқ
В) иә
Г) иә тек абсолюттік сілтемелерді басқа парақтарға пайдалану кезінде ғана
7. Excel бағдарламасындағы СРЗНАЧ жетесі нені анықтайды?
А) ең қысқа мәтінді іздестіруді
Б) Ұяшықтарды бөлудің орташа мәнін
В) берілген ұяшықтар ауқымының орташа арифметикалық мәнін
Г) сандарды кемуі бойынша ретке келтіруді
8. Excel – де өрнек қандай нышаннан басталады?
А) +
Б) бос орын
В) мәні жоқ
Г) =
9. Excel бағдарламасы құжатында өрнекті дұрыс жазу нұсқасын көрсетіңіз.
А) =А3:100
Б) =50х 100
В) =50$100
Г) А3*В3
10. Excel бағдарламасында ҚОСЫНДЫ жетесі не үшін қолданылады?
А)көрсетілген сандардың квадраттарының қосындысын табу үшін
Б) көрсетілген сандардың қосындысын табу үшін
В) көрсетілген сандардың квадратын табу үшін
Г) сандар қосындыларының айырмасын табу үшін
11. Excel бағдарламасында сұрыптаудың қандай түрлері бар?
А) артуы бойынша сұрыптау: кемуі бойынша сұрыптау
Б) төмендеуі бойынша сұрыптау: кему реті бойынша сұрыптау
В) көбейту бойынша сұрыптау: арттыру бойынша сұрыптау
Г) төмендеуі бойынша сұрыптау: жойылуы бойынша сұрыптау
12. Excel бағдарламасында деректерді сұрыптау дегеніміз бұл....
А) Деректерді сүзгіден өткізу
Б) Деректерді кемуі бойынша ретке келтіру
В) Деректерді артуы бойынша ретке келтіру
Г) Деректерді артуы немесе кемуі бойынша ретке келтіру
13. Excel бағдарламасында диаграмма..... үшін қолданылады
А) сандық деректер мен өрнектерді енгізу
Б) ақпаратты сызбарлық түрде ұсыну
В) бағандарды сызбалық түрде кескінделу
Г) бағандарды немесе жолдарды құрастыру
14. Excel бағдарламасында есептеу жүргізу үшін өрнекті қалай теру керек?
А)Ұяшықты бөлектеу, « = »таңбасын теру таңбаларды қалдырып кепей өрнекті жазу
Б) Ұяшықты бөлектеу, өрнекті жазу
В)Ұяшықты бөлектеу, « = » таңбасын теру, амалдық таңбаларды қалдырып кетіп өрнекті жазу
Г) Ұяшықты бөлектеу, жауапты бірден енгізу
15. Excel бағдарламасында ӨЗҚОСЫНДЫ әмірі не үшін керек?
А) бағандарды немесе жолдарды сызбалық түрде құру
Б) ұяшықтар қосындысын есептеу
В) ақпаратты сызбалық емес түрде ұсыну
Г) ақпаратты сызбалық түрде ұсыну
Тапсырмардың орындалу жоспары:
1. MS Excei-бағдарламасында диаграмма тұрғызу. Кестеде берілген мәліметтер бойынша ұшақтық суретін шығару. Функцияға график типін таңдап диаграмма тұрғызу, және кестеге толтыру.
І деңгей
1. y=2x+1 функцияға нүкте типі таңдап диаграмма тұрғызу.
2. y=x3 функцияға график типін таңдап диаграмма тұрғызу.
3. y=2x2 функцияға нүкте және график типін таңдап диаграмма тұрғызу.
ІІ деңгей
Функцияға гистограмма типін таңдап диаграмма тұрғызу, және кестеге толтыру. Қазақстан халқының ұлттық құрамы (%)
ІІІ деңгей
Бір күндік іс-әректтерімізді тізбектейтін диаграмма тұрғызу керек. (Уақыт мөлшері сағатпен шамалап өлшенеді).
1. «Графика» сөзжұмбақ:
1. Деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған. (диаграмма)
2. Бағандық диаграмманың басқаша атауы. (гистограмма)
3. Диаграмма типінің бір түрі. (сақиналық)
4. Бұл жол белсенді ұяшықтың мәнін көрсетеді. (формула жолы)
5. Диаграмма осі. (вертикаль)
6. Excel қандай бағдарлама? (кестелік)
7. Диаграмма элементтерінің бірі. (аңыз)
ІІІ. Зерханалық жұмыс:
1. Әр оқушыны жеке компьютерлерге отырғызып, нұсқау кітапшаларын тарату.
2. Сабақ өткізуге нұсқау беру.
3. Тапсырмаларды орындау:
1. MS Excei-бағдарламасында диаграмма тұрғызу. Кестеде берілген мәліметтер бойынша ұшақтың суретін шығару. Функцияға график типін таңдап диаграмма тұрғызу, және кестеге толтыру.
І-деңгей
1. y=2x+1 функцияға график типі таңдап диаграмма тұрғызу.
2. y=x3 функцияға нүкте типін таңдап диаграмма тұрғызу.
3. y=x2 функцияға нүкте және график типін таңдап диаграмма тұрғызу.
ІІ-деңгей
Функцияға гистограмма типін таңдап диаграмма тұрғызу, және кестеге толтыру.
Қазақстан халқының ұлттық құрамы (%)
ІІІ деңгей
Бір күндік іс-әректтерімізді тізбектейтін диаграмма тұрғызу керек. MS Excel-ге енгізейік. (Уақыт мөлшері сағатпен шамалап өлшенеді)
VI. Сабақты қорытынды, бағалау. Оқушыларды тапсырма орындау деңгейіне қарай, бағалау.
V. Үй тапсырмасы:
Еліміздегі жайлымдағы ірі қара мал мен ұсақ малдардың сандарының диаграммасын тұрғызу.
Пайдаланылатын әдебиеттер: О.Камардинов, «информатика», Ғылым-2004ж. 263-265, беттер.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі