Өлең, жыр, ақындар

«Жұлдызды сағат» атты физикалық кеш

                   « Жұлдызды сағат » атты физикалық  кеші

Мінеки  залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қостайық,

Кешіккендерді тоспайық

Ғылымдардың ғылымы,

Физикамыз жайында

Кешімізді бастайық.

 

Қайырлы күн құрметті көрермен!

Сөз бастайын термелейтін өлеңмен.

Тәрбиелі,білімді боп әрқашан

Өс,өркенде, қанат жайып кемелден.

 

  Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірлі көрермендер!

Баршаңыз да «Жұлдызды сағат» атты ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер!

  Біз бүгінгі кешімізді 9-шы сыныптардың арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық. Бұл ойынға әрбір сыныптан бір-бір командадан қатынасып отыр.Ендеше,ортаға ойыншыларымызды шақырамыз: «Күш» командасы, «Қуат» командасы.Ойыншыларымызға қол соғып, қошамет көрсетіп қояйық.

  Ал,қазір ойын шартымен таныстырып өтейік.Жалпы ойынымыз 7 турдан турады.

 

 

  1. Сәлемдесу рәсімі.
  2. Жорға.
  3. Тапқыр болсаң-тауып көр.
  4. Бәйге.
  5. Кім жылдам.
  6. Жұмбақтар әлемінде.
  7. Капитандар сайысы.

 

Армысыздар,қымбатты төрешілер,

Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздерде әділ баға берерсіздер-

дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар              алқасымен танысып өтейік:

 

 

Кезек,келіп,өжеттеніп,сөз аппын,

Танысайық, ғажап ойын,ғажап күн!

Тегіміз бір-батырақ та,байда емес,

Емеспіз бе, азаматы қазақтың!-демекші

 

 

1-тур Командалардың сәлемдесу рәсімі.

Мұнда әрбір команда өздерін таныстырып, әділ қазыларға, көрермендерге

және қарсыластарына сәлем береді.Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға

берейік.

 Міне, біз ойыншыларымызбен таныстық.Осы сәлемдесу рәсімінің бағасын

беріңіздер. Ең жоғарғы ұпай - 5.Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.

2-тур. «Жорға»

 Әр командаға сұрақтар оқылады,әрбір дұрыс жауап үшін бір ұпайдан

беріледі.Сонымен команда капитандары шығып сұрақтарды таңдап алсын.

1 – сұрақтар тобы

1.Энергияның дененің көбірек қозған бөлігінен азырақ қозған бөлігіне қарай таралуы. – Жылу өткізгіштік

2.Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы – Қатаю, кристалдану.

3.Тұтас алғанда бүкіл атом заряды-Бейтарап

4.Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал-Амперметр

5.Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын шама.-Кернеу.

6.Қуат бірлігі-Ватт (Вт)

7.Бойымен жарық таралатын сызық-Сәуле

8.Сандық мәнімен, бағытымен сипатталатын физикалық шамаларды басқаша қандай шамалар деп атайды?-Векторлық

9.Материяның ажырамас қасиеті?-Қозғалыс

10.ХБЖ  жылдамдық бірлігі-(м/с)

11.Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық векторлық шама  – Үдеу

12. Еркін түсу үдеу неге тең ?- 9,8м/с2

13.Период қандай әріппен белгіленеді ? – Т

14.Бұрыштық жылдамдықтың бірлігі ? – (рад/с)

15.Сызықтық жылдамдық пен бұрыштық жылдамдық арасындағы қандай байланыс бар -

16.Цетрге тартқыш үдеу қалай бағытталған ? – Центрге қарай

17.ненің графигі ? – Парабола

18.Материалық нүктенің айналу центрінің маңында 1 с. ішінде жасайтын айналым саны -  Жиілік

19. Жылдамдық қандай әріппен белгіленеді ? -

20.Жол қандай шама ? – Скаляр

 

2 – сұрақтар тобы

1.Жұмыс істемей – ақ дененің ішкі энергиясының өзгеру процесі – Жылу берілу

2.Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы – Балқу

3.Дененің электрленгенің анықтауға арналған прибор – Электроскоп

4.Атомдағы теріс зарядталған бөлшек – Электрон

5.Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы – Электр тогы

6.Кернеу бірлігі – Вольт (В)

7.Тоқ күші кернеуге тура кедергіге тура пропорционал.Бұл кімнің заңы ?- Ом заңы

8.Қарастырылып отырғын жағдайда өлшемі мен пішінің ескермеуге болатын дене ?- Материалық нүкте

9.Векторлардың проекциялары қандай шамалар болады ?-Скаляр

10.Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді ?-Спидометр

11.ХБЖ үдеудің бірлігі ?- (м/с2)

12.Еркін түсу үдеуі қандай әріппен белгіленеді ? - g

13.Нүктенің шеңбер бойымен 1 айналым жасауға кеткен уақыты ?-Период

14.Шеңбердің 2 радиусының арасындағы центрлік бұрыш – Радиан

15.Орын ауыстыру қандай шама ? –Векторлық

16.Уақыт қандай әріппен белгіленеді ? – t

17.Шеңбер бойымен қозғалған дененің бұрыштық жылдамдығы қалай бағытталады? - Шеңбердің бір нүктесінен жүргізілген жанама бойымен  бағытталады.

18.Уақыт қандай прибормен өлшенеді ? – Сағат

19. қандай қозғалыстың теңдеуі ?- Бір қалыпты үдемелі

20.Өте аз орын ауыстырудың осы орын ауыстыруға кеткен өте өз уақытқа қатынасы не болып табылады – Лездік жылдамдық

 

Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.

 

 3-тур  «Тапқыр болсаң-тауып көр!»

Әр командаға ребус пен сөзжұмбақ беріледі.Оны да капитандары шығып

алады.Шешімдері қазылар алқасына беріледі.

 

4тур  «Бәйге»

 Әр команда берілген қағазға белгілі бір уақыт ішінде білетін барлық физикалық

шамаларын жазады. Жауаптары қазылар алқасына беріледі,әрбір физикалық

шама үшін бір ұпайдан беріледі.

 

5-тур  «Кім жылдам?»

Конверттегі берілген сөздердерден әр команда жарыса  физикалық мағынасы бар мақал құрастырады.

1-мақал.

Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды.

2-мақал.

Аузы күйген үрлеп ішеді.

3-мақал.

 Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

 Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік,олар соңғы үш турдың бағасын айтады.

 

 6-тур «Жұмбақтар әлемінде»

 Барлық командаға бірдей жұмбақтар оқылады, әр команда жарыса жауап береді.Бір жұмбаққа бір ұпайдан беріледі.

1-жұмбақ.

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың.   (Жол – путь - way)

2- жұмбақ.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың?  (Уақыт – время - time)

3- жұмбақ.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?   (Жылдамдық – скорость - speed)

4- жұмбақ.

Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді.   (Үдеу – ускорение - acsebereihen)

5- жұмбақ.

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді.     (Күш – сила - pover)

6- жұмбақ.

Бірдей көлемдегі масса кейде көп,

Аз болса да кейде дөп.

Делінеді бұл шама,

Аталуын тапшы тек.  (Тығыздық – плотность - density)

7- жұмбақ.

Күш көбейсе артады,

Аукадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады.      (Қысым- давление - pressure)

8- жұмбақ.

Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл.        (Масса-масса - mass)

7-тур «Капитандар сайысы».

Әр команданың капитандары  берілген есепті шығарулары керек.

1-есеп.

 Велосипедші еңіске қарай 0,5м/с2 үдеумен қозғалып келеді.

Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 6 м/с-қа тең болса, 0,1 мин өткенде оның жылдамдығы қандай болады?

2-есеп.

 Тыныштық күйден 0,2 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 10 м жол жүреді?

 Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз.Ойынымыздың жалпы қорытындысын әділ қазылар есептегенше кезекті әнге береміз. Асан  Молдірдің орындауындағы  «Атамекен » әнін қабыл алыңыздар.

Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

  Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Пікірлер (2)

saramakuova

heart  тіл білу - жақсы , тіл үйрету одан да ...

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз