Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы
Шыңғырлау ауылы
Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің
"Бөбек" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Тәрбиеші: Сатбаева Сания Беркиновна
Мен білетін жалғыз әдемілік - ол денсаулық.
Гейне Генрих
1-слайд
«Релаксация - ол қарапайым босаңсу емес, ол денсаулыққа жол»
Сатбаева Сания Беркиновна “Балдырған” ІІ-кіші тобының
ІІ-санатты тәрбиешісі
2-слайд
Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажеті заман талабынан туындайды. Осыған орай жұмыстың объектісі мектепке дейінгі жастағы баланың денсаулығын қорғау болып саналады. Мектепке дейінгі кезең бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезеңі екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке-жүйелері мен дене мүшелерінің ,жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса түскен кезі. Сондықтанда мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау іс-шаралары кешенді де жүйелі жүргізүлуі қажет. Сонда ғана өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады.
3-слайд
Денсаулық сақтау технологиясы балабақшада мынадай бағытта жүргізіледі:
а) Денсаулық сақтау және ынталандыру технологияларына жағдай жасау
б) Салауатты өмір салтын үйрету технологиясы
ә) Түзету технологиялары
Денсаулық сақтау және ынталандыру технологияларына мыналар жатады:
- Сергіту сәті
- көзге арналған жаттығулар
- тыныс алу жаттығулары
- қимылды ойындар
- саусаққа арналған жаттығулар
- ритмопластика
- релаксация
Салауатты өмір салтын үйрету технологияларына мыналар жатады:
- ертеңгілік жаттығулар
- нүктелі жаттығулар
Түзету технологияларына мыналар жатады
- ертегі терапия
4-слайд
Соның ішінде релаксацияны алатын болсақ, бұл технологияны ең бірінші зерттеп, өз қызметінде қолданғандар американдық психофизиолог Р.Д.Джейкобсон және неміс невропотологы И.Г. Шульц.
5-слайд
Релаксация латынша (relahatio-тынығу,босаңсу) - толық және бұлшық еттің кейбір бөліктерінің босаңсуымен байланысты тыныштық жағдайы.
Релаксация жаттығуларының түрлі әдістері бар. Ең кең тараған түрі бұлшық еттің ширығуы мен босаңсуына негізделген бұлшық ет релаксациясы. Келесі түрі аутогендік жаттығу немесе аутотренинг, яғни босаңсу. Үшінші түрі, әдейі таңдалған әуенді және мәтінді тыңдау арқылы басқа адамның әсерімен қол жеткізілетін босаңсу түрі. Релаксациялық жаттығулар балабақшада туындайтын жүйкелік-психикалық мазасызданудың алдын алуға, қиялдауына, өзіне деген сенімін қалыптастыруына дамуына жағдай жасайды.
Релаксацияны барлық топта, кез келген ыңғайлы бөлмеде өткізуге болады. Релаксация технологиясының қарқындығын, мақсатын балалардың жағдайына байланысты анықтап, қолданады.
6-слайд
Релаксацияны қолданатын жерлерім:
- таңғы ас алдында,
- серуен кезінде,
- серуеннен кейін,
- оқу-іс әрекет кезінде,
- күндізгі ұйқы алдында,
- күндізгі ұйқыдан кейін
7-слайд
Релаксация кешендерінің мақсаты:
Көп қозғалыстан кейін балалардың бұлшық еттерін босаңсыту, жақсы көңіл-күйде болғызу.
8-слайд
Балалармен өткізетін релаксация кешенінің жоспары
9, 10, 11-слайдттар
Релаксация кешенінің картотекалары
«Піл»,
«Мақтау»,
«Әуе шарлары»,
«Күлімдеу»,
«Әдемі гүлдер»,
«Аққала»,
«Құсты құтқару»
12-слайд
Дене шынықтыру іс-әрекетінен кейінгі релаксация-жаттығуы «Күлімдеу»
13-слайд
Серуен кезіндегі релаксация-жаттығуы «Аққала»
14-слайд
Ұйқы ашар жаттығуының алдында өткізетін релаксация-жаттығулары «Әдемі гүл»
15-слайд
Оқу–іс әрекет кезіндеөткізетін релаксация–жаттығуы «Піл»
16-слайд
Таңғы ас алдындағы релаксация-жаттығуы «Мақтау»
17-слайд
Серуеннен кейінгі релаксация–жаттығуы «Балапанды құтқару»
18-слайд
Әрқашанда балаларымыздың дені сау, көңілдері шат болсын!
Назарларыңызға рахмет!
Күндеріңіз жақсы болсын!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі