Өлең, жыр, ақындар

Кестелер және шекаралар панелі. Кесте құру

Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
Шымкент аграрлық колледжі
«Информатика» пәнінің оқытушысы Айтмирзаева Райхан

 

Ашық сабақтың дәріс жоспары

Пән аты: Информатика негіздері           
Оқытушы: Айтмирзаева Райхан
Топ: А9-151
Өткізілетін уақыт: 05.01 2017 ж. сағ. 1030
Дәріс хана: № 2016
Дәрістің түрі: Теориялық сабақ
Оқыту әдісі: Түсіндіру, талдау, жинақтау, интерактивті тақта, электрондық оқулық
Дәрістің тақырыбы: Кестелер және шекаралар панелі. Кесте құру.
Дәрістің мақсаттары:

Білімділік:

Оқушыларды мәтіндік редакторындағы кестелер және шекаралар панелінің элементтерімен таныстыру. Кесте құру жолдарымен таныстыру. Кестені құжаттың кез келген орнына қою жолымен таныстыру.

Дамытушылық:

Оқушылардың танымдылық, іздемпаздық  қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:

Оқушыларды адамгершілікке,  сауаттылыққа, үлкенді сыйлауға, үлкеннің жолын кеспеуге, қадірлеуге мәдениеттілікке,  ұқыптылыққа, Отанды, пәнді сүюге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Кибернетика, автоматика, микропроцессорлық орта

Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар:

Компьютер, интерактивті тақта, электрондық оқулық, операциялық жүйе, Word мәтіндік редакторы

 

Дәріс барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: (10 мин) 1) Дәрісхана, тақта тазалығына назар аудару, оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың қатысымын тексеру,оқушылардың сырт көрінісін  және төс белгісін қадағалау. Оқу құралдарының түгел болуына  басты назар аудару

2) Сергіту сәті.

ІІ. Оқушыларды мына тақырып бойынша тексеру: (15 мин)  «Word мәтіндік редакторы»

Сұрақтар:    

1. Місrosoft Word for Windows (Word) қандай редактор? (дүние жүзі елдеріне кең тараған мол мүмкіңдікті мәтіндік редактор)
2. Word арқылы қандай жұмыстарды атқаруға болады? (Мәтінді теру, редакциялау, құжатта түрлі кестелер дайындау және қарапайым геометриялық фигуралар салуға болады)
3. Құжатқа Windows-тың басқа қосымшаларыңдағы жұмыстарды кірістіруге болады ма? (Дайындалған түрлі мәліметтік үзінділерді, суреттерді кірістіруге болады).
4. Word  қандай мағынаны береді?(Сөз деген мағынаны береді)
5. Word қандай редактор? (Көп терезелі редактор.)
6. Word іске қосылған автоматты түрде қандай атпен ашылады? ("Документ1" атаулы ішкі терезе орналастырылып қойылады)
7. Word терезесінің құрылымы қандай? (Тақырып қатары, мәзір қатары, стандартты құрал-саймандар қатары, форматтау қатары, тік және көлденең сызғыш, жұмыс парағы, айналдыру сызықтары, парақтың режим түймелері, сурет салу қатары, қалып күй жолы)

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру жоспары: (40 мин)

1. Кесте туралы мәлімет.

2. Кесте құру тәсілдері

 

3. Кестелер және шекаралар панелі

4. Ұяшықтарды біріктіру және бөлу.

  

ІҮ. Жаңа материалды бекіту: (20 мин)

1. Сөзжұмбақ- “Кесте”

2. Тақырып бойынша тест

3. ББТ стратегиясы

         

Ү. Қорытындылау.

 

ҮІ. Қорытынды: Оқушыларды қойылған сұрақтарға қарай бағалау. Бағалау кестесі  MS Excel бағдарламасына жасалады. Баға қорытындысы бойынша смайликтер таратылады.

ҮІІ. Үй тапсырмасы: (5 мин) Н1:214-216, Н2:232-251, Н3:68-70 «Кестелер және шекаралар панелі. Кесте құру» тақырыбын оқып келу.

Қолданылған әдебиеттер:

Н1:

О.Камардинов К.Б.Есекеев «Информатика».- Ғылым, 2004

Н2:

Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов «Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ».- Алматы, ЖТИ 2003

Н3:

«Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал» Ұлттық ақпараттандыру орталығы. Алматы, 2007.

 

Кафедра меңгерушісі:_______________

                   Оқытушы:______________

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз