Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттер

Алматы облысы, Талғар ауданы
Талдыбұлақ ауылы
Қапиза Әбдіғұлов атындағы №34 мектеп-гимназиясы
Тарих пәнінің мұғалімі: Байтыкбаева Эльвира Оразакынкызы

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттер»

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Сақтар туралы алғашқы мәліметтер, сақ тайпаларының қоныстануы, сақ қоғамы туралы жан-жақты түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою, сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа сабақты меңгеру

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ жауап, жеке жұмыс және топтық жұмыс

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, тест, карточка, плакат, маркер,  стикер, шар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Амандасу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Сынып оқушыларын топқа бөлу             

І топ –  Сақтар

ІІ топ – Тиграхауда

ІІІ топ – Парадарайа

ІVтоп – Хаумаварга

4. Назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Көшпелі бақташылық-шаруашылықтың негізгі түр»

А) Тест сұрақтары.

1. Жайылымның неше түрі бар?

А) 2            Б) 4

Ә) 3            В) 5

2. Малды алысқа ұзатып жаятын жайылым ...

А) қыстау            Б) көктеу

Ә) күзеу              В) жайлау

3. Көктемгі жайылым қалай аталады?

А) жайлау           Б) күзеу

Ә) көктеу            В)қыстау

4. Қыс жақындағанда қоныстанатын, қыстауға жақын жайылым қалай аталады?

А) жайлау           Б) күзеу

Ә) көктеу            В)қыстау

5. Біздің заманымызға жеткен ежелгі мерекенің бірі

А) Наурыз мейрамы    Б) Бірлік күні

Ә) Жаңа жыл мейрамы         В) Дұрыс жауап жоқ

6. Көшпелілердің баспанасы қалай аталады?

А) үңгір              Б) киіз үй

Ә) ағаш үй          В) олардың баспаналары болмаған

7. Төрт түлік малға жатады . . .

А) жылқы            Б) сиыр

Ә) қой                 В) жоғарыда аталғанның барлығы

8. Көшпелілік мәдениет қалыптасты

А) неолитте                  Б) энеолитте

Ә) мезолитте                В) ерте темір дәуірінде

9. Батыс Қазақстанның шөлді аудандарында өсірген түлік

А) сиыр               Б) түйе

Ә) жылқы            В) ешкі

10. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға көшу себебі

А) көрші халықтарының ықпалынан     Б) жаңа еңбек құралдарының пайда болуынан

Ә) климаттың өзгеруінен               В)ежелгі Қазақстан тұрғындары мал шаруашылығымен айналыспады

Дұрыс жауаптары:

1. Б) 4
2. В) жайлау
3. Ә) көктеу
4. Б) күзеу
5. А) Наурыз мейрамы
6. Б) киіз үй
7. В) жоғарыда аталғанның барлығы
8. В) ерте темір дәуірінде
9. Б) түйе
10. Ә) климаттың өзгеруінен

Б) "миға шабуыл" әдісі. Ойын ережесі бойынша әр топ бір-біріне сұрақтар кою арқылы, оқушының шапшаңдылықтарын  дамыту.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттер»

Жоспар:
1. Сақтар туралы алғашқы мәліметтер
2. Сақ тайпаларының қоныстануы
3. Сақ қоғамы

Дәптермен жұмыс.

Сақтар туралы жалпы мәлімет

1. Парсы патшаларының тастағы сына жазуы
2. Грек-рим авторларының шығармалары
3. Герадот пен Страбон

 

Сақтар:

Теңіздің арғы                                Шошақ бөрік киіп                       Хаома сусынын

жағындағы сақтар–                      жүретін сақтар-                          дайындайтын сақтар -

парадарайа                                  тиграхауда                               хаомаварга

Қара теңізінің солтүстігі,              Сырдарияның орта                    Мургаб аңғарында өмір

Арал теңізінің маңы,                    ағысы, Тянь-Шань,                     сүрді.

Сырдария мен                             Жетісу.

Амударияның төменгі ағысы.

Сақ қоғамы:

1. Жауынгерлер – киім түсі-қызыл, сары қызыл
2. Абыздар – киім түсі ақ
3. Малшылар мен егіншілер – киім түсі сары, көк.

Топтық жұмыс.

Кітаппен жұмыс - әр топқа жеке тақырып беріледі. Сол тақырып бойынша қорғайды

І топ – Сақтар –Сақтар туралы мәліметтер. Герадоттың «Тарихынан» үзінді.

ІІ топ – Тиграхауда –Сақтар туралы мәліметтер. Страбонның «Географиясынан» үзінді.

ІІІ топ – Парадарайа – Сақ тайпаларының қоныстануы.

ІVтоп – Хаумаварга – Сақ қоғамы.

Жаңа сабақты бекіту.

Графикалық сызық.

   1. Сақтар – Қазақстан аумағын б.з.б.VIII-ІІІ ғасырларда мекендеген  тайпалық одақ. 

   2. Ежелгі грек авторлары сақтарды «азиялық скифтер» деп атады.

   3. Иран жазбаларында сақтарды массагет деп атаған.

   4. Сақтар – б.з.б. 1 мыңжылдқта Қазақстан мен Орта Азия жерін мекен еткен ежелгі тайпа.

   5. Шошақ бөрік киіп жүрген сақтарды- сақ тиграхауда деп атаған.

   6. Арал теңізінің маңайын сақтардың дайлар мен массагеттер мекендеген.

   7. Сақ қоғамы жауынгер, патша, малшылардан тұрған.

   8. Страбонның айтуынша, сақтар жақсы шабандоздар болған.

   9. «Ратайштар» –арбада тұрғандар деген мағынаны білдіреді.

   10. Абыздарды «сегізақтылар» деп атаған.

Жауаптары: ^^-^^^-^^

«Кім тапқыр» ойыны.

«Сақтар» туралы жұмбақтар.

1. Қадам бас алға сүрінбей
Болашақ кілті – білімде.
Қандай мағына береді,
«Сақ» сөзі парсы тілінде? (Құдіретті еркектер)

2. Басынан кешкен шақтарды
Тарихшы тізіп ақтарды
Кімдер деп тағы атады.
Грек Геродот сақтарды? (Массагеттер)

3. Көгенге құлын байлады,
Бес қаруды да сайлады.
Айтып берші, қай сақтар,
Арал мен Сырды жайлады? (Парадарайа)

4. Таихты жаттап кешегі,
Саналы ұрпақ өседі
Аргипейлер қай жерде,
Мекен қылып көшеді? (Аралдың солтүстік шығысы)

5. Білімді алтынға теңедік,
Достарға ашық, кең едік.
Әйгілі сусын жасаушы,
Сақтарды кімдер деп едік. (Хаомаварга)

6. Арайланып таңы атады,
Маужырап күні батады.
Түйе сүтін балмен тең,
Сақтар қалай атады? (Шұбат)

7. Бел – белестен асады,
Өр сақтардың жасағы.
Тиграхауда сақтары,
Қай жерді мекен жасады? (Жетісуды)

8. Кең болып түзде түлеппін,
Шарапаты мен ізгі тілектің,
Көшпелілер қалай аталды,
Деректерінде гректің? (Дайлар)

V. Қорытынды.

VI. үй тапсырмасын беру.

1. «Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттер» оқу.
2. «Мен сақтарды ұлы халық деп санаймын, себебі . . .» атты тақырыпқа эссе жазу.

VII. Бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз