Жезқазған қаласы
№133 негізгі мектебі
тарих пәні мұғалімі
Наурызбаева Қарлыға Елубайқызы
Сабақтың құрылымы
Пәні: Қазақстан тарихы 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы.
Сабақтың мақсаты: Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
а) Білімділігі: Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, тарихи тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
б) Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың, жалпы өнерді құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері: Зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу, мазмұндама беру, өнегелі білім алу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: топпен жұмыс,баяндау ,сұрақ- жауап , сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,Ы.Алтынсариннің портреті,нақыл сөздері,кестелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет теориясы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа әзірлеу, оқу құрал – жабдықтарын тексеру, бір – біріне жақсы тілектер айту.
Үй тапсырмасын сұрау: «Білім аукционы».
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Өз әкесі Алтынсары 4 – жасар кезінде қайтыс болады да, Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.
1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі. Балқожа би осы ашылмақ мектепке 1846 жылы бес жасар немересі Ыбырайды жазғызып қояды. 1850 жылы 23 тамызда орыс – қазақ мектебі ашылып, қазақтан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай болады.
Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша шенеуктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан – жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді.
Хронологиялық кесте “Жылдар сөйлейді” 2- топ тапсырма беріледі.
1 топ
1841 жыл
1860 жыл
1880 жыл
1879 жыл
1841 жылы
Сергіту сәті.
Ы. Алтынсариннің өзен өлеңі.
Шығармашылық тапсырма.
Зерттеушілер тобы: Ы. Алтынсаринге ескерткіш орнату.
Баяндаушылар тобы : Тілшімен сұхбат.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі