Бердіжарова Лаура
№134 орта мектеп мұғалімі.
Қызылорда обылысы
Қазалы ауданы
Шәкен ауылы
Қазақстанның XYIII ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті.
Сабақ мақсаты:
Білімділік :Оқушыларды ХVІІІ ғасырдағы мәдениеті орыс және шет ел ғалымдарының зерттеулерімен ,олардың еңбектері туралы, қазақ әдебиетінің дамуы және осы кезеңдегі жырау, ақындардың өмірі мен шығармашылығымен танысу.
Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін тірек - сызба арқылы түсіндіре отырып толықтыру, шыңдау. Картамен жұмыс жүргізу, топ болып жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз елінің Өлке тарихының тағылымы мол тарихи тұлғасы арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас, Ойын-сабақ, Дерек жинау,
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап , түсіндіру, тірек сызба арқылы оқыту, топпен және жеке жұмыс, «Почта» ойыны, «білім жәрмеңкесі», мәтінмен жұмыс.
Пәнішілік байланысы: Тарих. Музыка. Еңбек. Әдебиет, Өлкетану.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта.
Тірек – сызба, Альбомдар, суреттер, карта.
І. Ұйымдастыру. . ( 2 мин)
1.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
2.Бар ынтасын сабаққа аудару.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. почта ойыны(7 мин) Хат арқылы сұрақтар тарату.
ІІІ. Артық болмас білгенің. 3 мин
P | Сұрақтар | A | B | C | Д | Е |
1 | Сырым тұтқыннан қашан босатылды? | 1783 ж | 1784 ж | 1785 ж | 1786 ж | 1787 ж |
2 | Сырым тобы қай тауға орналасты? |
Мұғалжар |
Қаратау | Алтай | Тарбағатай | Сарыарқа |
3 | Есім хан қашан хан болып сайланды? | 1788 ж | 1794 ж | 1795 ж | 1791 ж | 1787 ж |
4 | Көтерілістің қозғаушы күші? | Феодалдар | ұлттар | Қазақ шаруасы | қазақтар | орыстар |
5 | Сырым қай жылы қайтыс болды? | 1806 ж | 1805 ж | 1804 ж | 1803 ж | 1802 ж |
6 | Көтерілістің сипаты? | Отарлауға қарсы | Монархиялық | Феодалдық |
Азаматтық |
Монархиялық отарлау |
ІV. Жаңа сабаққа даярлық (5 мин)
МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ
V. Жаңа сабақты түсіндіру. ( 15 мин)
Ж о с п а р: 1.Қазақтың ақындары.
2.Орыс ғалымдарының зертеулері.
ХVІІІ ғасырда қазақ халқы мәдениеті тарихында ерекше дамыған өнер
Ақындар | Туған жылы. | Туған жері. | Қызметі. | Шығармасы. | |
1 | Ақтамберді жырау Сарыұлы. | (1675 – 1768 ж) | Оңтүстік Қазақстан Қаратау өңірі. | Жырау, қолбасшы,дипломат, қыскаша сөздер шебері | Қабанбай, Бөгенбайларға жыр арнаған. |
2 | Тәттіқара ақын. | ХҮІІІ ғасыр. | Қостанай обылысы, Урицкий ауданы. | Азатық күрестің азаншысы, жауынгер ақын. | Жәнібек ,Баян, Бөгенбай, Абылай хан туралы жырлаған. |
3 | Бұқар жырау Қалқаманұлы. | (1684 – 1781 ж) | Павладар обылысы, Баянауыл ауданы | Әйгілі жырау,Абылай хан ақылшысы, абыз. | Бізге жеткен жыры 1200 жол. Өмір, ерлік.ит.б жазған. |
4 | Үмбетей жырау Тілеу ұлы. | (1706 – 1778 ж) | Оңтүстік Қазақстан обылсы Қаратау өңірі. | Жырау,жыршы.Бөгенбай батыр серігі. | Бұхарға,Бәкеге, Жауқашарға,Жантай батыр,Бәгенбай өліміне, |
5 | Жанақ ақын. | (1775 – 1846 ж) | Шығыс Қазақстан обылысы, Абыралы ауданында | Суырып салма ақын.ХҮІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясы өкілі. | «Қозы көрпеш – Баян сұлу» поэмасын бүгінге жеткізген. |
Петр Симон Паллас - Неміс саяхатшысы натуралист 1768 – 1774 ж Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедицияның бірін басқарды. “Ресей мемлекеттерінің әр түрлі аймақтарына саяхат”атты еңбегінде халықтың жағдайы орналасуы туралы баяндалады.
Петр Иванович Рычков - Қазақ тарихын зеттеуде И.П.Рычковтың еңбегі зор. “Орынбор өлкесінің топографиясы”, “Орынбор тарихы” (1730 – 1750ж)” атты тамаша терең зерттеу еңбектерінде қазақ тарихының даму кезеңдері мен көптеген қиыншылықтарын атап өтті.
Герард Фридрих Миллер - Сібір тарихын зерттеген еңбегі үшін де “Сібір тарихының атасы” атанған Г.Ф.Миллер Қазақ Хандығы туралы Мағлұматтар оқып, зерттеп жүйеге келтірген.
VІ.Сабақты бекіту. («білім жәрмеңкесі» арқылы 10 мин)
Кітап - Бұхар жырау қай ханның кеңесшісі болған?
Қоңырау - Қабанбай, Бөгенбай батырға жыр арнаған жырау?
Дәптер - Философиялық ойларымен белгілі болған жырау?
Сөмке - И.П.Рычковтың еңбегі?
Балапан - Үмбетей жыраудың жырлары?
VІІ.Үйге тапсырма. (§ 12 оқып тақырып бойынша тест құру ,реферат жазу) 2мин
VІІІ. Оқушыларды бағалау. (1 мин)
- Мағжан Жұмабаев
- Мағжан Жұмабаев
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі