Өлең, жыр, ақындар

Қазақстанда көшпелілер өркениетінің пайда болуы.

Тақырыбы: Қазақстанда көшпелілер өркениетінің пайда болуы.
Білімділік мақстаты: Көшпелілер өркениетінің мәні,яғни мал шаруашылығының дамуына байланысты қоғамдық қатынастардың пайда болуы , мәдениеттің қалыптасуы туралы білім беру.Көшпелі қоғамның құрылысы мен әскери ісі жөнінде мәліметтер беру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, өз ойын айта білуге баулу.
Тәрбиелік мақсаты: Балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Еңбек етуге, еңбек адамдарын құрметтеуге баулу.
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Оқытуәдістері: Түсіндірмелі- көрнекілік әдістері, сұрақ-жауап, баяндау әдістері.
Көрнекілігі:  Қазақстан картасы, тірек-сызбалар, слайдтар.
Техникалық құрал-жабдық: интерактивті тақта.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
   Қазақтардың халық болып қалыптасуының аяқталуы.

1.    Қазақстан аумағында этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы.
2.    Қазақ халқының қалыптасуындағы қыпшақ тайпаларының орны.
3.    Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.
4.    «Қазақ» сөзінің шығу тарихы.
5.    «Алаш» атауының мағынасы.

«Тарихи домино» ойыны. Тарихи ұғымдарды сәйкестендіру.

Этносаяси қауымдастық

 

  Қыпшақтар

Қазақ халқының құрылуын жеделткен фактор

Араб-парсы жазба деректері

«Түркі тілдес халықтардың ішінде ең көбі қыпшақтар» деп қай деректе жазылды

Қазақ жүздерінің қалыптасуына әкелді

Қазақтардың халық болып қалыптасуына есер еткен тайпа

Белгілі бір тарихи-этнографиялық аймақ шебінде құрылған мемлекет тұрғындары

Ру-тайпалардың белгілі бір аймақта көшіп-қонуы

Көшпелі мал шаруашылығының дамуы

III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушылардың қызығушылығын ояту. 
Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдату.
          
13. Қазақстанда көшпелілер өркениетінің пайда болуы және оның дамуы.
Жоспары:
1.    Қазақстанда ежелгі дәуірде  мал өсірудің пайда болуы.
2.    Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы.
3.    Көшпелі өркениеттің Қазақстандағы көріністері.
4.    Қоғамдық құрылыс
5.    Көшпелі қоғамдағы әскери іс.

Археологиялық зерттеулер жерімізде алғаш рет мал өсірудің энеолит кезеңінде-ақ пайда болғандығын көрсетеді. Б.з.д. 3 мыңжылдыққа жататын Аал теңізінің солтүстік жағалауындағы Сексеуілді қонысынан табылған қолға үйретілген малдың сүйегі табылған.  Солтүстік Қазақстанда жүргізген зерттеу жұмыстары энеолит кезеңінде  Арқайым, Ботай қыстақтарын мекендеген тұрғындардың мал өсіруде жылқы малына ерекше көңіл бөлгендігін дәлелдеп отыр. Жерімізде қола дәуірінің кезінде-ақ мал өсірудің басты үш түрі дамыды.

Біріншісі- Қазақстанның батысы мен орталығындағы далалы және жартылай таулы аймақтарында көшіп-қонып жүріп мал өсіру, яғни көшпелі мал шаруашылығы. Бұл шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі- малшылардың тұрақты қысқы қоныстары болды, онда уақытша тұрақтап, қалған уақытта мал соңында көшіп жүрді. Шаруашылықтың бұл түрі жайлы деректер б.з.д. ежелгі дәуірдегі авторлардың (Геродот, Гиппократ, Страбон ) және кейінгі орта ғасырлардағы саяхатшылардың ( П.Карпини, ибн Батута, ибн әл-Факих, В. Рубрук т. б.) жазбаларында кездесіп отырады.
Көшпелі мал шаруашылығы кезінде жер өңдеумен мүлде айналыспаған. Қысқы мал азығы үшін аздап шөп дайындалған.
Мал шаруашылығының екінші түрі- жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Бұлардың тұрақты қыстаулары болып, онда тұрақты үй-жай, мал қора сияқты құрылыс жүйелері салынған. Археологиялық зерттеуге қарағанда, бұл тәсіл сақ-үйсін дәуірінен бері қарай белгілі. Шаруашылықтың бұл түрі Жетісу, Шығыс Қазақстан, Батыс Алтай сияқты далалы, орманды, биік таулы аймақтарда дамыды.
Мал шаруашылығының үшінші түрі- отырықшы мал шаруашылығы. Мал шаруашылығының бұл түрі ерте орта ғасырларда қалыптасқан. Отырықшы мал шаруашылығының кең түрде дамыған жері- Оңтүстік Қазақстан. Сырдария, Арыс, Шу, Талас өзендерінің жағалауларында және Қаратаудың оңтүстік, солтүстік баурайларында суармалы жер шаруашылығы мен мал өсіру қатар дамыған.
Алғашқы темір дәуірінің археологиялық ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстары жерімізде көшпелі өркениеттің болғандығын толығымен дәлелдеп отыр. Жетісу аймағындағы Есік, Бесшатыр обаларының, Шығыс Қазақстандағы Берел, Сырдария бойындағы Түгіскен, Ұйғарақ, т. б. обаларының зерттелуі сақ тайпаларының өркениетті мемлекет дәрежесінде өмір сүргендігін көрсетеді.

 

 

Қола дәуірінің соңғы кезеңінің өзінде әлеуметтік- экономикалық жағдайдың дамуына байланысты әлеуметтік теңсіздіктің көріністері байқалды.
Көшпелі қоғам әскердің құрылымын, басқару, лауазым жүйелерін, әскерді қару- жарақ, азық-түлікпен қамтамасыз ету, әскери дайындық, байқау, майданда шеп құру, соғысты жүргізу тәсілдері, т.б. әскери өнерін үнемі жетілдіріп отырған.

Шептің сызбасы

IV Жаңа сабақты бекіту. 
1. Ауызша сұрақтар қою.
2. «Кестені толтыр».Интерактивті тақтамен жұмыс.

Мал шаруашылығының қамтыған аймақтары

Көшпелі мал шаруашылығы

Жартылай көшпелі мал шаруашылығы

Отырықшы мал

шаруашылығы

 

 

 

 

 

 

 

3. «Білемін. Білдім.Білгім келеді» Оқушылар пікірін тыңдау.
V. Үй тапсырмасын беру. 13  оқып , түсінік айту.
  «Көшпелілер өркениеті» атты хабарлама жасап келу.
VI.Бағалау 


Пікірлер (5)

дана

Кошпелилер оркениети -...... , кошып -конып тыршылык ететын адамдардын кауымдастыгы . Пожалуйста помогите найти как может скорее

Баха

Интернеттен карасайш

А

Көшпенділер туралы сұрақтар жауаптарымен барма

Есенгелді Айару

Молодец

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз