Қарахан мемлекетінің құрылуы. (942-1212жж.)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Түрік қағанатының дәстүрлі жалғасы болған ,басқару ,экономикалық, қоғамдық, құрылысы жағынан жан-жақты дамыған Қарахан мемлекетінің тарихымен және мәдениетімен таныстыру.
Дамытушылық: Дамыған ортағасырлық мемлекеттің өзіне тән ерекшеліктерін меңгерте отырып,оқушыларды өзіндік ойлауға,тарихи оқиғаларды талдап қорытындылауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Қарахан мемлекетінің ислам дінін қабылдауын, оның сәулет өнеріне әсерін түсіндіре отырып, имандылыққа,бүгінге дейін мәнін жоймаған мәдени мұраларға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдісі: Өз бетінше жұмыс,сұрақ-жауап,түсіндіру,баяндау.
Көрнекілігі: Сызбалар,суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасып,сыныпты түгендеп,сабаққа дайындықтарын тексере отырып,зейін-ықыластарын сабаққа аудару.
Жалпы сұрақтар
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Мәдениет» деген ұғымның мәнін ашыңдар?
2. Көне түріктердің жазба әдебиеті жайында не білесіңдер?
3.Орта ғасырларға жататын әдеби шығармалар жайында айту?
4.Көне түркі жазба мәдениеті жайлы не білесіңдер?
5.Көне түркі жазуының өмірден жоғалуына не себеп болды?
ІІІ Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары:
1.Қарахан мемлекетінің құрылуы.
2.Қоғамдық құрылысы.
3.Мемлекеттің саяси жағдайы.
4.Шаруашылығы
5.Мәдениеті.
Қарахан мемлекеті 942-1212 жылдар аралығында өмір сүрген орта ғасырдағы дамыған мемлекеттердің бірі.
Осы сәтте бейне сюжет арқылы Қарахан мемлекетінің құрылуы туралы көрсету (4 мин).
Электрондық оқулық.
*Аумағы:
Жетісу –Шығыс Түркістанның бір бөлігі
*Орталығы:
Баласағұн қаласы
*Негізін қалаушы:
Сатұқ Боғра хан (915-955жж.,Білге Құл қадыр ханның немересі)
Сурет арқылы
Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына:жікіл, яғма, қарлұқ ,оғыз,қаңлы , үйсін сияқты т.б түркі тілдес тайпалар кірген.
Әсіресе мемлекеттің құрылуына басты рөл атқарған-қарлұқ тайпасы.Ал негізгі билеушілері яғма тайпасының арасынан шығып отырған.
Тақтадан арыстан мен бура суретін көрсету арқылы осы екі суреттің біздің сабағымызға не қатысы бар екенін оқушылардан сұрау арқылы олардың ойын тыңдау.Яғни бұл екі суреттің біздің сабағымызға қатысының себебі хандарының Арсылан және Боғра-хан аталуының себебі олардың шыққан тайпаларының яғни,жікіл тайпасының тотемі «арыстан» ,ал яғма тайпасының тотемі «бура».Міне ,сондықтанда осы екі ханның Арсылан,Боғра аталуының себептері осында.
Қоғамдық құрылысы. Қарахан мемлекеті түрік қағанаттарының дәстүрлі жалғасы ғана болған жоқ .Ол басқару жағынан болсын,экономикалық жағынан болсын қоғамдық құрылысы дамыған мемлекет.
Кітаппен жұмыс : мағынасын табу
Қоғамдық құрылысы:
Қаған-Жоғарғы өкімет билеушісі
Тігіндер ,ілік хандар,бектер,нөкерлер- ханның ұрпақтары
Уәзірлер- хан кеңесшісі
Орда- Ханның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін орны
Иқта –Жерді иеленушілер
Иқтадар-Жерді иеленушілер
Вақваттық-Дінбасыларға, дінимекемелерге ірі жериеленушілер, көшпелі әскербасыларға өсиет етіп етіп қалдырған жерлер.
Коммендация-қанаудың бір түрі.2 түрі болды:үлескерлік, қамқорлыққа алу
Кітаппен жұмыс :даталарды табу
Мемлекеттің саяси жағдайын оқушыларға өздеріне тапсырма бере отырып түсіндіру. Оқушыларға «Жылдар сөйлейді» деген тапсырма бере отырып олардың оқулықпен жұмыс дағдыларын арттыру. Міне, осы тапсырманы орындай отыра Қарахан мемлекетінің саяси жағдайы мен тақырыптың хронологиясын шығарамыз.
Шаруашылығын сызба арқылы көрсетіп,оқушылардың арасынан осы сызба арқылы кім сөйлегісі келетінін сұрау.Бұл сызбада Қарахан мемлекетінің шаруашылығы бейнеленген.
Сызба
ІV.Жаңа тақырыпты бекіту:
Криптограмманы шеш:
1.Жікіл тайпасының тотемі?
2.Сатұқ Боғра хан кімнің немересі?
3.Қарахан мемлекетінің құлатқан Хорезм шахы?
4.Богра Хан аты қай тайпаның тотемі «бура» болуына байланысты қойылған?
5.Қарахандарда жылқы малына ерекше көңіл бөлгендігін жазған кім?
V Бағалау:
VІ Үйге тапсырма: Қарахан мемлекеті.(942-1212жж.) Хронологияны, термин сөздерді жаттау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі