Өлең, жыр, ақындар

Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан

Жаңаөзен қаласы,  №12 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Джанжигитова Райса

Сабақтың тақырыбы: Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

Балаларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық сана, ой–өріс ұялату. Балалармен туған ел, туған жер  туралы әңгіме өрбіту, мақал, өлең оқу.

Сабақтың жүрісі:

І. Кіріспе       Балармен амандасу.  

Психологиялық икем.

Қане, балалар, көздерімізді жұмып, еркін отырайық. Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін жайлап қосып, монолог оқу.

Туған ел! Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз–шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары – осының бәрі–бәрі сенің туған еліңді құрайды.

Туған жерсіз адамның күні жоқ. Біздің туған жеріміз ұлы қазақ даласы, ұлы Қазақстан, біздің мәңгілік еліміз.

- Балалар,көздеріңе не елестеді,не ойладыңдар?

Құстардың қиқуы, судың сылдыры, Биік тау, Шалқар көл, ашық аспан, кең дала, жсәйгүліктің  шабысы,,,,,

- Жарайсыңдар, біздің қазіргі cабағымызды неге арнаймыз?

- Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан.

Миға шабуыл

Тәуелсіз дегенді қалай түсінесіңдер?

- Балалардың жауабы.
- Егемендік, еркіндік, бостандық,...азаттық

ІІ. Негізгі бөлім:

Мұғалім: Осы тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік, Балалар? Толығырақ ортаға тарихшы атайды шақырайық.

- Амансыңдар ма, балалар?
- Аға, біз тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді білгіміз келеді?
- Ия, балалар, мұны сыры тереңнен бастау алады. Экранға назар аударайық.
- Видеоролик көрсетіледі Қазақтың бастан кешкен қиындықтарынан.

Ал ендеше, балалар, толығырақ мәліметті мына сиқырлы сандардан табамыз.1465, 1723, 1937, 1941, 1949, 1986, 1991, 1992, 1993, 1995, 2011, 2017, 25.

Әр жыл жазылған қима қағаздарда мәліметтер оқылады.

Жарайсыңдар, балалар.

Мен сендермен енді қош айтысамын.

Мұғалім: 

«Жалғасын тап» ойыны

Мен сендерге мақалдың басын айтамын, сендер жалғасын тауып айтыңдар.

1. Туған елдей ел болмас,

.......................................

2. Өзге елде сұлтан болғанша,

...........................................

3. Отансыз адам -..................

Байқаймын мақал-мәтелге жетіксіңдер, олай болса мен сендерді мақал-мәтел айтысына шақырайын.

Қане. Екі оқушы ортаға шығады.

Демек балалар, әркімнің туған жерін сүйеді екен. Олай болса

«Кімнің мекені жақсы»  деген қысқа қойылымнан үзіндіні қойып жіберейік. Рөлдерде – бақа, құмырсқа, тышқан. 

ІІІ. Көрініс:

Ортаға үш баланы шығару. Бақа, құмырсқа, тышқан – кімнің мекені жақсы, қонысы жайлы екенін білгісі келеді. Олар келе жатып шалшық суға кез болады.

Тышқан:  - Өй иісі қандай сасық еді?

Үшеуі  нағыз ми қайнатар ыстыққа кез болады.

Бақа: - Ай, қандай ыстық еді?

Үшеуінің алдынан қатты жаңбыр жауады.

Құмырсқа:  - Жауыны қандай қатты еді?

Сөйтіп олар әрі қарай жүрмей өз мекендеріне қайтып оралады. Тышқан ініне, кұмырсқа илеуіне, бақа көлшікке кіріп кетеді.

Үшеуі бірге: Дүниедегі жақсы мекен – әркімнің өз жері екен.

Сонымен, балалар, дүниедегі ең жақсы мекен біз үшін – өзіміздің Қазақстанымыз.

ІV.  Поэзия минуты  Оқушылар Отан  өлеңдер оқиды.

V. Ән. Атамекен        

Сөзі: Қадыр Мырза Әли,   Әні: Ескендір Хасанғалиев

VІ. Қорытынды:

Оқушыларға глобусты көрсетіп тұрып, еліміздің өркендеуіне қайдай үлес қосар едік деп балалардың игі сөздерін тыңдау. Өзімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғу.

- Адал қызмет жасаймын.
- Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын.
- Елім аман болсын.
- Халқымыздың дені сау болсын деп, мен дәрігер боламын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер