Өлең, жыр, ақындар

Ертегілер кейіпкерлері

Ақтөбе қаласы,  №23 орта мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жанысбаева Фарида Аблехановна
 

Сабақтың тақырыбы:

Ертегілер кейіпкерлері

Уақыты:  02. 08. 2016 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Жанысбаева Фарида Аблехановна

Сыныбы: 1 класс

Қатысқан оқушылар саны:   Қатыспағандар саны:

Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

Айтылым 1.2.3.1. Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Слайдты немесе видеоны қарап отырып, сұхбаттаса алады.. 

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

Слайдты қарап отырып, әр түрлі тәсілмен сұхбаттаса алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Слайдты  немесе видео қарап отырып, этика нормаларын сақтай отырып сұхбаттаса алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Сұхбаттасын түсінеді және түрлі тәсілмен әрекет жасайды, этика нормаларын сақтап жауап береді

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Мысық. Мақта қыз, мейіз сиыр, тал, дүкенші, жұмыртқа, мейіз, тауык, тышқан, құйрық, сүт, 

Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасай отырып,диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Мақта қыз –мейіз. Мысық пен сиыр, тал–жапырақ-су, сағыз-дүкенші, жұмыртқа – тауық, тышқан–тары 

«Ой қозғау». Талқылауға арналған сұрақтар:

- Мысық қайда тұрады?

- Сиыр не береді?

- Мысық үлкен аң ба?

- Сатушы қайда жұмыс жасайды?

- Жапырақ қайда өседі?

Алдыңғы білім

Ертегі «Мақта қыз бен  мысық»  «Пантомимо» әдісі. Мәтінде кездескен заттарды  мимикамен,дыбыспен  көрсетеді. Мысық, сиыр, тауық, ағаш, дүкенші, тышқан ,т.б.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Оқыту ресурстары

Басы

5 минут

Кіріспе.

Ынтымақтастық орта қалыптастырады: «Досыма сыйлық» тренингі.

Әркім өзінің досын ортаға алып шығып, сыйлық сыйлайды  (Қолдың көмегімен)

Қызығушылықты ояту. Ассоциация: «Мысық». Мысық сөзін естігенде ойларына не келетінін айтады.

Ой қозғау «Не артық?» Слайдтан артық суретті көрсет: Тауық, жұмыртқа, қалам. Дүкенші, сағыз, тон.

Әр топтағы дайын спикерлер бағалау парағымен, бағалау критерияларымен таныстырады. Бағалау парағы  тақтады ілулі тұрады.

Дескриптор

3  сөйлем құрастыра алса– «5»;

2 сөйлем құрастыра алса -«4»;

1 сөйлем ғана құрастырса – «3»

Дереккөіfile %B8%D1%81%D1%8mysyk.html
© www.ZHARAR.com

Ортасы

30 мин

1-тапсырма. «РАПТ» әдісінің шарты: оқушылар үстелде жатқан суреттерді таңдайды, сол кейіпкердің рөліне кіріп айтады.

Айтылым:Слайдта  берілген ертегі кейіпкері жайында  айтқан сұхбаттасын түсінеді және түрлі тәсілмен әрекет жасап, этика нормаларын сақтап жауап береді

2-тапсырма. «Мысықтың маршруты» әдісі. Суретте көрсетілгендерді танып, атайды. 2-3 сөйлем құрастырады. Стрелка аркылы саяхат жасаймыз

3-тапсырма. «Венн диаграммасы». Мақта қыз бен мысықты салыстырады. (адам, аң, дос, іздеді, шақырды, келмеді)

Слайдты суреттер, иллюстрациялар 

Сергіту сәті

Түрлі дыбыстарды тыңдап жауап береді. Бір қатар жануардың дыбысын салады. Келесі қатар ненің дауысы екенін табады

 

Соңы

10 минут

Тапсырма: «Жанама кейіпкерлер жанымызда» аударым жазу

Сиыр-корова, тал-дерево, дүкенші-продавец, тауық-курица, тышқан-мышь.

Рефлексия: «Қазақшаңыз қалай?» әдісі. Оқушылар алған білім деңгейлеріне қарап, суреттерді таңдайды.

Жасыл ағаш: бәрін түсіндім.

Тауық: жартылай түсіндім, сұрақтарым бар.

Жұмыртқа:  аз түсіндім.

Жасыл ағаш: биікпін, жапырағым соншалықты көп болса, алған білімім сондай

Тауык: көп шоқиды: жартылай түсіндім, сұрақтарым бар.

Жұмыртқа – құпия ішінде - әлі білмейтініміз көп, аз түсінбедім

Түрлі-түсті шеңберлер

Үй тапсырмасы: Аңдар туралы мәлімет дайындау

 

 

Бағалау парағы

Класс  оқушылары

айтылым

 

3  сөйлем құрастыра алса– «5»;

2 сөйлем құрастыра алса -«4»;

1 сөйлем ғана құрастырса – «3»

1

 

2

 

 

Баяғыда Мақта қыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз: – Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: – Ендеше қатығыңды төгем! – дейді. Мақта қыз: – Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: – Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді. Мақта қыз: – Менің қатығымды төле! –дейді. Мысық сиырға барады. – Сиыр, маған қатық берші! – дейді. Сиыр: – Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді. Мысық ағашқа барып: – Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді. Ағаш: – Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді. – Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді. Қыздар оған: – Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. Мысық дүкенге барады. – Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді. Дүкенші: – Маған жұмыртқа бер! – дейді. Мысық тауыққа барады. – Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді. Тауықтар: – Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді. Мысық: «Енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады. – Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді. Тышқан қорыққанынан: – Үйімде бір табақ тары бар, – дейді. Мысық: – Маған бір уыс тары бер, – дейді. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз