С. Бегендікұлы атындағы №4 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі: Нуртаева Айдынгул Арсеновна
Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Қыс»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абай шығармаларын оқып үйренуге баулу. Бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейтуге көмектесу.
Дамытушылығы: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, іздену, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелігі: Туған жер табиғатын сүюге және қорғауға, ұқыптылыққа, тапқырлық пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Түрі: Танымдық сабақ
Типі: Жаға білімді меңгерту
Жаңа технология: Дамыта оқыту
Әдіс-тәсілдері: талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топппен жұмыс
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, плакат, фломастер
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.
Құрал-жабдықтарын түгендеп сабаққа әзірліктерін байқау.
2. Психологиялық дайындық
- Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
3. Үй тапсырмасын сұрау:
- Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
- «Ата-бабам тарихы-менің тарихым» тарауын аяқтадық. Өз білімімізді тексердік.
- Жақсы балалар осы тарау бойынша мен сіздерге қандай тапсырма беріп едім?
1 топ
Батырлар суреті (Сұрақ-жауап арқылы білімдерін байқау)
а) Қандай қазақ батырларын білесіңдер?
ә) Ағыбай батырды халық қалай бағалады?
2 топ
Кедей суреті
а) Бұл қай мәтінде бейнеленген?
ә) Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?
3 топ
а) Қайраттың әке-шешесінің есімдерін ата?
ә) Қайраттың ең соңғы сөзі
- Жақсы балалар, сендер үй тапсырмасына жақсы дайындалып келіпсіңдер.
- Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз
- Тәуелсіз мемлекетте тұрамыз.
- Міне балалар, бізге тәуелсіздік жайдан-жай келген жоқ. Елімізді, жерімізді қорғаған батыр бабаларымыздың елге, жастарға рух берген ақын жыршы, жазушыларымыздың, қайтпас қайсар ерлік көрсеткен қыршын кеткен аға-апаларымыздың арқасында 1986 жылы қанды қырғынмен қол жеткіздік.
- Тәуелсіз ел болғанымызға биыл неше жыл толады? 25жыл толады
- Тәуелсіздігімізді қашан алдық?
- 1991 жылы 16 желтоқсан
- Желтоқсан айы жылдың қай мезгіліне жатады?
- Қыс
- Дұрыс айтасыңдар, балалар
- Біздің туған жерімізге де қыс келді.
- Қыста табиғат құбылыстары қандай болады? (Аяз болады, бұршақ жауады, қар жауады)
- Қардан не жасаймыз?
- Аққала
- Бүгінгі сабағымыздың топтарының аты табиғат құбылыстарына байланысты болмақ.
1 топ - Қар
2 топ - Аяз
3 топ - Аққала
- Балалар топтарыңыздың атауына байланысты қандай жұмбақтар білесіңдер
- Балалар бүгін қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы дана кемеңгер, Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың табиғат жайында жазған «Қыс»атты өлеңімен танысамыз.
3. Жаңа сабақ
- Мың айтқаннан бір көрген абзал дегендей Абай атамыз жайлы деректі мына бейнероликтен тамашалайық. Назарларыңызды тақтаға аударайық. Абай туралы не білеміз? Абай-ақын, ойшыл, данышпан, сазгер, сыншы, табиғат суретшісі, аудармашы.
- Жақсы балалар, бейнетаспадан Қыс өлеңін тыңдайықшы. Түсініксіз сөздер кездессе түртіп алып отырамыз.
Сөздік жұмысы:
Соқыр-мылқау - түк көрмейтін
Шидем - жұқа тоқылған сырт киім
Ұлпа - жеңіл, жұқа қар
Бұрқ-сарқ - қатты дауыл, боран
Алты қанат ақ орда - алты керегелі үлкен үй
Оқулықпен жұмыс:
Кітаптарын аштырып тізбектей дауыстап оқыту.
Мәнерлеп оқыту
Өлеңнің идеясын ашу:
- Автор қысты кімге теңеп тұр?
- Қысты адамға, кәрі шалға
- Шалдың киімдері қандай?
- Ақ киімді, үстін ақ қырау басқан
- Киім деп отырғаны неде?
- Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады?
- Аяз атаға
- Өлеңдегі шалдың мінезі қандай?
- Ол қатал, соқыр, мылқау адам сияқты. Соқыр мылқау дейтін себебі не? Ол ештеңе көрмейді, аямайды, бәрін тоңдырады.
- Ақын қысты жанды адам бейнесіндей суреттеген. Бұл Абайдың жаңалығы, себебі Абайға дейін ешбір ақыын табиғатты жанды нәрсеге теңемеген.
4. Шығармашылық жұмыс:
1-тапсырма
1топ - Қыс туралы өлең құрастыру.
2топ - Қыс суретін салу
3топ - Қыс туралы сюжетті әңгіме құрау
5. Қорытындылау кезеңі:
Не білдік? Не үйрендік? Не білгім келеді?
- Қыс туралы өлең айтқызу.
6. Мадақтау. Бағалау.
7. Үйге: Қыс өлеңін жаттау. Қыс тақырыбына мақал-мәтел жазу.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі