Семей қаласы
«№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ
Информатика пәнінің мұғалімі
Тусупханова Айнаш Кенесбековна
Пәні: Инфоматика |
Мектеп: «№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ |
|
Күні: 16.01.2017 ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Тусупханова А.К. |
|
Сыныбы: 5 «Б» |
Қатысқан оқушылар саны:___ |
Қатыспаған оқушылар саны:__ |
Сабақ тақырыбы: |
Практикалық жұмыс (Paint графикалық редакторы тарауы бойынша) |
|
Сабақтың мақсаттары: |
Оқушыларды Paint графиктік редакторы бойынша алған білімдерін пысықтайды, қайталайды.Оқушылардың білімін кеңейтеді, компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдайды; оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі дамиды; жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиеленеді. |
|
Күтілентін нәтижесі: |
Суретке мәтін енгізеді, бейнелену масштабын, түс палитрасын өзгерте алады; Компьютерлік технологияның мүмкіншіліктерін ақпарат пішінін өзгертуде қолдана алады; Басқа пәндерде қолдануға болатын әр түрлі графикалық құжаттар дайындайды. |
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Үлестірмелі материалдар, АКТ, Маркер, |
|
Пәнаралық байланыс: |
Геометрия, бейнелеу өнері, қазақ тілі, ағылшын тілі. |
|
Оқыту әдістері: |
«Миға шабуыл» әдісі, «Сөзімді аяқта» ойыны, тәжірбиелік тапсырма, «Көзге арналған жаттығулар», «сәйкестендіру» кестесі, «Техникалық диктант», АКТ арқылы бейне жазба. |
Топтық жұмыс |
Дерек көздері: |
Оқулық Информатика 5-сынып Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов-Астана: Арман- ПВ 2013жыл |
|
Тапсырмалар: |
І. Үй тапсырмасын сұрау. |
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 минут)
Сыныпты топқа бөлу (әртүрлі геометриялық фигуралар арқылы) (2 минут)
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға әртүрлі геометриялық фигураларды таңдауға беру |
Оқушылардың мұндағы мақсаты әртүрлі геометриялық фигуралар арқылы өз жұптарын тауып, оқушылар топқа бөлінеді. |
Бағалау критерийлерімен таныстыру (топбасшысының қадағалауымен смайликтер тарату) (1 минут)
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау критерийлерімен таныстыру
|
Бағалау критерийімен танысады. |
I. Үй тапсырмасын сұрау «Миға шабуыл» әдісі арқылы (5 минут)
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру, Өткен тақырып арналған үй тасырмасын қайталауға сұрақтар жасалып, интерактивті тақтада көрсетіледі. 1-топ 2-топ Редакторды іске қосу командалары... (Іскеқосу→ Барлық программалар→ Стандартты→ Paint /Пуск→ Всепрограммы→ Стандартные→ Paint/) 3-топ Тышқанның оң батырмасымен сурет салуға болама? (Болады, бұл кезде сурет фондық түспен салынады) |
Мұғалім берген тапсырманы орындау Слайдта жазылған барлық қайталау сұрақтары мен тапсырмалар интерактиті тақтамен беріліп, әр топ өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді. |
II. Ой қозғау «Сөзімді аяқта» ойыны (5 минут)
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы өткен тақырыпты еске түсіруге байланысты бірненше тапсырмалар беру слайд арқылы, ол тапсырма аяқталмаған. 1-топ Раint - ағылшынша .... мағна береді 2-топ Раint – ... жұмыс істеуге арналған графикалық редактор. 3-топ Графикалық редактор - деп ... |
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру. Топпен жұмыс жасау Раint - ағылшынша сурет, сурет салу. Раint – бұл растрлық (нүктелерде тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор. Графикалық редактор - графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа
|
ІІI. Мағынаны ашу. Жаңа сабақ (Компьютерде практикалық жұмыс) (10-минут)
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Қауіпсіздік техникасын естен шығармайық! |
|
Өзің орында! №1 тапсырма 1. Берілген фигуралардан жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал. Бір көзіңмен «кідір» дейді, Бір көзім «жүгір» дейді. Бір көзім «абайла» дейді «Қарап ал маңайға» дейді (Бағдаршам) №2 тапсырма: Қақаған қыста, №3 тапсырма: Күндіз кірер «інге», №4 тапсырма: геометриялық фигураларды пайдаланып сурет сал. №5 тапсырма: Барлық құралдарды пайдаланып, төмендегі суретті салыңыз. |
Оқушылар компьютерде Paint программасын Іскеқосу→ Барлықпрограммалар→ Стандартты→ Paint (Пуск→ Всепрограммы→ Стандартные→ Paint) қосып, құралдарын пайдалана отырып, сурет салады, Файл => Сохранить командасын орындап сақтайды.
|
IV. Сергіту сәті: «Көзге арналған жаттығулар» (3 минут)
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Сергіту сәтін ұйымдастыру қадағалау. |
Оқушылар интербелсенді тақтаға қарап, жаттығуды орындайды. |
V. Топпен жұмыс. Редактордың құралдарын сәйкестендіріңіз. (5 минут)
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Топтарға өткен сабақты толық меңгерту мақсатында тапсырмалар беріледі |
Құралдардың атауын табады, сәйкестендіреді |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Техникалық диктант Paint бұл _________редактор. Paint графикалық редакторында _____түспен сурет салынады. Олар ____________түстер. Paint графикалық редакторында құралдар ______бөлікке бөлініп орналасқан. Paint графикалық редакторының тақырып жолында ______________ батырмалары орналасқан.
|
Оқушылардың мақсаты берілген Техникалық диктанты үлестірмелі қағазға жазады. Техникалық диктант Paint бұл __графикалық _ редактор. Paint графикалық редакторында _екі_ түспен сурет салынады. Олар _негізгі және фондық_ түстер. Paint графикалық редакторында құралдар _жеті бөлікке бөлініп орналасқан. Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезенің тақырыбы жабу, жасыру, үлкейтіп-кішірейту батырмалары орналасқан. |
VII. Рефлексия: |
Егер саған сабақ ұнаса,барлық тапсырмаларды сәтті орыдасаң желкенін жасыл түспен боя. Егер қиындықтар болып,оларды жеңе білсең желкенді сары түспен боя. Егерқатты қиналсаң, менің көмегім қажет болса желкенді қызыл түспен боя. Қаласаң суретті толығымен боя |
VIІІ. Бағалау: |
Өзін-өзі бағалау. (2 мин) Әр тапсырма соңында топ басшысы топ мүшелерін бағалап отырады. Сабақ соңында мұғалім жиынтық баға шығарады. |
ІX. Үй тапсырмасы: |
Тақырып бойынша Эссе жазу. (2 мин) - Сабақ аяқталды! - Сау болыңыздар! |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі