Қызылсай ауылы, С.Бегендікұлы атындағы №4 орта мектеп
Мұғалім: Мукашева Узим Лесовна
Қысқа мерзімді жоспар 6 сынып
| АПТА: | 
 | Сабақ № 14 | ||||
| Информатика | 
 | 6-сынып | ||||
| Сабақтың тақырыбы: | Модель, нақты обьектінің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді. | |||||
| Сабақтың мақсаты: | Модельдеудің маңыздылығын және оның қажеттілігін түсіндіру. Модельдеудің әдістерін қарастыру. | |||||
| Күтілетін нәтижелер: | Тақырыпты түсінеді, талдайды. Модель туралы ойлап, айта алады Қосымша материалдармен жұмыс жасайды. Құнды пікір айтуға үйренеді. Сабақ бойындағы іс-әрекетін бағалай алуға үйренеді;. | |||||
| Негізгі идея | АКТ арқылы сабақтың тақырыбын ашу. Топпен жұмыс жасау барысында бірлескен жұмыс атмосферасын құру, бірін-бірі тыңдау, бағалау көзделеді. | |||||
| Сабақтың формасы: | Жұптық, топтық, жеке, ұжымдық. | |||||
| Керекті жабдықтар: | Бейнепроектр, маркер,суреттер,жұмыс дәптері, оқулық, интерактивті тақта, стикерлер,А3 парағы. | |||||
| 
 Тапсырма түрлері | Мағынаны тану: «Ой ағыны» Шығармашылық жұмыс:  «Айла — алтау, Сергіту сәті: Ой қорыту(топтық жұмыс): «Кім жылдам» | Ойлау қабілеттері дамиды Жазу шапшаңдығы дамиды,есепті программа тілінде жаза біледі. Көңілдерін көтеріп,бір серпіліп алады. Бүгінгі тақырыпты меңгергенін байқайды | ||||
| 
 Міндеттері 
 
 | Модель туралы ақпаратты білу. Оқушылардың әртүрлі тапсырмалар арқылы ой-өрістерін дамыту; Теорияны практика жүзінде жүзеге асыру; Сыныпты топпен жұмыс жасауға үйрету. | |||||
| Сабақтың барысы: 1)Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу; Амандасу тренингі ә) Оқушыларды топқа бөлу: | ||||||
| Сабақ кезеңдері | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушының іс- әрекеті | Уақыты | |||
| 
 
 
 Кіріспе 
 
 | 2) Үй тапсырмасын тексеру   1. Адамдар модельдің бейнесін қалай елестетеді? (кө алдына) | 
 Жұмыс дәптерлерін ашып, дұрыс-бұрыстығын тексереді. | 2 мин | |||
| Негізгі бөлім 
 | «Ой ағыны» (Мағынаны тану) Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктеуге болады. 1. Қолдану аймағы бойынша 1. Қолдану аймағы бойынша жіктелуі:     Оқыту модельдері –  үйрету, оқыту барысында қолданылады. Әртүрлі жаттықтырушылар, көрнекі құралдар, оқыту бағдарламалары. 2. Уақыт факторы бойынша жіктелуі : Статикалық модельдер – нақты бір уақыт аралығында,болып жатқан өзгерістерді елеп ескермейтін нысанды Мұндай модельдерде уақыт факторы болмайды. Мысалы: Оттегі және сутегінен құрылған су молекуласының суреті немесе макеті. 
 Мысалы: Зертханада өткізілетін химиялық тәжірибе динамикалық модельге жатады. 3. Білім саласына қарай жіктелуі. Бұған келесі модельдерді жатқызуға болады: физикалық, химиялық, географиялық, тарихи, социологиялық, экономикалық, математикалық т.б. 
 4. Модельдің көрсету тәсіліне қарай жіктелуі: Көрсетілу тәсіліне қарай модельдер 2 түрге бөлінеді: 1. Материалдық (заттық немесе натуралық). 2. Ақпараттық (абстракты) Материалдық модельдер – түпнұсқаның физикалық және геометриялық қасиеттерін көрсетеді. Ақпараттық модель - нысанның қасиеттерін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сырқы ортамен өзара байланыс болып табылады. Бұл тәсіл қоршаған ортамен теориялық түрде танысу әдісі болып табылады.Материалдық модельдердің қарапайым мысалдары: ойыншықтар, сабақтарда пайдаланылатын адам қаңқасы, глобус, әр түрлі сұлбалар, физикалық, химиялық тәжірибелер. Абстракты (материалдық емес) модельдер көбінесе ақпараттық модельдер деп аталады. | Дәптерлерін ашып, күннің жадын, сабақ тақырыбын жазады. Модель анықтамасын жазады. 
 | 6 мин 
 | |||
| 
 | «Айла — алтау, Оқушылар оқулықтарындағы берілген тапсырма бойынша модельдің орындалу реттерін дәптерлеріне жазады. А-деңгейі: Оқулықтың 46 бетіндегі молекуланың графикалық моделін Paint графикалық редакторында сал және молекула туралы 4 шумақ өлең жолдарымен әрле. В-деңгейі: Оқулықтың 46 бетіндегі Глобустың графикалық моделін Paint графикалық редакторында сал және глобус туралы 4 шумақ өлең жолдарымен әрле. С-деңгейі: Оқулықтың 46 бетіндегі Көпқабатты үйдің графикалық моделін Paint графикалық редакторында сал және құрылыс туралы 4 шумақ өлең жолдарымен әрле. Сергіту сәті: | Қол шапалақтау. (3 рет қол соғу). 
 Қол шапалақтау. (3 рет қол соғу). 
 
 Қол шапалақтау. (3 рет қол соғу). Көңіл көтеру, серпілу | 
 10 мин 
 10 мин 
 10 мин 2 мин | |||
| Ой қорыту | «Кім жылдам» (Бекіту сұрақтары)    1. Модель деген не? | 2 мин | ||||
| Бағалау | Оқыту үшін бағалау (формативті) - (бағалау парақшалары арқылы өз-өздерін бағалау, топты бағалау) | Бағалау парақшасын толтырады. | 1 мин | |||
| Рефлексия | Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар. | «Смайликтер» арқылы бүгінгі сабақ туралы пікірін білдереді | 
 1 мин | |||
| Үйге тапсырма | § 3,6. Модель-нақты нысанның маңызды қасиеттерін бейнелеу. Үйге: Өздерің ойлаған бір модель суретін салып келу. | Жұмыс дәптерлеріне жазып алады. | 1 мин | |||
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі