Өлең, жыр, ақындар

Бастауыш

Пәннің аты

Уақыты:08,11

Кабинет:4

Мұғалім

Сабақтың атауы

Бастауыш

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты:сөйлем мүшелері туралы түсінік беру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту, негізгі мәселерді қайта жаңғырту,  қызығушылығын ояту;

    Сабақтың әдісі:  топтастыру, сұрақ – жауап, ізденушілік, талдау.

    Көрнекілік: тірек сызбалар, жетондар, көмекші құралдар.

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Бірінші топ – «Алғырлар». Оларға талдауға берілетін бастауышқа байланысты сөйлемдер.

  1. Құрмаш (кім?) бұл сөзге көнбеді. (зат есімнен жасалып тұр)
  2. Екеуі (кім?) қайтадан Қараадырға бет қойды. (сан есім)
  3. Бүгін бұлар (кімдер?) Қарашоқыдағы Күнкенің аулына да жетпек. (сілтеу есімдігі)

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға байланысты сөйлемдер.

  1. Ол – күзетші жас жігіт Кәрібжан айтқан ән. (бастауыш ІІІ жақтағы жіктеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен жасалып тұр).
  2. Бес жердегі бес – жиырма бес. (бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен жасалып тұр).

Қосымша қойылатын сұрақтар:

Бастауыштың анықтамасы, олардың жасалу жолдарын сұрау.

Екінші топ – «Сайыпқырандар». Оларға талдауға берілетін баяндауышқа байланысты сөйлемдер.

  1. Енді кішкене жүрсек, өтіп те кетеміз. (етістіктен жасалған)
  2. Сиыр – төрт жүз, жылқы – мың үш жүз. (сан есімнен жасалып тұр)
  3. Жүрісте, отырыста Құнанбай әлі тіп-тік. (сын есім)

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға байланысты сөйлемдер.

  1. Қуаты – ақындық, үміті – халық. (бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалып тұр)
  2. Бұл – Бәкен. (бастауыш сілтеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен жасалып тұр).

Қосымша қойылатын сұрақтар:

Баяндауыштың анықтамасы, олардың жасалу жолдарын сұрау.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Екінші кезең: «Кім көп біледі?» Мақал – мәтел айтудан жарыс.

Бірінші топқа

  1. Алып (анадан) туады. 2. Ұстазыңды ұлы әкеңдей (сыйла). 3. Гүл өссе жердің (көркі), қыз өссе елдің (көркі). 4. (Жақсы) ат - жанға серік.        5. (Отан үшін)  отқа түс.

Екінші топқа

  1. Шешен кісі (сөз) бастар, адал кісі (ел) бастар. 2. Жақсының (ашуы) жібек орамал кепкенше. 3. Ат сүрінбей (жер) танымас. 4. (Әдепті) бала – арлы бала, (әдепсіз) бала – сорлы бала. 5. (Оқу) – білім бұлағы, (білім) – өмір шырағы.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз